Іс-шара барысында есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымына қатысты қолданыстағы заңнама талаптары мен құқықтық жауапкершілік мәселелері кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, есірткінің адам денсаулығына, отбасы мен қоғамға тигізетін зияны, құқық бұзушылықтың алдын алу және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы жөнінде жан-жақты ақпарат берілді.
Мұндай профилактикалық кездесулердің басты мақсаты – есірткі қылмыстарының алдын алу, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қоғамда есірткіге қарсы берік көзқарас қалыптастыру.
Есірткіге – жол жоқ! Салауатты өмір – саналы таңдаудың кепілі!









