Осы қағиданы ұстанған ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекеме қызметкерлері Қызылорда қалалық төтенше жағдайлар басқармасымен бірлесе отырып, тактикалық оқу-жаттығу өткізді.
Дабыл қағылған сәттен бастап, дамыл таппайтын жеке құрам қызметкерлері бұл жолы да жүйелі жұмыстың үлгісін көрсетті. Өртті өршітпеудің алдын алып, құрал-жабдықты дұрыс қолдануға мән берді. Демек, қызметкерлер қауіптің бетін қайтаруда қауқарлы болуды қаперден шығармайды деген сөз.
– Төтенше жағдайға дайын болу – күнделікті қызметіміздің ажырамас бөлігі. Өйткені, қауіптің қашан және қай жерден келетінін болжау мүмкін емес. Сондықтан, жеке құрамның дайындығын тұрақты түрде жетілдіріп отыруға баса мән береміз. Оқу-жаттығу өз мақсатына жетіп, қызметкерлердің тәжірибесін толықтыра түсті. Жоспар бойынша дайындықты күшейту жұмысын жүйелі түрде жүзеге асыра бермекпіз. Бір мақсат жолында ұйыссақ, қауіпсіздіктің берік қалқаны қалыптасатыны анық, — дейді Режим және күзет бөлімінің ВӨК инспекторы, әділет кіші лейтенанты Қ.Дүкенбаев.
З.Қонысжан









