• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сенбі, 21 наурыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Оқиғалар

Танымал журналист жарнамалаған тұрғын үйге ақша құйған тұрғындар баспанасыз қалды

Қазақстандық журналист Асхат Ниязов Семейдегі Dala SK тұрын үй құрылыс компаниясын жарнамалап, басы дауға қалды, - деп хабарлайды "Postscript.kz" ақпарат агенттігі

27.06.2025
in Оқиғалар
0
507
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Журналистің жарнамасынан кейін қазақстандықтар жаппай баспанаға қаражат салған. Ал компанияның өзінде құрылыс салу туралы лицензия әу баста болмаған.

Асхат Ниязов Dala SK құрылыс компаниясына коммерциялық мақсатта жарнама жасағанын мойындады.

“2024 жылдың аяғында Dala SK компаниясына жарнама жасадым. Кейін олардың құрылыс салуға рұқсаты жоқ екенін білдім. Семейге барып салымшылармен кездестім. Сөйтіп бұл жағдай туралы екінші бейнеролик түсірдім. Қалай болғанын анықтап, біліп YouTube арнамда видео жарияладым”, – деді журналист.

Алайда ол желіде тараған ақпараттың қате тұстары барын да айтып қалды.

“Telegram арнасында жазбада құрылыс компаниясының пәтерлерді сатып жібергені туралы жазылған. Бұл жалған ақпарат. Олар пәтерлерді сатқан жоқ. Адамдар ақшасын салған, бірақ тұрғын үй кешенін сүріп тастағалы жатыр. Осыған байланысты құрылысты тоқтатып тастады”, – дейді Асхат Ниязов.

Журналист Jibek Joly арнасына берген сұхбатында жарнама жасаған сәтте кешеннің 3-4 қабаты тұрғызылғанын, соған қарап құрылыстың заңды түрде салынып жатқанына сенген.

“Құжаттарды тексермегенім қате болды. Бұл үшін мен жауап беремін және ақша құйған салымшылардан кешірім сұраймын. Қазір бәріміз бірігіп, жаңа инвостор табуға тырысып жатырмыз. Әкімдіктермен қарым-қатынасым жақсы деп айта алмаймын. Сол себепті ол жаққа бармадым. Бұл тек жарнамалық бейнеролик болған жоқ. Адамдарға жалпы құрылыс жұмыстарының қалай өтетіні туралы пайдалы ақпарат бергіміз келді. Біз онда кірпіштер, пеноблоктар қалай жасалатынын, терезелер қалай өндірілетінін көрдік. Аталған кәсіпорындардың бәріне барып, барлығын егжей-тегжейлі көрсеттік”, – дейді журналист.

Бейнеролик шыққан соң адамдар  Dala SK компаниясының жөндеу жұмыстарына қатысты шағымдар түскен. Сөйтіп Асхат Ниязов зардап шеккен адамдармен байланысып, компания басшылығымен кездесіп, ақшаны қайтаруға тырысып жүргенде тұрғын үйдің заңсыз салынғанын білген.

PS. “Dala SK басшылары Дәурен мен Мұратбек мәселені шешеміз деп жүріп, сапасыз жөндеу жұмыстары үшін адамдарға ақшасын зорға қайтарды. Көңілім тынышталғандай болды. Бірақ бұл ұзаққа созылмады. Семейдегі тұрғын үйдің заңсыз салынғанын білдім. Компания басшыларының бірі – Дәурен қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды”, – деді Асхат Ниязов.

Stan.kz

Фото: видео скриншот

Алдыңғы мақала

«Қанатты қалам – 2025» салтанатты шарасы өтті

Келесі мақала

Мүфтият: «Дәрет алмай көлікке мінуге болмайды»

Оқи отырыңыз

Жаңару күніндегі жасыл бастама
Құқық

Жаңару күніндегі жасыл бастама

Жаңару күні: Мекеме қызметкерлері 22 түп ағаш отырғызды
Құқық

Жаңару күні: Мекеме қызметкерлері 22 түп ағаш отырғызды

Наурызнама: татулық тұнған шаңырақ
Құқық

Наурызнама: татулық тұнған шаңырақ

Наурызнама: жазасын өтеушілерге көшпелі музей ұйымдастырылды
Құқық

Наурызнама: жазасын өтеушілерге көшпелі музей ұйымдастырылды

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Наурызнама: жазасын өтеушілерге көшпелі музей ұйымдастырылды

Киіз үйдегі көрініс: мекеме арулары ұлттық дәстүрді дәріптеді

Жаңақорғанда ұлттық киім күніне орай челлендж ұйымдастырылды

Ұлттық киім күні ұмыт қалмады

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

Өзекті жаңалықтар

Жаңару күніндегі жасыл бастама
Құқық

Жаңару күніндегі жасыл бастама

0

Осы ретте, ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде шаруашылық бөліміне қалдырылған жазасын өтеушілер мекеме аумағын абаттандыруға үлес қосып,...

Жаңару күні: Мекеме қызметкерлері 22 түп ағаш отырғызды

Жаңару күні: Мекеме қызметкерлері 22 түп ағаш отырғызды

Наурызнама: татулық тұнған шаңырақ

Наурызнама: татулық тұнған шаңырақ

Наурызнама: жазасын өтеушілерге көшпелі музей ұйымдастырылды

Наурызнама: жазасын өтеушілерге көшпелі музей ұйымдастырылды

Киіз үйдегі көрініс: мекеме арулары ұлттық дәстүрді дәріптеді

Киіз үйдегі көрініс: мекеме арулары ұлттық дәстүрді дәріптеді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Жаңару күніндегі жасыл бастама
  • Жаңару күні: Мекеме қызметкерлері 22 түп ағаш отырғызды
  • Наурызнама: татулық тұнған шаңырақ
  • Наурызнама: жазасын өтеушілерге көшпелі музей ұйымдастырылды
  • Киіз үйдегі көрініс: мекеме арулары ұлттық дәстүрді дәріптеді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі