• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Дүйсенбі, 24 тамыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Құқық

Рақымшылық жасау қоғамға қауіп төндірмейтін адамдарға ғана қолданылады – Президент заңға қол қойды

Мемлекет басшысының бастамасымен қабылданған рақымшылық туралы заң – елдің жаңа Конституциясының қабылдануына орай қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған жекелеген адамдарға қатысты қабылданған ізгілік актісі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

01.07.2026
in Құқық
0
491
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Рақымшылық қоғамға қауіп төндірмейтін, адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоғамдық қауіпсіздікке және заңмен қорғалатын қоғам мен мемлекеттің өзге де маңызды мүдделеріне зиян келтіретін қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған адамдарға қолданылады. Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан негізінен қылмыстық теріс қылықтар, онша ауыр емес қылмыс жасаған адамдар, сондай-ақ келтірілген залал болмаған немесе толық өтелген жағдайда орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған жекелеген санаттағы адамдар босатылады. Заңға сәйкес, сотталғандардың белгілі бір санатына жасалған қылмыстың ауырлығы, келтірілген залалдың өтелуі және жазаны өтеу кезеңіндегі мінез-құлқы ескеріле отырып, жазаның өтелмеген бөлігінің мерзімі қысқартылады. Алдын ала есеп бойынша, 16,5 мыңнан астам адам жаңа өмір бастауға мүмкіндік алады. Олардың 2 900-ге жуығы әйел адамдар, оның ішінде жүкті әйелдер мен кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған аналар. Рақымшылық қоғамдық тәртіптің немесе азаматтардың қауіпсіздік деңгейінің төмендеуіне әкелмейді. Өйткені Заң сыбайлас жемқорлық, терроризм және экстремизм қылмыстарын, жыныстық еркіндік пен қол сұғылмаушылыққа қарсы, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстарды, азаптауды, қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыстарды, сондай-ақ қылмысты қайталап немесе аса қауіпті қайталап жасаған адамдарға ешқандай жеңілдік қарастырмайды. Сондай-ақ өмір бойына бас бостандығынан айырылғандар мен сырттай сотталғандар да рақымшылыққа ілінбейді. Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет өткізілетін әкімшілік рақымшылық Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 260-тан астам бабында көзделген құқық бұзушылықтар үшін салынған айыппұлдарды төлеуден босатуды көздейді. Тек ішкі істер органдары қарайтын әкімшілік құқық бұзушылықтардың өзіне қатысты 17 млрд теңгеден астам сомаға салынған шамамен 1 миллион айыппұл рақымшылыққа ілігеді. Осылайша, әкімшілік рақымшылық азаматтардың қаржылық жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар әкімшілік рақымшылық ең өрескел құқық бұзушылықтарды жасаған адамдарға қолданылмайды. Олардың қатарында қару мен есірткінің заңсыз айналымына байланысты құқық бұзушылықтар, жол жүрісі қағидаларын өрескел бұзу (мас күйінде көлік жүргізу, қарсы қозғалыс жолағына шығу және жүргізуші куәлігінен айыруға әкеп соққан басқа да бұзушылықтар), сондай-ақ құқық бұзушылықты қайталап жасаған адамдар бар. Әкімшілік рақымшылық мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы автоматты түрде жүзеге асырылады. Бұл үшін азаматтардың мемлекеттік органдарға жүгінуі талап етілмейді. Айта кету қажет, қылмыстық және әкімшілік рақымшылық бір реттік сипатқа ие. Егер рақымшылыққа ілінген адам кейін қайтадан құқық бұзушылық жасаса, ол жалпы негізде заң алдында жауап береді.

Алдыңғы мақала

Қазалыда Жаңа конституцияның күшіне енуі аясында президент тапсырмаларының орындалу барысы қаралды

Келесі мақала

Жаңа саяси кезең үлкен жауапкершілік жүктейді

Оқи отырыңыз

Желшешек аурушаңдығы төмендеді
Денсаулық

Желшешек аурушаңдығы төмендеді

Шетелде білім алып жүрген жерлесіміз өз таңдауын жасады
Қоғам

Шетелде білім алып жүрген жерлесіміз өз таңдауын жасады

Қызылорда: Ғарышкер кейпіндегі ерекше сайлаушы
Саясат

Қызылорда: Ғарышкер кейпіндегі ерекше сайлаушы

Сайлау күні – жәрмеңкеге де жол түсті
Қоғам

Сайлау күні – жәрмеңкеге де жол түсті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Сайлау күні – жәрмеңкеге де жол түсті

Құрылтай сайлауында Бимұратовтар отбасы өз таңдауын жасады

Қызылорда облысында Ұлы Отан соғысының ардагері Яхия Тасыров дауыс берді

Қызылордада «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Қызылордада үй кезегіндегі тұрғындарға 90 пәтердің кілті табысталды

Спорт күні кең колемде аталып өтті

Өзекті жаңалықтар

Желшешек аурушаңдығы төмендеді
Денсаулық

Желшешек аурушаңдығы төмендеді

0

Қызылорда облысында 2026 жыл басынан бері желшешектің 517 жағдайы тіркелген. Олардың 90,3% – 14 жасқа дейінгі балалар...

Шетелде білім алып жүрген жерлесіміз өз таңдауын жасады

Шетелде білім алып жүрген жерлесіміз өз таңдауын жасады

Қызылорда: Ғарышкер кейпіндегі ерекше сайлаушы

Қызылорда: Ғарышкер кейпіндегі ерекше сайлаушы

Сайлау күні – жәрмеңкеге де жол түсті

Сайлау күні – жәрмеңкеге де жол түсті

Құрылтай сайлауында Бимұратовтар отбасы өз таңдауын жасады

Құрылтай сайлауында Бимұратовтар отбасы өз таңдауын жасады

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Желшешек аурушаңдығы төмендеді
  • Шетелде білім алып жүрген жерлесіміз өз таңдауын жасады
  • Қызылорда: Ғарышкер кейпіндегі ерекше сайлаушы
  • Сайлау күні – жәрмеңкеге де жол түсті
  • Құрылтай сайлауында Бимұратовтар отбасы өз таңдауын жасады
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі