• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Дүйсенбі, 24 тамыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Құқық

Құқық бұзушылық профилактикасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша комиссия отырысы өтті

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі комиссия және облыс әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырыстары өтті. Комиссия отырыстарына аудан әкімі Алмасбек Есмаханов селекторлық режим арқылы қатысты,-деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

30.06.2026
in Құқық
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Облыс әкімі тарапынан берілген тапсырмалар мен көтерілген мәселелерді аудан көлемінде нақтылау мақсатында аудан әкімі Алмасбек Есмаханов аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссиялардың кезекті отырыстарын өткізді.

Алғашқы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі комиссия отырысында 2026 жылдың алғашқы 6 айындағы құқық бұзушылық деңгейі сараланып, жекелеген қылмыс түрлері бойынша өсім көрсеткіштері талқыланды. Атап айтқанда, интернет алаяқтық, алаяқтық, аса ауыр қылмыстар және меншікке қарсы құқық бұзушылықтардың арту себептері жан-жақты қаралды.

Аудан әкімі құқық қорғау органдарымен қатар кент, қала және ауылдық округ әкімдеріне құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Әсіресе азаматтар арасында масаң күйде жасалатын құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында «Ішімдіксіз ауыл» жобасы жайында тұрғындарға кеңінен түсіндірме жұмыстарын жандандыру, оған жергілікті ақсақалдар, қоғамдық кеңес мүшелерін, учаскелік полиция инспекторланын белсенді жастарды жұмылдыру, профилактикалық рейдтер ұйымдастыру, интернет алаяқтық пен мал ұрлығының алдын алу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізу қажеттігін атап өтті.

Комиссия барысында аудан әкімі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Заң мен тәртіп» қағидаты – қоғам тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің негізгі кепілі екендігі туралы айтқан тапсырмалары басшылыққа алынатынын ерекше атап өтті.

Келесі кезекте аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысына жалғасты.

Күн тәртібінде білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бағытында атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер қаралды.

Аудан әкімі білім беру ұйымдарында ашықтық пен әділдік қағидаттарын қатаң сақтау, қызметкерлерді марапаттау, кадрлық шешімдер қабылдау барысында заң талаптарының мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар білім беру ұйымдары мен балабақшаларда құқықтық түсіндіру жұмыстарының тұрақты жүргізілуін тапсырды.

Денсаулық сақтау саласы бойынша медициналық қызмет көрсету сапасы, азаматтарды жұмысқа қабылдау, еңбекке жарамсыздық парақтарын рәсімдеу, квота бөлу мен өзге де мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу мәселелері көтерілді.

Жиын қорытындысында аудан әкімі барлық дербес бөлім басшыларына, кент, қала және ауылдық округ әкімдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша нақты ұсыныстар енгізуді, мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мен мерзімдерін тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

Сондай-ақ, жауапты сала басшыларына тұрғындардың өтініштерін заңнама талаптарына сәйкес уақтылы қарау, әлеуметтік желілер арқылы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жандандыру жүктеді.

Жиын соңында аудан басшысы «Әділетті Қазақстан», «Заң мен тәртіп» қағидаттарын жүзеге асыру – барша мемлекеттік қызметшілердің ортақ міндеті екенін атап өтті.

 

 

Алдыңғы мақала

Арал ауданының әкімі ардагер журналистке құрмет көрсетті

Келесі мақала

Тергеушілер азаматтардың құқықтық сауаттылығына аса мән береді

Оқи отырыңыз

Шетелде білім алып жүрген жерлесіміз өз таңдауын жасады
Қоғам

Шетелде білім алып жүрген жерлесіміз өз таңдауын жасады

Қызылорда: Ғарышкер кейпіндегі ерекше сайлаушы
Саясат

Қызылорда: Ғарышкер кейпіндегі ерекше сайлаушы

Сайлау күні – жәрмеңкеге де жол түсті
Қоғам

Сайлау күні – жәрмеңкеге де жол түсті

Құрылтай сайлауында Бимұратовтар отбасы өз таңдауын жасады
Қоғам

Құрылтай сайлауында Бимұратовтар отбасы өз таңдауын жасады

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Құрылтай сайлауында Бимұратовтар отбасы өз таңдауын жасады

Қызылорда облысында Ұлы Отан соғысының ардагері Яхия Тасыров дауыс берді

Қызылордада «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Қызылордада үй кезегіндегі тұрғындарға 90 пәтердің кілті табысталды

Спорт күні кең колемде аталып өтті

Заң мен тәртіп – ортақ қағида

Өзекті жаңалықтар

Шетелде білім алып жүрген жерлесіміз өз таңдауын жасады
Қоғам

Шетелде білім алып жүрген жерлесіміз өз таңдауын жасады

0

Лаура Асқарқызының айтуынша, қай елде жүрсе де, әрбір азамат үшін Қазақстанның болашағы маңызды. — Шетелде оқып жатқанымызға...

Қызылорда: Ғарышкер кейпіндегі ерекше сайлаушы

Қызылорда: Ғарышкер кейпіндегі ерекше сайлаушы

Сайлау күні – жәрмеңкеге де жол түсті

Сайлау күні – жәрмеңкеге де жол түсті

Құрылтай сайлауында Бимұратовтар отбасы өз таңдауын жасады

Құрылтай сайлауында Бимұратовтар отбасы өз таңдауын жасады

Қызылорда облысында Ұлы Отан соғысының ардагері Яхия Тасыров дауыс берді

Қызылорда облысында Ұлы Отан соғысының ардагері Яхия Тасыров дауыс берді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Шетелде білім алып жүрген жерлесіміз өз таңдауын жасады
  • Қызылорда: Ғарышкер кейпіндегі ерекше сайлаушы
  • Сайлау күні – жәрмеңкеге де жол түсті
  • Құрылтай сайлауында Бимұратовтар отбасы өз таңдауын жасады
  • Қызылорда облысында Ұлы Отан соғысының ардагері Яхия Тасыров дауыс берді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі