• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Дүйсенбі, 19 қазан, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Арал ауданында облыстық үш жақты көшпелі отырыс өтті

Бүгін Арал қаласында облыстық әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның көшпелі отырысы ұйымдастырылды,- деп хабарлайды “PostScript.kz” ақпараттық агенттігі.

13.04.2026
in Қоғам
0
496
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Мәжіліске облыстық және аудандық комиссия мүшелері, мемлекеттік мекемелердің өкілдері, кәсіпкерлер мен кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері қатысты.

Жиынды комиссия төрағасының орынбасары, Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты, облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Мақсұт Нәлібаев жүргізді.

Аудан әкімінің орынбасары Ш. Есжанов жиындағы кіріспе сөзде өңірдегі әлеуметтік әріптестік пен еңбек қатынастарының даму барысына тоқталды.

Одан кейін облыстық қоғамдық даму басқармасының мониторинг және талдау бөлімінің басшысы С. Сахиев облыс аумағындағы әлеуметтік шиеленіс картасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Келесі кезекте Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы
Б. Жұмағұлов өңірдегі еңбек қатынастарының жалпы жағдайы мен еңбек тәуекелдері картасы аясындағы жұмыстар туралы баяндады.

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-ның Қызылорда облысы бойынша филиал директоры Г. Денеева әлеуметтік аударымдар мен төлемдер бойынша қалыптасқан жағдайды баяндап, бірқатар проблемалық мәселелерге тоқталды.

Ал «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» Қызылорда облысы бойынша филиалының бөлім басшысы Ғ. Салықов міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің іске асырылу барысы туралы хабарлама жасады.

Жиын барысында кәсіпорындардағы еңбек дауларының алдын алу, жалақы берешегіне жол бермеу, әлеуметтік төлемдердің уақытылы аударылуын қамтамасыз ету, жұмысшылардың құқықтарын қорғау және еңбек қауіпсіздігін сақтау мәселелері кеңінен талқыланды.

Жиын қорытындысы бойынша жауапты мекемелерге еңбек тәуекелдері картасына енген кәсіпорындармен нақты жұмыстар жүргізу, әлеуметтік шиеленістердің алдын алу және өңірдегі тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында тиісті тапсырмалар берілді.

Комиссия отырысында әлеуметтік әріптестікті нығайту, жұмысшылардың құқықтарын қорғау және еңбек қатынастарын жетілдіру жолындағы маңызды алаң екені атап өтілді.

Алдыңғы мақала

Сырдария ауданындағы “Медициналық оңалту” бөлімшесі жаңа үлгідегі технологиялармен қамтылды

Келесі мақала

Сырдария ауданындағы аурухана компьютерлік-томографиялық аппаратпен қамтамасыз етілді

Оқи отырыңыз

Сыр өңірінде халықаралық волонтерлер апталығы бастау алды
Әлеумет және экономика

Сыр өңірінде халықаралық волонтерлер апталығы бастау алды

Қазалыда әке өнегесін насихаттау мәселелері қаралды
Әлеумет және экономика

Қазалыда әке өнегесін насихаттау мәселелері қаралды

Қазалыда көпқабтты тұрғын үйлердің шатыры жөнделуде
Әлеумет және экономика

Қазалыда көпқабтты тұрғын үйлердің шатыры жөнделуде

Өндірістік және инвестициялық жобалардың жұмыс қарқыны сараланды
Қоғам

Өндірістік және инвестициялық жобалардың жұмыс қарқыны сараланды

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Өндірістік және инвестициялық жобалардың жұмыс қарқыны сараланды

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді

Өзекті жаңалықтар

Сыр өңірінде халықаралық волонтерлер апталығы бастау алды
Әлеумет және экономика

Сыр өңірінде халықаралық волонтерлер апталығы бастау алды

0

Жиынның ашылу рәсіміне облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Азаматтық қоғам...

Қазалыда әке өнегесін насихаттау мәселелері қаралды

Қазалыда әке өнегесін насихаттау мәселелері қаралды

Қазалыда көпқабтты тұрғын үйлердің шатыры жөнделуде

Қазалыда көпқабтты тұрғын үйлердің шатыры жөнделуде

Өндірістік және инвестициялық жобалардың жұмыс қарқыны сараланды

Өндірістік және инвестициялық жобалардың жұмыс қарқыны сараланды

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Сыр өңірінде халықаралық волонтерлер апталығы бастау алды
  • Қазалыда әке өнегесін насихаттау мәселелері қаралды
  • Қазалыда көпқабтты тұрғын үйлердің шатыры жөнделуде
  • Өндірістік және инвестициялық жобалардың жұмыс қарқыны сараланды
  • Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі