• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жұма, 17 шілде, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Спорт

Сыр өңірінде ауыр атлетикадан республикалық турнир бастау алды

Сыр елінде елімізге еңбегі сіңген белгілі жаттықтырушы, Қазақстан спортының дамуына зор үлес қосқан Пак Велорий Викторовичтің жүлдесіне арналған ауыр атлетикадан ересектер арасындағы республикалық турнир өз жалауын көтерді, - деп хабарлайды "PostScript kz" ақпараттық агенттігі.

06.08.2025
in Спорт
0
493
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Пак Велорий Викторович — еліміздің спорт саласына өлшеусіз еңбек сіңірген білікті маман. Оның шәкірттері бүгінде әлемдік аренада ел намысын қорғап, жоғары жетістіктерге қол жеткізуде. Олардың қатарында Алмас Өтешов, Илья Ильин, Қуаныш Рахатов, Шин Олег, Роман Русиновский және Александр Зайчиков сынды танымал спортшылар бар. Сонымен қатар, жаттықтырушы 60-тан астам спорт шеберін, 12 халықаралық дәрежедегі спорт шеберін және 3 Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шеберін тәрбиелеп шығарған.

Биыл тұңғыш рет өткізіліп отырған бұл республикалық додаға еліміздің барлық өңірінен 10 команда қатысып, 100-ге жуық зілтемірші 8 түрлі салмақ дәрежесі бойынша сынға түседі. Жарысқа ерлер де, әйелдер де қатысуда.

Ашылу салтанатына Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет, құрметті жаттықтырушы Пак Велорий және облыстық ауыр атлетика федерациясының президенті Темірхан Бердәліұлы қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.

— Киелі Сыр елінің тумасы, облысымыздың құрметті жаттықтырушысы Пак Велорий Викторович — талай жылдар бойы еліміздің спортына адал еңбек етіп, ауыр атлетика саласының дамуына өлшеусіз үлес қосқан біртуар азамат. Даңқты спортшыларды тәрбиелеген дара тұлғаның жүлдесіне арналған бүгінгі турнирдің маңызы да ерекше. Себебі әр аймақтан жиналған мықты зілтемішілер жарыс алаңында өз мүмкіндіктерін көрсетіп, жеңіске деген жігерін танытады. Осы орайда, барлық спортшыларға сәттілік тілей отырып, дүбірлі додада шын мықты жеңіске жетсін деп тілек білдіремін, — деді Мейрамбек Зинабдинұлы.

Салтанатты шара барысында Мейрамбек Шермағанбет аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың атынан құрметті жаттықтырушыға Алғыс хат табыстап, қазақы дәстүрмен сый-құрмет көрсетті.

Өз сөзінде Велорий Викторович турнирді ұйымдастыруға қолдау көрсеткен облыс басшылығына, спорт жанашырларына және барлық қатысушыларға алғыс білдірді.

Сонымен бірге, облыстық ауыр атлетика федерациясының президенті Темірхан Бердәліұлы да құттықтау сөз сөйлеп, үздік бапкерге ерекше құрмет көрсетті.

Айта кету керек, облыс әкімінің қолдауымен алғаш рет өткізіліп отырған бұл турнир биылдан бастап халықаралық күнтізбелік жоспарға енгізілді. Алдағы уақытта аталмыш жарыс жыл сайын дәстүрлі түрде халықаралық деңгейде өткізілетін болады.

Жарыс жеңімпаздары арнайы медальдармен және қомақты сыйақылармен марапатталады. Турнир 13 тамызға дейін жалғасады.

Алдыңғы мақала

Алдағы жұмыс бағыты талқыланды

Келесі мақала

Ана сүті — дені сау ұрпақтың негізі

Оқи отырыңыз

Жаңа Конституция: адвокатураның конституциялық мәртебесі, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және заңдардың кері күшіне жол бермеу
Құқық

Жаңа Конституция: адвокатураның конституциялық мәртебесі, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және заңдардың кері күшіне жол бермеу

Теңге Қазақстанның ұлттық валютасы ретінде конституциялық мәртебеге ие болды
Әлеумет және экономика

Теңге Қазақстанның ұлттық валютасы ретінде конституциялық мәртебеге ие болды

Жасанды интеллект дәуіріндегі конституциялық кепілдіктер: Қазақстан азаматтарының деректерін қорғаудың жаңа кезеңі
Қоғам

Жасанды интеллект дәуіріндегі конституциялық кепілдіктер: Қазақстан азаматтарының деректерін қорғаудың жаңа кезеңі

Қазалы теміржол вокзалы: тарихи ғимараттың жаңа келбеті
Қоғам

Қазалы теміржол вокзалы: тарихи ғимараттың жаңа келбеті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Жалағаш ауданында жартыжылдықтың көрсеткіштері қаралды

Қазалылық спортшы Зарина Толыбай – Азия чемпионы!

Инвестициялық ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Аудан әкімі өрт қауіпсіздігінің алдын алуға бағытталған жұмыстарды пысықтады

Конституция: құқықтық ойдың өзегі

Алты айдың есебі – алдағы істің бағдары

Өзекті жаңалықтар

Саясат

Құрылтай сайлауына қатысты ақпараттар «Postscript.kz» -те жарияланады

0

Қызылордада жазасын өтеушілер «Таза Қазақстан» акциясына үлес қосты

Қызылордада жазасын өтеушілер «Таза Қазақстан» акциясына үлес қосты

Әйеліне қол көтерген азамат қоғамдық жұмысқа тартылды

Әйеліне қол көтерген азамат қоғамдық жұмысқа тартылды

Жалағаш ауданында жартыжылдықтың көрсеткіштері қаралды

Жалағаш ауданында жартыжылдықтың көрсеткіштері қаралды

Қазалылық спортшы Зарина Толыбай – Азия чемпионы!

Қазалылық спортшы Зарина Толыбай – Азия чемпионы!

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Құрылтай сайлауына қатысты ақпараттар «Postscript.kz» -те жарияланады
  • Қызылордада жазасын өтеушілер «Таза Қазақстан» акциясына үлес қосты
  • Әйеліне қол көтерген азамат қоғамдық жұмысқа тартылды
  • Жалағаш ауданында жартыжылдықтың көрсеткіштері қаралды
  • Қазалылық спортшы Зарина Толыбай – Азия чемпионы!
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі