• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Дүйсенбі, 24 тамыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Қазалы ауданының әкімі ардагер ұстазға құрмет көрсетті

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов ауданның білім саласының дамуына зор үлес қосқан ардагер ұстаз, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Қадірбек Бекетұлын қабылдап, 80 жас мерейтойымен құттықтады,- деп хабарлайды “PostScript.kz” ақпараттық агенттігі

05.07.2026
in Мәдениет
0
493
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткен басқосуға білім саласының ардагерлері мен қызметкерлері, мерейтой иесінің замандас достары қатысты.

Аудан басшысы мерейтой иесінің ауданның білім саласы мен ел руханиятының дамуына, ұрпақ тәрбиесіне қосқан үлесі жайында сөз қозғап, аудан жұртшылығының атынан ізгі тілегін жеткізді.

Қасиетті Қазалы – тарихы терең, тағылымы мол, талай дара тұлғаны түлеткен қасиетті мекен. Бұл өңірдің өсіп-өркендеу жолында әр кезеңде елдің амандығы мен жердің тұтастығын, халықтың әл-ауқатын басты мұрат еткен азаматтар аянбай еңбек етіп келген. Сондай азаматтардың бірі – ардагер ұстаз Қадірбек Бекетұлы. Ағамыз Еңбек жолын 1972 жылы Жамбыл Жабаев атындағы №234 мектепте тарих пәнінің мұғалімі ретінде бастаған. Әр жылдары оқу ісінің меңгерушісі, 2 мәрте Лақалы сегіз жылдық мектептің директоры, Тасөткел бастауыш мектебінің меңгерушісі, Ойынды бастауыш мектебінің меңгерушісі қызметін абыроймен атқарған. Ұстаздық қызметпен қатар, қоғамдық жұмыстарда да белсенділік танытып, қаламгерлік қырымен ауданның рухани өміріне үлес қосты. Газет-журналдардағы тағылымды мақалалары, ғылыми еңбектері мен кітаптары — ағамыздың парасат-пайымыңыздың айқын көрінісі. Сіздің ұзақ жылдар бойы туған өлке игілігі жолында атқарған еңбегіңіз, халыққа сіңірген адал қызметіңіз – шынайы құрметке лайық. Бүгінгі мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтай отырып, деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілейміз, — деді аудан әкімі Алмасбек Әбілқасымұлы.

Жиында аудан басшысы мерейтой иесіне мерекелік Құттықтауын табыстап, дәстүрге сай иығына шапан жауып, сый-құрмет көрсетті.

Игі шарада Қазалы аудандық «Білім беру саласы ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі және Құрметті қызметкері, Қазалы ауданының Құрметті азаматы Серік Қуанышбай, білім саласының ардагерлері Айжахан Ысқақ пен Есет Аманбай сөз сөйлеп, Қадірбек Бекетұлын мерейлі 80 жасымен құттықтап, ыстық лебіздерін жеткізді.

Жиын соңында мерейтой иесі арнайы қабылдап құрмет көрсетіп жатқан барша жерлестері мен аудан басшысына шынайы алғысын жеткізді.

Қадірбек Бекетұлы зейнеткерлікке шыққаннан кейін де түрлі қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, аудандық «Қазалы», «Тұран Қазалы» газеттерінде тәрбиелік мәні бар мақалалар жариялап келеді. Еңбек жолында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мен Әлихан Бөкейханның 145 жылдығына арналған «Алаш мұраты» және «Тәуелсіз Қазақстан» атты ғылыми конференциялардың жеңімпазы атанған. 2017 жылы Басықара батырдың 260 жылдығына орай «Басықара батыр, әрі би» атты кітабы жарық көрді. Әр жылдары білім саласына сіңірген еңбегі үшін Алғыс хаттарымен және Қазалы ауданының Құрмет грамотасымен марапатталды.

Алдыңғы мақала

Аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері сараланды

Келесі мақала

Қазалыда ұлттық домбыра күніне орай мәдени іс-шара өтті

Оқи отырыңыз

Желшешек аурушаңдығы төмендеді
Денсаулық

Желшешек аурушаңдығы төмендеді

Шетелде білім алып жүрген жерлесіміз өз таңдауын жасады
Қоғам

Шетелде білім алып жүрген жерлесіміз өз таңдауын жасады

Қызылорда: Ғарышкер кейпіндегі ерекше сайлаушы
Саясат

Қызылорда: Ғарышкер кейпіндегі ерекше сайлаушы

Сайлау күні – жәрмеңкеге де жол түсті
Қоғам

Сайлау күні – жәрмеңкеге де жол түсті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Сайлау күні – жәрмеңкеге де жол түсті

Құрылтай сайлауында Бимұратовтар отбасы өз таңдауын жасады

Қызылорда облысында Ұлы Отан соғысының ардагері Яхия Тасыров дауыс берді

Қызылордада «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Қызылордада үй кезегіндегі тұрғындарға 90 пәтердің кілті табысталды

Спорт күні кең колемде аталып өтті

Өзекті жаңалықтар

Желшешек аурушаңдығы төмендеді
Денсаулық

Желшешек аурушаңдығы төмендеді

0

Қызылорда облысында 2026 жыл басынан бері желшешектің 517 жағдайы тіркелген. Олардың 90,3% – 14 жасқа дейінгі балалар...

Шетелде білім алып жүрген жерлесіміз өз таңдауын жасады

Шетелде білім алып жүрген жерлесіміз өз таңдауын жасады

Қызылорда: Ғарышкер кейпіндегі ерекше сайлаушы

Қызылорда: Ғарышкер кейпіндегі ерекше сайлаушы

Сайлау күні – жәрмеңкеге де жол түсті

Сайлау күні – жәрмеңкеге де жол түсті

Құрылтай сайлауында Бимұратовтар отбасы өз таңдауын жасады

Құрылтай сайлауында Бимұратовтар отбасы өз таңдауын жасады

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Желшешек аурушаңдығы төмендеді
  • Шетелде білім алып жүрген жерлесіміз өз таңдауын жасады
  • Қызылорда: Ғарышкер кейпіндегі ерекше сайлаушы
  • Сайлау күні – жәрмеңкеге де жол түсті
  • Құрылтай сайлауында Бимұратовтар отбасы өз таңдауын жасады
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі