• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сенбі, 17 қазан, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Қазалы теміржол вокзалы: тарихи ғимараттың жаңа келбеті

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясының құрылыс жөніндегі басқарушы директоры Марат Искалиев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы-ректор Наурызбай Байқадамов, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары қайта жаңғыртудан өткен Қазалы теміржол вокзалының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты,-деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

28.06.2026
in Қоғам
0
495
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Аймақ басшысы аудан тұрғындарын құттықтап, жол-көлік инфрақұрылымын дамытудағы бастамалар, оларды жүзеге асырудың маңыздылығы туралы айтты.

«Сыр өңірі тоғыз жолдың торабында орналасқандықтан аймағымыздан халықаралық және өңіраралық теміржол бағыттарымен мыңдаған жолаушы, шетелдік туристер қатынайды.

Бүгін біз ғасырдан астам тарихы бар Қазалы теміржол вокзалын ресми түрде іске қосамыз. Күніне 350 жолаушы келіп-кететін, аумағы 8 860 шаршы метр ғимарат 1 млрд. 290 млн.теңгеден астам қаржыға қайта жаңғыртылды. Жаңа нысанда аудан тұрғындары мен қонақтарына сапалы қызмет көрсетіледі деп сенемін», — деді МҰРАТ НӘЛҚОЖАҰЛЫ. .

Ашылу салтанатында Марат Искалиев пен Қазалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбанов сөз сөйлеп, теміржол саласында еңбек етіп жүрген қызметкерлер мен мердігер мекеме өкілдері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасымен еліміздегі 124 вокзал жаңғыртылып жатыр.

Қызылорда облысының аумағындағы вокзалдар өткен ғасырдың басындағы «Орынбор-Ташкент» магистралі жүргізілген кезеңде салынған. Тарихи ғимараттарды жаңғыртылатын нысандар тізіміне енгізу сол кездегі облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлының бастамасымен жүзеге асты. Барлық аудан орталығындағы және Төретам, Сексеуіл станцияларындағы вокзалдарды, Жаңақорған ауданындағы Талап бекетінің платформасын жаңғыртуға 10 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінді.

Қазалы теміржол вокзалы – жай нысан емес, ғасырлық тарихтың куәсі, ауданның өсіп-өркендеу жолындағы маңызды символдардың бірі. Іргетасы ХХ ғасырдың басында Ақирек тауынан қашалып, түйе керуенімен жеткізілген тастан қаланған екен. Қабырғасы күйдірілген кірпіштен өрілген. Ерекше сәулетімен дараланған бұл ғимарат 1980 жылы архитектуралық ескерткіш ретінде арнайы есепке алынған.

Бүгінде Қазалы ауданының аумағында 91 шақырым теміржол желісі бар, тәулігіне 12 жолаушылар пойызы өтеді.

Соңғы рет 2013 жылы жөндеуден өткен. Былтыр сәуір айында «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясының қаржыландыруымен «Бақ Береке» ЖШС ғимараттың іргетасы мен қабырғаларын күшейтіп, шатырын толық жаңартты. Есік-терезелерін ауыстырып, күту залдарын заманауи талаптарға сай жабдықтады. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы орта жасалып, қауіпсіздік жүйелері орнатылды. Ана мен бала бөлмесі, медициналық пункт бар. Аумағы абаттандырылып, жаңа келбетке ие болды. Маңындағы инфрақұрылымды жақсарту бағытында да ауқымды жұмыстар атқарылды. Биыл қаңтар айында теміржол үстіндегі жаяу жүргіншілер көпірі пайдалануға берілді.

Осылайша Әйтеке би кентінің теміржолдың арғы бетінде тұратын 13 мыңнан астам тұрғыны үшін қауіпсіз әрі ыңғайлы қатынау мүмкіндігі жасалды.

default

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алдыңғы мақала

Қазалыда жаппай сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды

Келесі мақала

Облыс әкімі Шиелі теміржол вокзалының ашылуна қатысты

Оқи отырыңыз

Жаңа Конституция: адвокатураның конституциялық мәртебесі, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және заңдардың кері күшіне жол бермеу
Құқық

Жаңа Конституция: адвокатураның конституциялық мәртебесі, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және заңдардың кері күшіне жол бермеу

Теңге Қазақстанның ұлттық валютасы ретінде конституциялық мәртебеге ие болды
Әлеумет және экономика

Теңге Қазақстанның ұлттық валютасы ретінде конституциялық мәртебеге ие болды

Жасанды интеллект дәуіріндегі конституциялық кепілдіктер: Қазақстан азаматтарының деректерін қорғаудың жаңа кезеңі
Қоғам

Жасанды интеллект дәуіріндегі конституциялық кепілдіктер: Қазақстан азаматтарының деректерін қорғаудың жаңа кезеңі

Аймақтың көлік инфрақұрылымындағы маңызды нысан
Қоғам

Аймақтың көлік инфрақұрылымындағы маңызды нысан

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Өзекті жаңалықтар

Қазалыда көпқабтты тұрғын үйлердің шатыры жөнделуде
Әлеумет және экономика

Қазалыда көпқабтты тұрғын үйлердің шатыры жөнделуде

0

Бұл жұмыстардың негізгі мақсаты – аудан тұрғындарына жайлы өмір сүру жағдайын жасау, көпқабатты тұрғын үйлердің техникалық жағдайын...

Өндірістік және инвестициялық жобалардың жұмыс қарқыны сараланды

Өндірістік және инвестициялық жобалардың жұмыс қарқыны сараланды

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалыда көпқабтты тұрғын үйлердің шатыры жөнделуде
  • Өндірістік және инвестициялық жобалардың жұмыс қарқыны сараланды
  • Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады
  • Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті
  • Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі