• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Дүйсенбі, 24 тамыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Сырдарияда ақпарат саласының өкілдеріне құрмет көрсетілді

Бүгін "Руханият" орталығында аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың қатысуымен Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай салтанатты іс-шара өтті,-деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

30.06.2026
in Қоғам
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Іс-шара аясында ақпарат саласының тарихы мен бүгінгі тыныс-тіршілігін танытатын кітаптар, архивтік фотосуреттер мен мерзімді басылымдар қойылған тақырыптық көрме ұйымдастырылды.
Аудан әкімі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қоғам өміріндегі орны мен ел дамуына қосып жүрген үлесіне ерекше тоқталды.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Қазір еліміздегі барлық бұқаралық ақпарат құралдары Қазақстанның мемлекеттілігін нығайту, елімізде жүргізіліп жатқан реформаларды халыққа жеткізу жолында күш біріктіруде» деп атап көрсетті. Жұмыс барысында жұртпен етене араласып, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын жүзеге асыруда Сіздер үлкен еңбек атқарудасыздар. Аудан айнасы саналатын 87 жылдық тарихы бар «Тіршілік тынысы» газеті ұжымының ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын, оң өзгерістер мен жағымды жаңалықтарына үнемі ақпараттық қолдау көрсетіп келеді. Бүгінгі күні аудандық басылым 3 мыңнан аса тиражбен жарық көріп, халыққа ақпарат ұсынуда 30-ға жуық қызметкер аянбай еңбек етуде. Оларға сала ардагерлері мен баспасөз саласының жанашырлары әркез қолдау білдіруде. Сондықтан меншікті басылымның еңбегін аудан халқы ерекше ықыласпен бағалайды. Ауданымыздың дамуына еңбек сіңіріп жүрген саланың ардагерлері Жұмакүл Қожағұлова мен Қазына Асықпаева биыл мерейлі 70 жасқа толып отыр. Мерейтой иелерін шын жүректен құттықтаймын! – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Салтанатты жиында ақпарат саласының дамуына үлес қосып жүрген бірқатар азаматтар облыс және аудан әкімінің «Алғыс хаттарымен» және “Сыр медиа” ЖШС басшысының “Алғыс хатымен” марапатталды. Сонымен қатар, мерейлі 70 жасқа толған сала ардагерлері Жұмакүл Қожағұлова мен Қазына Асықпаеваға құрмет көрсетілді.
Мұнан соң аудан прокурорының орынбасары Махмут Алмас құттықтау сөз сөйлеп, бірқатар сала қызметкерлерін марапаттады. Өз кезегінде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев, аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов және сала ардагерлері Мүсілім Қалмұратұлы мен Мейрамбек Шілдебаевсөз сөйлеп, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді.
Мерекелік іс-шара аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Алдыңғы мақала

Облыс әкімі қайта жаңғыртылған Жаңақорған теміржол вокзалына барды

Келесі мақала

Аудан басшысының есепті кездесуі жоғарғы деңгейде өтті

Оқи отырыңыз

Шетелде білім алып жүрген жерлесіміз өз таңдауын жасады
Қоғам

Шетелде білім алып жүрген жерлесіміз өз таңдауын жасады

Қызылорда: Ғарышкер кейпіндегі ерекше сайлаушы
Саясат

Қызылорда: Ғарышкер кейпіндегі ерекше сайлаушы

Сайлау күні – жәрмеңкеге де жол түсті
Қоғам

Сайлау күні – жәрмеңкеге де жол түсті

Құрылтай сайлауында Бимұратовтар отбасы өз таңдауын жасады
Қоғам

Құрылтай сайлауында Бимұратовтар отбасы өз таңдауын жасады

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Құрылтай сайлауында Бимұратовтар отбасы өз таңдауын жасады

Қызылорда облысында Ұлы Отан соғысының ардагері Яхия Тасыров дауыс берді

Қызылордада «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Қызылордада үй кезегіндегі тұрғындарға 90 пәтердің кілті табысталды

Спорт күні кең колемде аталып өтті

Заң мен тәртіп – ортақ қағида

Өзекті жаңалықтар

Шетелде білім алып жүрген жерлесіміз өз таңдауын жасады
Қоғам

Шетелде білім алып жүрген жерлесіміз өз таңдауын жасады

0

Лаура Асқарқызының айтуынша, қай елде жүрсе де, әрбір азамат үшін Қазақстанның болашағы маңызды. — Шетелде оқып жатқанымызға...

Қызылорда: Ғарышкер кейпіндегі ерекше сайлаушы

Қызылорда: Ғарышкер кейпіндегі ерекше сайлаушы

Сайлау күні – жәрмеңкеге де жол түсті

Сайлау күні – жәрмеңкеге де жол түсті

Құрылтай сайлауында Бимұратовтар отбасы өз таңдауын жасады

Құрылтай сайлауында Бимұратовтар отбасы өз таңдауын жасады

Қызылорда облысында Ұлы Отан соғысының ардагері Яхия Тасыров дауыс берді

Қызылорда облысында Ұлы Отан соғысының ардагері Яхия Тасыров дауыс берді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Шетелде білім алып жүрген жерлесіміз өз таңдауын жасады
  • Қызылорда: Ғарышкер кейпіндегі ерекше сайлаушы
  • Сайлау күні – жәрмеңкеге де жол түсті
  • Құрылтай сайлауында Бимұратовтар отбасы өз таңдауын жасады
  • Қызылорда облысында Ұлы Отан соғысының ардагері Яхия Тасыров дауыс берді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі