• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сенбі, 17 қазан, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Қазалы: 2026–2027 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық мәселесі қаралды

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмахановтың төрағалығымен 2026–2027 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық барысына арналған мәжіліс өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары, коммуналдық сала жетекшілері, мекеме басшылары және кент, қала, ауылдық округ әкімдері қатысты,-деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

01.07.2026
in Қоғам
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Мәжілісте алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары жан-жақты қаралып, тұрғындар мен әлеуметтік нысандарды қысқы кезеңде үздіксіз жылумен қамтамасыз ету бойынша нақты міндеттер айқындалды.

Өткен жылу беру маусымына аудан бойынша 17 мың тонна қатты отын қажеттілігі жоспарланған. Алайда, тұрғын үйлердің көгілдір отынға көптеп көшуіне байланысты 14,2 тонна қатты отын жеткізілді. Алдағы жылу беру маусымына 11 мың тонна қатты отын және

1,9 мың тонна сұйық отын қажеттілігі жоспарланып отыр.

Аудан әкімі жиында аймақ басшысы Мұрат Нәлқожаұлының тапсырмаларына сәйкес барлық жауапты мекемелерге жылу беру маусымына дайындықты күшейтуді тапсырды. Әсіресе білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және өзге де әлеуметтік нысандардағы қазандықтар, инженерлік желілер мен жылу жүйелерінің толық дайын болуы қажеттігін атап өтті.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жасұлан Сыдықов баяндама жасады. Баяндама барысында қатты және сұйық отын қорын жасақтау, коммуналдық инфрақұрылымның дайындығы, табиғи газға көшу жұмыстары және аудан орталығындағы проблемалық нысандардың жағдайы талқыланды.

Жиында аудан басшысы өткен жылы аудан орталығындағы ескі жатақханалардағы жылу жүйелерінде ақаулар тіркелгенін және «Мелиоратор» шағын ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің жылуына қатысты мәселелер туындағанын айтып, биыл мұндай мәселелерге жол бермеуді тапсырды.

Білім беру ұйымдарының дайындығы бойынша аудандық білім бөлімінің басшысы Әділхан Жөлекешов баяндады. Бұл ретте білім бөлімінің басшысына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан 6 мектептегі құрылыс жұмыстарын жаңа оқу жылы басталғанға дейін толық аяқтау қажеттігі ескертілді.

Денсаулық сақтау саласы бойынша аудандық ауруханаға қарасты мекемелердің дайындығы, сонымен қатар мәдениет және спорт нысандарының қысқы кезеңге әзірлігі талқыланып, Майдакөл ауылындағы жаңа клуб ғимаратының құжаттарын рәсімдеу мәселесі көтерілді. Аудан әкімі аталған нысандардың құжаттарын 1 тамызға дейін толық аяқтауды тапсырды.

Жиын барысында қатты отын тасымалдауда вагон тапшылығын болдырмау, көмір бағасын тұрақтандыру және жеткізушілермен меморандум жасау мәселелері де талқыланды.

Мәжіліс қорытындысында аудан әкімі барлық жоспарланған жөндеу жұмыстарын 2026 жылдың 1 қыркүйегіне дейін толық аяқтауды, анықталған кемшіліктерді жедел түрде жоюды және әлеуметтік нысандардың 2026–2027 жылдардағы жылу беру маусымына 100 пайыз дайын болуын қамтамасыз етуді қатаң тапсырды.

Алдыңғы мақала

Сырдарияда «Жаңа конституция – Әділетті Қазақстанның берік негізі» тақырыбында жиын өтті

Келесі мақала

Облыс әкімі “Alpecon Group” компаниясының өкілдерімен инвестициялық жобаны талқылады

Оқи отырыңыз

Қазалыда көпқабтты тұрғын үйлердің шатыры жөнделуде
Әлеумет және экономика

Қазалыда көпқабтты тұрғын үйлердің шатыры жөнделуде

Өндірістік және инвестициялық жобалардың жұмыс қарқыны сараланды
Қоғам

Өндірістік және инвестициялық жобалардың жұмыс қарқыны сараланды

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады
Қоғам

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті
Мәдениет

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Өзекті жаңалықтар

Қазалыда көпқабтты тұрғын үйлердің шатыры жөнделуде
Әлеумет және экономика

Қазалыда көпқабтты тұрғын үйлердің шатыры жөнделуде

0

Бұл жұмыстардың негізгі мақсаты – аудан тұрғындарына жайлы өмір сүру жағдайын жасау, көпқабатты тұрғын үйлердің техникалық жағдайын...

Өндірістік және инвестициялық жобалардың жұмыс қарқыны сараланды

Өндірістік және инвестициялық жобалардың жұмыс қарқыны сараланды

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалыда көпқабтты тұрғын үйлердің шатыры жөнделуде
  • Өндірістік және инвестициялық жобалардың жұмыс қарқыны сараланды
  • Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады
  • Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті
  • Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі