• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жұма, 20 наурыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Бизнес

Алдағы жұмыс бағыты талқыланды

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «BI-Holding» ЖШС директорлар кеңесінің мүшесі Бауыржан Исабаевпен кездесті. Онда атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар талқыланды, - деп хабарлайды "PostScript.kz" ақпараттық агенттігі.

06.08.2025
in Бизнес
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Аймақ басшысы «BI-Holding» ЖШС атқарған жұмыстарға алғысын білдірді.
Еске салайық, мердігер компания Қызылорда қалалық мәдени және демалыс паркін қайта жаңғыртудан өткізіп, «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық орталығын салды. Президент саябағын қайта жаңғырту жобасына түзетулер енгізіліп, оған 300 орындық балалар лагері және қысқы бақ қосылды. Қазіргі таңда осы жобалар шеңберінде бірлесіп жұмыс атқарылуда.
Аймақ басшысының қолдауымен қайта жаңғыртылған парк кіреберісіне жаңадан арка орнатылды. Қоршауы толықтай жаңартылды. Келушілердің жас ерекшеліктеріне сәйкес 20-ға жуық аттракцион, кафе орналастырылатын және балалар ойын алаңдары қарастырылған. Ашық аспан астында концерттік бағдарлама қоюға 100 адамдық амфитеатр сахнасымен бірге салынған.
Шығармашылық-инновациялық орталық 500 орынға арналған. Оның ішінде 68 орындық 2 бассейн, топтық жаттығу бөлмесі, фитнес, үстел ойындары кабинеті, 2 жекпе-жек, 4 үстел теннисі залы, әр залда ұлдар және қыздардың киім ауыстыру бөлмесі бар. Көркемдік- эстетикалық бағытты таңдаушыларға балалар шығармашылық шеберханасы, сәндік-қолданбалы өнер, дыбыс жазу, робот жасау және жасанды интеллект, 3Д модельдеу, КИП және автоматтандыру, киберспорт және математика кабинеттері, биотехникалық лаборатория қызмет көрсетеді.
Президент саябағында бой көтеретін «BOTANICUM» ботаникалық білім беру орталығы аумағын заманауи стандарттарға сай абаттандыру және көгалдандыру жоспарланған.
300 орындық балалар лагеріне 6 гектар жер учаскесі белгіленген.
Бұл жерде спорт блогы, іс-шараларға арналған event-аймақ, 4 тұрғын аумақ, қонақ үй үлгісіндегі шағын ғимарат, 5 дәстүрлі үлгідегі киіз үй, ашық бассейн, стадион, футбол алаңы, сахна және басқа да демалыс орындары мен техникалық құрылыс нысандары салынады.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алдыңғы мақала

Қызылорда облысының Қазалы ауданында заманауи мәдени-демалыс инфрақұрылымы қарқынды дамуда

Келесі мақала

Сыр өңірінде ауыр атлетикадан республикалық турнир бастау алды

Оқи отырыңыз

«Аяқ-қолымды қысып, зорлады». Қызылордада 15 жастағы студент қыз жігіттен көрген азабын айтты
Оқиғалар

«Аяқ-қолымды қысып, зорлады». Қызылордада 15 жастағы студент қыз жігіттен көрген азабын айтты

Қызылорда облысында қызмет бабында қаза болған полицейдің құрметіне «Жас сақшы» полиция сыныбы ашылды
Білім

Қызылорда облысында қызмет бабында қаза болған полицейдің құрметіне «Жас сақшы» полиция сыныбы ашылды

Қызылорда: Әуежайдың өткізу қабілеті жылына 300 мыңнан 500 мың жолаушыға дейін ұлғайды
Қоғам

Қызылорда: Әуежайдың өткізу қабілеті жылына 300 мыңнан 500 мың жолаушыға дейін ұлғайды

Жасанды интеллектіні пайдаланып, аса қауіпті қару жасайтындар пайда болды
Әлемде

Жасанды интеллектіні пайдаланып, аса қауіпті қару жасайтындар пайда болды

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Жаңақорғанда ұлттық киім күніне орай челлендж ұйымдастырылды

Ұлттық киім күні ұмыт қалмады

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Өзекті жаңалықтар

Наурызнама: татулық тұнған шаңырақ
Құқық

Наурызнама: татулық тұнған шаңырақ

0

Наурызнамада бекітілген айрықша күнде ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінің режим және күзет бөлімінің бақылаушысы әділет сержанты Ерназар...

Наурызнама: жазасын өтеушілерге көшпелі музей ұйымдастырылды

Наурызнама: жазасын өтеушілерге көшпелі музей ұйымдастырылды

Киіз үйдегі көрініс: мекеме арулары ұлттық дәстүрді дәріптеді

Киіз үйдегі көрініс: мекеме арулары ұлттық дәстүрді дәріптеді

Жаңақорғанда ұлттық киім күніне орай челлендж ұйымдастырылды

Жаңақорғанда ұлттық киім күніне орай челлендж ұйымдастырылды

Ұлттық киім күні ұмыт қалмады

Ұлттық киім күні ұмыт қалмады

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Наурызнама: татулық тұнған шаңырақ
  • Наурызнама: жазасын өтеушілерге көшпелі музей ұйымдастырылды
  • Киіз үйдегі көрініс: мекеме арулары ұлттық дәстүрді дәріптеді
  • Жаңақорғанда ұлттық киім күніне орай челлендж ұйымдастырылды
  • Ұлттық киім күні ұмыт қалмады
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі