• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жұма, 26 маусым, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Кореядағы кинофестивальде «Қажымұқан» фильмі қос жүлдеге ие болды

Қазақстанның «Қажымұқан» тарихи кинотуындысы Сеулде өткен халықаралық кинофестивальде қос жүлдені жеңіп алды. Фильм «Ең үздік фильм» номинациясы бойынша Гран-при, туындыда ойнаған актер Ербол Төлепберген «Үздік басты рөл» жүлдесін иеленді, деп хабарлайды "PostScript.kz" ақпараттық агенттігі.

07.09.2025
in Мәдениет
0
498
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Фильм ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілген.

«Қажымұқан» – қазақтың тұңғыш чемпионы, аты аңызға айналған балуан Қажымұқан Мұңайтпасовтың өмір жолын баяндайтын тарихи драма. Туындыда спортшының күрес әлеміндегі жетістіктері ғана емес, оның ұлт рухын көтерудегі рөлі мен адами болмысы кеңінен суреттеледі.

Фильмнің сценарий жұмыстары 2012 жылы басталған. Режиссер Қанағат Мұстафин 10 жылдан астам уақыт зерттеу жүргізіп, архив деректері мен тарихи мәліметтерді жинақтаған. 2020 жылы түсірілімге кіріскен. Режиссер фильм арқылы тек тарихи деректерді көрсетіп қана қоймай, Қажымұқанның рухын, адамдық бейнесін, елге деген махаббатын жеткізгісі келгенін айтады.

Бұған дейін фильм Италияда өткен XXIX Халықаралық IPAAF – Apoxiomeno кинофестивалінде де жоғары бағаланып, бірнеше марапатқа ие болған. Сондай-ақ фильм өткен жылы Қазақстанда кең көлемде прокатқа шықты және Қазақ киносының онкүндігі аясында да ел өңірлерінде көрсетіліп келеді.

Айта кетейік, 11-ші Сеул халықаралық «WebFEST» 28 елмен әріптестік орнатқан. Фестиваль заманауи веб-контентті дамытуға бағытталған және бүкіл әлем бойынша онлайн көрсетілімдер ұйымдастырады.

Биыл іс-шараға 21 номинация бойынша 160 шығарма ұсынылды, оның ішінде 20-сы – корей, 22-сі – шетел туындылары.

Zakon.kz

Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Алдыңғы мақала

Қазалыда «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында сенбілік өткізілді

Келесі мақала

Қазалыда  рейд жұмыстары жүргізілді

Оқи отырыңыз

Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күні
Құқық

Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күні

Қазалылық отбасы жүлдегер атанды
Спорт

Қазалылық отбасы жүлдегер атанды

Сотталғандар арасында волейболдан турнир өтті
Құқық

Сотталғандар арасында волейболдан турнир өтті

Дәріхана ұйымдарында ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді
Құқық

Дәріхана ұйымдарында ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Дәріхана ұйымдарында ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Облыстық эстафетада аралдық отбасы жүлдегер атанды

Облыс әкімі қытайлық инвесторлармен маңызды жобаларды талқылады

Халыққа қызмет-абыройлы міндет

«Тәжірибе мен тағылым» тақырыбында мемлекеттік қызметшілермен кездесу өтті

Жаңа Конституция-ел тұрақтылығының берік негізі

Өзекті жаңалықтар

Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күні
Құқық

Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күні

0

Осы бағытта Қызылорда облысының Полиция департаменті құқық бұзушылықтардың алдын алу, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және есірткі қылмысына...

Қазалылық отбасы жүлдегер атанды

Қазалылық отбасы жүлдегер атанды

Сотталғандар арасында волейболдан турнир өтті

Сотталғандар арасында волейболдан турнир өтті

Дәріхана ұйымдарында ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Дәріхана ұйымдарында ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Облыстық эстафетада аралдық отбасы жүлдегер атанды

Облыстық эстафетада аралдық отбасы жүлдегер атанды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күні
  • Қазалылық отбасы жүлдегер атанды
  • Сотталғандар арасында волейболдан турнир өтті
  • Дәріхана ұйымдарында ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді
  • Облыстық эстафетада аралдық отбасы жүлдегер атанды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі