• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сенбі, 17 қазан, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Құқық

Сыбайлас жемқорлар, зорлық-зомбылық жасағандар және мас күйінде көлік жүргізгендер рақымшылық жасауға ілінбейді

Мемлекет басшысының бастамасымен қабылданған рақымшылық туралы заң – елдің жаңа Конституциясының қабылдануына орай қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған жекелеген адамдарға қатысты қабылданған ізгілік актісі. Рақымшылық қоғамға қауіп төндірмейтін, адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоғамдық қауіпсіздікке және заңмен қорғалатын қоғам мен мемлекеттің өзге де маңызды мүдделеріне зиян келтіретін қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған адамдарға қолданылады.

01.07.2026
in Құқық
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан негізінен қылмыстық теріс қылықтар, онша ауыр емес қылмыс жасаған адамдар, сондай-ақ келтірілген залал болмаған немесе толық өтелген жағдайда орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған жекелеген санаттағы адамдар босатылады. Заңға сәйкес, сотталғандардың белгілі бір санатына жасалған қылмыстың ауырлығы, келтірілген залалдың өтелуі және жазаны өтеу кезеңіндегі мінез-құлқы ескеріле отырып, жазаның өтелмеген бөлігінің мерзімі қысқартылады. Алдын ала есеп бойынша, 16,5 мыңнан астам адам жаңа өмір бастауға мүмкіндік алады. Олардың 2 900-ге жуығы әйел адамдар, оның ішінде жүкті әйелдер мен кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған аналар. Рақымшылық қоғамдық тәртіптің немесе азаматтардың қауіпсіздік деңгейінің төмендеуіне әкелмейді. Өйткені Заң сыбайлас жемқорлық, терроризм және экстремизм қылмыстарын, жыныстық еркіндік пен қол сұғылмаушылыққа қарсы, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстарды, азаптауды, қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыстарды, сондай-ақ қылмысты қайталап немесе аса қауіпті қайталап жасаған адамдарға ешқандай жеңілдік қарастырмайды. Сондай-ақ өмір бойына бас бостандығынан айырылғандар мен сырттай сотталғандар да рақымшылыққа ілінбейді. Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет өткізілетін әкімшілік рақымшылық Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 260-тан астам бабында көзделген құқық бұзушылықтар үшін салынған айыппұлдарды төлеуден босатуды көздейді. Тек ішкі істер органдары қарайтын әкімшілік құқық бұзушылықтардың өзіне қатысты 17 млрд теңгеден астам сомаға салынған шамамен 1 миллион айыппұл рақымшылыққа ілігеді. Осылайша, әкімшілік рақымшылық азаматтардың қаржылық жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар әкімшілік рақымшылық ең өрескел құқық бұзушылықтарды жасаған адамдарға қолданылмайды. Олардың қатарында қару мен есірткінің заңсыз айналымына байланысты құқық бұзушылықтар, жол жүрісі қағидаларын өрескел бұзу (мас күйінде көлік жүргізу, қарсы қозғалыс жолағына шығу және жүргізуші куәлігінен айыруға әкеп соққан басқа да бұзушылықтар), сондай-ақ құқық бұзушылықты қайталап жасаған адамдар бар. Әкімшілік рақымшылық мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы автоматты түрде жүзеге асырылады. Бұл үшін азаматтардың мемлекеттік органдарға жүгінуі талап етілмейді. Айта кету қажет, қылмыстық және әкімшілік рақымшылық бір реттік сипатқа ие. Егер рақымшылыққа ілінген адам кейін қайтадан құқық бұзушылық жасаса, ол жалпы негізде заң алдында жауап береді. Қабылданған Заң ізгілік, әділеттілік және аса қауіпті құқық бұзушылықтар үшін жауапкершіліктің бұлтартпастығы қағидаттарының теңгерімін қамтамасыз ете отырып, азаматтардың құқықтарын, қоғам мен мемлекеттің заңды мүдделерін қорғауға басымдық береді.

Алдыңғы мақала

Адами капиталды дамыту мемлекеттің стратегиялық басымдығына айналды – Қазақстанның жаңа Конституциясы күшіне енді

Келесі мақала

Қазалыда Жаңа конституцияның күшіне енуі аясында президент тапсырмаларының орындалу барысы қаралды

Оқи отырыңыз

Қазалыда көпқабтты тұрғын үйлердің шатыры жөнделуде
Әлеумет және экономика

Қазалыда көпқабтты тұрғын үйлердің шатыры жөнделуде

Өндірістік және инвестициялық жобалардың жұмыс қарқыны сараланды
Қоғам

Өндірістік және инвестициялық жобалардың жұмыс қарқыны сараланды

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады
Қоғам

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті
Мәдениет

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Өзекті жаңалықтар

Қазалыда көпқабтты тұрғын үйлердің шатыры жөнделуде
Әлеумет және экономика

Қазалыда көпқабтты тұрғын үйлердің шатыры жөнделуде

0

Бұл жұмыстардың негізгі мақсаты – аудан тұрғындарына жайлы өмір сүру жағдайын жасау, көпқабатты тұрғын үйлердің техникалық жағдайын...

Өндірістік және инвестициялық жобалардың жұмыс қарқыны сараланды

Өндірістік және инвестициялық жобалардың жұмыс қарқыны сараланды

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалыда көпқабтты тұрғын үйлердің шатыры жөнделуде
  • Өндірістік және инвестициялық жобалардың жұмыс қарқыны сараланды
  • Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады
  • Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті
  • Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі