• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 30 қазан, 2025
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Оқиғалар

Жантүршігерлік оқиға: Мектеп оқушысы үй тазалаушы әйелді өлтіріп, денесін қоқысқа лақтырған

Шымкентте 11-сынып оқушысы үйін тазалауға келген әйел адамды өлтіріп, денесін қоқыс жәшігінің жанына тастап кеткен. Сол сияқты оқушы мәйітті зорлады деген күдікке де ілініп отыр,- деп хабарлайды “PostScript.kz” ақпараттық агенттігі

14.10.2025
in Оқиғалар
0
503
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Прокурордың айтуынша, мектеп оқушысы Шымкентке биыл шілде айында құрылыста жұмыс істеуге келген. 21 шілде күні жалдамалы пәтерде жалғыз қалған. Жыныстық қатынасқа түскісі келіп, ұялы телефонымен Telegram желісіне кірген. Онда «Шымкент жұмыс» атты жалпы топқа «Тұрғын үйге тазалық жасайтын қыздар керек» деген хабарлама жазған.

Жәбірленуші Диана Оңғарбаева күн көру үшін үй тазалаумен айналысқан. Хабарлама арқылы келіп, үй тазалап, оқушыдан 15 мың теңге еңбекақысын сұраған. Ол ақысын анасы беретінін айтып сылтауратқан.

«Үйден сабы ағаштан жасалған асүй пышағын алып, жәбірленуші Оңғарбаеваның теріс қарап тұрғанын пайдаланған. Өзінің адам өлтіру туралы қылмыстық ойын соңына дейін жеткізу үшін пышағымен марқұмның артқы мойын тұсынан тоқтаусыз 10 рет сұғып алған. Ары қарай мектеп оқушысы марқұмды жерге жатқызып, бүйрек тұсына бір рет сұғып алған», — дейді прокурор.

Жәбірленуші алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты. 26 жастағы Диана Оңғарбаеваның денесі 10 күннен кейін Шымкенттегі қоқыс жәшігінің жанынан табылды. Прокурордың сөзінше марқұмды өлтіріп қана қоймай, оның мәйітімен жыныстық қатынасқа түскен, ал ұялы телефонын сатып жіберген.

«Мен 28 шілде күні арыз жазғанмын. Ал 29 күні Астанаға жаздым. Содан кейін ғана 30 күні телефоны табылды. Ал 31 күні қызым қоқыстан табылды. Полицейлер қайда жүр, іздемей?! Дәл осылай қорланып өлмейтін еді ғой», — деп марқұмның анасы Қарлығаш Оңғарбаева жылап жіберді.

Белгілі болғандай, мектеп оқушысы өзіне тағылған айыппен ішінара ғана келісетін көрінеді. Айтуынша, оқушы адам өлтіргенмен, мәйітпен жыныстық қатынасқа түспеген. Ал сараптама қорытындысына сай, мәйіттен ДНҚ табылмаған көрінеді. Алайда, Диана Оңғарбаеваның туыстары онымен келіспейді.

«Менің талабым – баланы өмірбақи соттау. Ол мәйітті зорлағанын мойындамай отыр. Ал алғашқыда қолға түскен кезде осы қылмысын мойындаған болатын. Қолындағы пышағын 26 жерге тыққан», — дейді марқұмның анасы.

Azattyq Rýhy

фото: zakon.kz

Алдыңғы мақала

Берік отбасы – есірткіден алыс!

Келесі мақала

Қызылордада “Алтын күз” шарасы аясында жәрмеңке өтеді

Оқи отырыңыз

Қасым-Жомарт Тоқаев Үстел теннисі орталығына барды
Спорт

Қасым-Жомарт Тоқаев Үстел теннисі орталығына барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысының тарихи-өлкетану музейінің қызметімен танысты
Мәдениет

Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысының тарихи-өлкетану музейінің қызметімен танысты

Мемлекет басшысы Қызылорда қаласындағы орталық стадионға барды
Спорт

Мемлекет басшысы Қызылорда қаласындағы орталық стадионға барды

Президент жаңа жылу электр орталығына барды
Қоғам

Президент жаңа жылу электр орталығына барды

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Президент жаңа жылу электр орталығына барды

Жедел кеңесте 9 айдың қорытындысы баяндалды

Қызылордада сотталғандар арасында спорттан турнир өтті

Мемлекет басшысы «Қызылорда-нан» цехына барды

Мемлекет басшысы «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясының қызметімен танысты

Мемлекет басшысы облыс жұртшылығымен кездесті

Өзекті жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Үстел теннисі орталығына барды
Спорт

Қасым-Жомарт Тоқаев Үстел теннисі орталығына барды

0

Кешенді салуға облыс бюджетін оңтайландыру барысында үнемделген қаражат есебінен 2,5 миллиард теңге қаралып, құрылыс былтыр қазан айында...

Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысының тарихи-өлкетану музейінің қызметімен танысты

Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысының тарихи-өлкетану музейінің қызметімен танысты

Мемлекет басшысы Қызылорда қаласындағы орталық стадионға барды

Мемлекет басшысы Қызылорда қаласындағы орталық стадионға барды

Президент жаңа жылу электр орталығына барды

Президент жаңа жылу электр орталығына барды

Жедел кеңесте 9 айдың қорытындысы баяндалды

Жедел кеңесте 9 айдың қорытындысы баяндалды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Яндекс.Метрика
Соңғы жаңалықтар
  • Қасым-Жомарт Тоқаев Үстел теннисі орталығына барды
  • Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысының тарихи-өлкетану музейінің қызметімен танысты
  • Мемлекет басшысы Қызылорда қаласындағы орталық стадионға барды
  • Президент жаңа жылу электр орталығына барды
  • Жедел кеңесте 9 айдың қорытындысы баяндалды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі