• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сенбі, 17 қазан, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Өндірістік және инвестициялық жобалардың жұмыс қарқыны сараланды

Бүгін Қызылорда облысының әкімі Мұрат Ергешбаев қала аумағында жүзеге асып жатқан инвестициялық жобалардың қазіргі жай-күйімен, нысандардағы жұмыс барысымен танысты, деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

14.10.2026
in Қоғам
0
491
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Алдымен сол жағалаудағы «Alem Asia Trade» серіктестігінің автокөлік салонына барды. Жоба аясында 21 жұмыс орны ашылған, айына орта есеппен 20 автокөлік сату жоспарланған. Қазіргі уақытта Оңтүстік Кореяның KIA ресми диллерлік орталығымен бірлесіп жұмысын бастаған.

«Достық» жеке кәсіпкерлігінің шыны пакеттер өндіретін автоматтандырылған өндіріс цехы өткен жылы іске қосылған. Негізгі қызмет бағыттары – ПВХ профильдерін ламинациялау және шыны пакеттер өндіру. Өндірістік қуаты жылына 1 млн шаршы метр, 27 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Өндірісте заманауи автоматтандырылған желі қолданылады. Оның арқасында бір шыны пакетті дайындау уақыты 10 минуттан 1 минутқа дейін қысқарып, жылдамдық шамамен он есе артқан. Бұл тапсырыстарды жедел орындауға, өнім сапасын тұрақтандыруға және өндіріс тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Кәсіпорынның тағы бір ерекшелігі – шикізат пен материалдардың басым бөлігінің отандық өндірушілерден жеткізілуі. Қолданылатын шикізаттың шамамен 90 пайызы отандық өнімдер, негізгі шикізаттың бірі – Қызылорда қаласындағы «Orda Glass» ЖШС өндіретін табақша шыны.

Бұл жергілікті кәсіпорындар арасындағы өндірістік байланысты нығайтады. Жобаға екінші деңгейлі банктер, мемлекеттік субсидия, сонымен қатар «Қызылорда» өңірлік инвестиция орталығы арқылы да қосымша қаржылық қолдау көрсетілген.

«Медстрой-Шаңырақ» нейромед протезді-ортопедия орталығы мамыр айында іске қосылған. Мұнда протездік-ортопедиялық қызмет көрсетіледі және медициналық оңалту бағытындағы мүмкіндіктерді кеңейтуге арналған. Қазіргі таңда орталықта 10 адам еңбек етеді, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Негізгі жабдықтар Қытай мен Ресейден жеткізілген.

Аймақ басшысы Абай ауылындағы 800 бас ірі қараға арналған бордақылау алаңының құрылысымен де танысты. «Қызылорда Құрылыс НК» серіктестігі​жобаға 7,5 млрд теңге қаржы бөлген, 50 жаңа жұмыс орнын ашу көзделген. Қазір бірінші және екінші қоражайлар салынуда. Нысанды кезең-кезеңімен іске қосып, ферманы желтоқсан айында пайдалануға беру жоспарланған.

Алдыңғы мақала

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады

Келесі мақала

Қазалыда көпқабтты тұрғын үйлердің шатыры жөнделуде

Оқи отырыңыз

Қазалыда көпқабтты тұрғын үйлердің шатыры жөнделуде
Әлеумет және экономика

Қазалыда көпқабтты тұрғын үйлердің шатыры жөнделуде

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады
Қоғам

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті
Мәдениет

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды
Спорт

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Өзекті жаңалықтар

Қазалыда көпқабтты тұрғын үйлердің шатыры жөнделуде
Әлеумет және экономика

Қазалыда көпқабтты тұрғын үйлердің шатыры жөнделуде

0

Бұл жұмыстардың негізгі мақсаты – аудан тұрғындарына жайлы өмір сүру жағдайын жасау, көпқабатты тұрғын үйлердің техникалық жағдайын...

Өндірістік және инвестициялық жобалардың жұмыс қарқыны сараланды

Өндірістік және инвестициялық жобалардың жұмыс қарқыны сараланды

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалыда көпқабтты тұрғын үйлердің шатыры жөнделуде
  • Өндірістік және инвестициялық жобалардың жұмыс қарқыны сараланды
  • Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады
  • Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті
  • Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі