• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Дүйсенбі, 6 шілде, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Білім

Магистратура түлектеріне диплом табысталды

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы-ректор Наурызбай Байқадамовтың қатысуымен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің магистратура бағдарламасын тәмамдаған түлектерге диплом табыстау рәсімі өтті,-деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

04.07.2026
in Білім
0
491
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Жаңа Конституцияның қолданысқа енуі аясында өткен магистранттармен кездесуде Мұрат Нәлқожаұлы білімді, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеудің маңызына тоқталды.

Диплом иегерлері білімі мен кәсіби біліктілігін ел игілігіне бағыттап, қоғам дамуына үлес қосатынына сенім білдірді.

Өңірдегі жоғары білім мен ғылымның қарашаңырағы саналатын оқу орнын биыл 2600-ден астам түлек бітірді.

«Еліміздің ертеңі мен тірегі – Сіздер секілді жалынды жастарға үлкен жауапкершілік жүктеледі. Әділетті Қазақстанды құрудың басты қозғаушы күші де, оның жаңа белестерін бағындыратын жасампаз қуаты да – өздеріңіз.

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Біздің басты стратегиялық мақсатымыз – жоғары конституциялық қағидаттарды іске асыра алатын білімді, дені сау, зияткер әрі озық ойлы ұрпақ тәрбиелеу» деген болатын.

Сіздер жастық жігерді Тәуелсіздігіміздің тұғырын одан әрі биіктете түсуге жұмсайтындарыңызға сенемін.

Бүгінде облысымызда жаңа өндіріс орындары ашылуда, цифрландыру үдерісі жедел енгізіліп, әлеуметтік сала жаңғыртылып жатыр. Жаһандану дәуірінде креативті, жаңашыл әрі тың көзқарасы бар мамандар аса қажет.

Баласының бағын тілеген ата-ананың қуанышында шек жоқ екенін көріп тұрмын. Сіздерге көп рақмет! Ал шәкіртін шыңға шығарған профессор-оқытушыларға аймақ халқының атынан ерекше алғысымды білдіремін. Сіздер облысымыздың басты байлығы – адами капиталды қалыптастырып келесіздер.Бойларыңыздағы білім мен өнегені Отанымыз – Қазақстанның, туған жеріміз – Сыр өңірінің игілігіне жұмсай беріңіздер», – деді МҰРАТ НӘЛҚОЖАҰЛЫ.

Тоқсан жылға жуық тарихы бар университет озық идеялардың жаршысы ретінде ғылымға инновациялық жаңашылдықтарды енгізіп, бәсекеге қабілетті маман даярлау бағытындағы жұмысын табысты жалғастырып келеді.«Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары сұранысының тәуелсіз рейтингі – 2026» қорытындысыменеліміздегі көпсалалы жоғары оқу орындары арасында 7-орынға ие болды.Оқу орнының 31 білім беру бағдарламасы республикадағы үздік үштік қатарынан көрінді.

Айта кетейік, биыл университеттің бакалавриат бағдарламасын 630, ал магистратура бағдарламасын 79 түлек тәмамдады.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Алдыңғы мақала

Облыс әкімі “Alpecon Group” компаниясының өкілдерімен инвестициялық жобаны талқылады

Келесі мақала

Аймақ басшысы өңір жастарымен еркін форматта кездесу өткізді

Оқи отырыңыз

Жалағашта Ұлттық домбыра күніне орай домбыра шеруі ұйымдастырылды
Мәдениет

Жалағашта Ұлттық домбыра күніне орай домбыра шеруі ұйымдастырылды

Шиеліде ұлттық домбыра күніне орай мәдени іс-шара өтті
Мәдениет

Шиеліде ұлттық домбыра күніне орай мәдени іс-шара өтті

Аймақ басшысы құрылыс нысандарындағы жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Аймақ басшысы құрылыс нысандарындағы жұмыс барысын тексерді

Қазалы: Үйрек елді мекені аяқ сумен қамтылды
Қоғам

Қазалы: Үйрек елді мекені аяқ сумен қамтылды

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қазалы: Үйрек елді мекені аяқ сумен қамтылды

Қазалыда “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы өтті

Облыс әкімі Түрік инвесторларымен жылыжай шаруашылығын дамыту мәселесін талқылады

Қазалыда қоғамдық даму бөлімінің басшысы тағайындалды

Елдік мүдде жолындағы маңызды кезең

Қазалыда ұлттық домбыра күніне орай мәдени іс-шара өтті

Өзекті жаңалықтар

Жалағашта Ұлттық домбыра күніне орай домбыра шеруі ұйымдастырылды
Мәдениет

Жалағашта Ұлттық домбыра күніне орай домбыра шеруі ұйымдастырылды

0

Шараға ауданның өнерпаздары мен домбырашылары қатысып, ұлттық аспаптың мәртебесін ұлықтау мақсатында орталық көшелермен салтанатты шеру өткізді. Шеру...

Шиеліде ұлттық домбыра күніне орай мәдени іс-шара өтті

Шиеліде ұлттық домбыра күніне орай мәдени іс-шара өтті

Аймақ басшысы құрылыс нысандарындағы жұмыс барысын тексерді

Аймақ басшысы құрылыс нысандарындағы жұмыс барысын тексерді

Қазалы: Үйрек елді мекені аяқ сумен қамтылды

Қазалы: Үйрек елді мекені аяқ сумен қамтылды

Қазалыда “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы өтті

Қазалыда “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы өтті

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Жалағашта Ұлттық домбыра күніне орай домбыра шеруі ұйымдастырылды
  • Шиеліде ұлттық домбыра күніне орай мәдени іс-шара өтті
  • Аймақ басшысы құрылыс нысандарындағы жұмыс барысын тексерді
  • Қазалы: Үйрек елді мекені аяқ сумен қамтылды
  • Қазалыда “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы өтті
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі