• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сенбі, 17 қазан, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Құқық

Заң үстемдігі – мемлекеттік саясаттың негізгі басымдығы

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті,-деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

29.06.2026
in Құқық
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Күн тәртібінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың және масаң күйде жасалатын құқықбұзушылықтың алдын алу, зардап шеккендерді қорғауда атқарылған жұмыстар, өңірдегі сыбайлас жемқорлық ахуалы және алдын алу үшін қабылданған шаралар, әлеуметтік саладағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері қаралды.

Мемлекет басшысы «Сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресу – біздің саясатымыздағы негізгі басымдықтың бірі» деп атап өтті. «Заң үстемдігін орнықтырып, құқықтық мемлекет құру үшін ең алдымен, сыбайлас жемқорлықтың барлық көріністеріне тосқауыл қою керек» деген міндет қойды.

Аймақ басшысы осы талаптар өңірдегі барлық мемлекеттік органның қызметінде бұлжытпай орындалуға тиіс екенін атап өтті.

«Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заңды қызметкерлерге түсіндіріп, оның талаптарын мүлтіксіз сақтау керек. Медициналық ұйымдардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін қайта зерделеп, рәсімдерді кезең-кезеңімен автоматтандыруға қатысты нақты ұсыныстар енгізуді тапсырамын.

Денсаулық сақтау саласына халықтың сенімі бәрінен маңызды. Сондықтан басқармаға қарасты барлық медициналық ұйымда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуды түбегейлі күшейтіп, әрбір бас дәрігердің жеке жауапкершілігін арттыру керек. Бірде-бір заң бұзушылық пен негізді шағым бақылаусыз қалмауы тиіс», – деді МҰРАТ НӘЛҚОЖАҰЛЫ.

Сонымен қатар, масаң күйде жасалатын құқықбұзушылықтың алдын алуда ведомствоаралық жұмысты жандандырып, алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымына бақылауды күшейту тапсырылды.

Қылмыс деңгейі жоғары елді мекендерде «Ішімдіксіз ауыл» жобасын кеңейту үшін жергілікті ақсақалдар, қоғамдық кеңестер, учаскелік полиция инспекторлары және қоғам белсенділері нақты профилактикалық жұмыс жүргізуі тиіс.

Отбасын қолдау орталықтары, мобильді топтар және әлеуметтік қызметтерге бөлінген қаражаттың тиімді пайдаланылуын қатаң бақылау маңызды. Бұл ресурстар қолайсыз отбасыларды ерте анықтап, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталуы қажет. Осыған байланысты отбасын қолдау орталықтарының қызметін ведомствоаралық деңгейде қайта қарау жүктелді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алдыңғы мақала

Әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер мен инвестициялық жобалар талқыланды

Келесі мақала

Арал ауданының әкімі ардагер журналистке құрмет көрсетті

Оқи отырыңыз

Қазалыда көпқабтты тұрғын үйлердің шатыры жөнделуде
Әлеумет және экономика

Қазалыда көпқабтты тұрғын үйлердің шатыры жөнделуде

Өндірістік және инвестициялық жобалардың жұмыс қарқыны сараланды
Қоғам

Өндірістік және инвестициялық жобалардың жұмыс қарқыны сараланды

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады
Қоғам

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті
Мәдениет

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Өзекті жаңалықтар

Қазалыда көпқабтты тұрғын үйлердің шатыры жөнделуде
Әлеумет және экономика

Қазалыда көпқабтты тұрғын үйлердің шатыры жөнделуде

0

Бұл жұмыстардың негізгі мақсаты – аудан тұрғындарына жайлы өмір сүру жағдайын жасау, көпқабатты тұрғын үйлердің техникалық жағдайын...

Өндірістік және инвестициялық жобалардың жұмыс қарқыны сараланды

Өндірістік және инвестициялық жобалардың жұмыс қарқыны сараланды

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалыда көпқабтты тұрғын үйлердің шатыры жөнделуде
  • Өндірістік және инвестициялық жобалардың жұмыс қарқыны сараланды
  • Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады
  • Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті
  • Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі