• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Дүйсенбі, 19 қазан, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Әлеумет және экономика

Қазалыда әке өнегесін насихаттау мәселелері қаралды

Әйтеке би кентінде отбасы құндылықтарын дәріптеу, бала тәрбиесіндегі әкенің рөлін арттыру және әке өнегесін жас ұрпаққа насихаттау мақсатында алғаш рет «Әкенің қоғамдағы рөлі» тақырыбында Әкелер кеңесінің отырысы өтті. Руханият орталығында ұйымдастырылған тағылымды жиынға аудан әкімінің орынбасары Жалғас Сүйеубаев, зиялы қауым өкілдері, білім беру ұйымдарындағы Әкелер кеңестерінің төрағалары мен мүшелері, сондай-ақ жас әкелер қатысты, деп хабарлайды «Postscript.kz» Ақпараттық агенттігі.

19.10.2026
in Әлеумет және экономика
0
491
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Бас қосудың негізгі мақсаты – әкенің отбасындағы жауапкершілігін айқындау, ұрпақ тәрбиесіндегі орнын нығайту және қоғамда әкелік өнегені кеңінен насихаттау. Жиынға арнайы қатысқан «Әкелер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихаттың VIII шақырылым депутаты Ержан Ескендір мен бірлестіктің облыстық филиалы төрағасының орынбасары, Қызылорда қалалық филиалының төрағасы Болатбек Айтбенбетов әкелер кеңесінің жұмысын жандандыру, отбасылық құндылықтарды сақтау және бала тәрбиесіне қоғам болып атсалысу мәселелеріне назар аударды.

Кездесу барысында әкенің қоғамдағы орны, отбасындағы жауапкершілігі, бала бойына адамгершілік қасиеттерді сіңірудегі ықпалы және жас ұрпаққа өнеге көрсетудің маңызы кеңінен талқыланды. Қатысушылар бала тәрбиесі тек білім беру ұйымдарының немесе ананың міндеті емес, бұл – ата-ананың ортақ жауапкершілігі екенін атап өтті. Әсіресе әкенің баласына сөзімен ғана емес, ісімен үлгі болуы, отбасында сыйластық пен жауапкершілік қағидаттарын қалыптастыруы маңызды екені айтылды.

«Әкелер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Ержан Ескендір өз сөзінде әкенің бала өміріндегі орнына ерекше тоқталды. Оның айтуынша, ұрпақ тәрбиесінде әкелік жауапкершілікті арттыру, балаларға дұрыс бағыт-бағдар беру және олардың бойында ұлттық құндылықтарға деген құрметті қалыптастыру – қоғам алдындағы маңызды міндеттердің бірі. Әкенің өнегесі мен отбасындағы тәрбиесі баланың тұлға болып қалыптасуына, өмірлік ұстанымдары мен мінез-құлқына тікелей ықпал етеді.

Ал №276 орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, облыстық Әкелер кеңесінің мүшесі Нұрсұлтан Құламетов әке өнегесін насихаттау, жас буынға бағыт-бағдар беру және мектеп пен отбасы арасындағы байланысты нығайту мәселелерін қозғады. Ол бала тәрбиесінде ата-аналар мен педагогтердің өзара түсіністігі мен бірлескен жұмысы маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар әкелердің мектеп өміріне белсенді араласуы балалардың тәртібі мен тәрбиесіне оң ықпал ететінін жеткізді.

Өз кезегінде М.Матаев атындағы №170 мектеп-гимназияның ата-аналар комитетінің төрағасы Жеңісбек Аралбаев бала тәрбиесіндегі ата-аналардың белсенділігіне тоқталды. Оның сөзінше, баланың бойына жақсы қасиеттерді сіңіру үшін отбасындағы тәрбие мен ата-ананың жеке үлгісі ерекше маңызға ие. Сондықтан әкелердің бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарап, олардың өміріне белсенді араласуы – келешек ұрпақтың қалыптасуына ықпал ететін негізгі факторлардың бірі.

Басқосу барысында Әкелер кеңесінің алдағы жұмыстары, отбасы институтын нығайту, жасөспірімдер арасындағы тәрбие мәселелерінің алдын алу және ұлттық құндылықтарды дәріптеу бағытында бірлескен іс-шаралар ұйымдастыру жөнінде де пікір алмасты. Мұндай кездесулердің әкелер арасындағы тәжірибе алмасуға, өзекті мәселелерді ортақ талқылауға және тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуге мүмкіндік беретіні айтылды.

Жиынның маңызды сәттерінің бірі – Қазалы аудандық Әкелер кеңесінің төрағасын сайлау болды. Қатысушылардың қолдауымен Е. Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейдің директоры Батырбек Тәңірбергенов аудандық Әкелер кеңесінің төрағасы болып сайланды. Бұл шешім алдағы уақытта ауданда әкелер кеңесінің жұмысын үйлестіруге, отбасы мен білім беру ұйымдары арасындағы байланысты нығайтуға және әкелердің қоғамдық өмірге белсенді араласуына ықпал етеді деп күтіледі.

Тағылымы мол басқосу еңбек ардагері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазалы ауданының құрметті азаматы Қасқырбек Мәмбетжанның ақ батасымен қорытындыланды.

Отбасы – қоғамның тірегі, ал әке – шаңырақтың берекесі мен ұрпақ тәрбиесіндегі маңызды тұлға. Сондықтан әкелік жауапкершілікті арттыру, ұлттық тәрбие мен отбасылық құндылықтарды дәріптеу бағытындағы мұндай бастамалардың маңызы зор.

Алдыңғы мақала

Қазалыда көпқабтты тұрғын үйлердің шатыры жөнделуде

Оқи отырыңыз

Қазалыда көпқабтты тұрғын үйлердің шатыры жөнделуде
Әлеумет және экономика

Қазалыда көпқабтты тұрғын үйлердің шатыры жөнделуде

Өндірістік және инвестициялық жобалардың жұмыс қарқыны сараланды
Қоғам

Өндірістік және инвестициялық жобалардың жұмыс қарқыны сараланды

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады
Қоғам

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті
Мәдениет

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады

Өзекті жаңалықтар

Қазалыда әке өнегесін насихаттау мәселелері қаралды
Әлеумет және экономика

Қазалыда әке өнегесін насихаттау мәселелері қаралды

0

Бас қосудың негізгі мақсаты – әкенің отбасындағы жауапкершілігін айқындау, ұрпақ тәрбиесіндегі орнын нығайту және қоғамда әкелік өнегені...

Қазалыда көпқабтты тұрғын үйлердің шатыры жөнделуде

Қазалыда көпқабтты тұрғын үйлердің шатыры жөнделуде

Өндірістік және инвестициялық жобалардың жұмыс қарқыны сараланды

Өндірістік және инвестициялық жобалардың жұмыс қарқыны сараланды

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалыда әке өнегесін насихаттау мәселелері қаралды
  • Қазалыда көпқабтты тұрғын үйлердің шатыры жөнделуде
  • Өндірістік және инвестициялық жобалардың жұмыс қарқыны сараланды
  • Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады
  • Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі