• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 18 маусым, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Денсаулық

Ана сүті — дені сау ұрпақтың негізі

Қазіргі таңда ана сүтінің бала денсаулығына тигізер пайдасы бұрынғыдан да айқын дәлелденіп отыр, - деп хабарлайды "PostScript.kz" ақпараттық агенттігі.

07.08.2025
in Денсаулық, Қоғам
0
495
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Ол тек табиғи қорек көзі ғана емес, сәбидің иммундық жүйесін қалыптастыратын, өмірін сақтайтын, ана мен баланың арасындағы психоэмоциялық байланысты нығайтатын теңдессіз табиғи ресурс. Осыған орай жыл сайын 1-7 тамыз аралығында аталып өтетін Дүниежүзілік ана сүтімен емізу апталығы аясында Қызылорда облысында кешенді шаралар ұйымдастырылып, бағдарлама аясындағы жетістіктер мен өзекті мәселелер талқылануда. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Мая Мирзанова және «Ана сүтімен емізуді қолдау, қорғау және насихаттау» бағдарламасының өңірлік үйлестірушісі Нұргүл Скакова мәлімдеді.

— Дүниежүзілік ана сүтімен емізу апталығы жыл сайын 1-7 тамыз аралығында әлем бойынша аталып өтеді. Апталықтың басты мақсаты — ана сүтінің маңыздылығын кеңінен насихаттау және оны қолдауға бағытталған кешенді шараларды жүзеге асыру. Ана сүті — жаңа туған нәресте үшін теңдесі жоқ табиғи тағам. Ол баланың иммундық жүйесін нығайтып, түрлі жұқпалы және созылмалы аурулардың алдын алады. Сонымен қатар, ана сүтімен емізу – ана мен бала арасындағы эмоционалдық байланысты күшейтіп, психологиялық және физиологиялық саулықты қамтамасыз ететін маңызды үдеріс. Ана сүтінің өмірлік маңызын ескере отырып, Денсаулық сақтау министрлігі бұл бағыттағы жұмысты жандандырып, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен ЮНИСЕФ ұсынған «Ана сүтімен емізуді қолдау, қорғау және насихаттау» бағдарламасын еліміздің өңірлерінде жүйелі түрде іске асырып келеді. Қызылорда облысында бұл бағдарлама 1997 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Сол жылы Арал және Қазалы аудандық перзентханалары, ал 1998 жылы Қызылорда қалалық перзентханасы «Балаға ізгі ниетті аурухана» деген халықаралық мәртебеге ие болды. 2022 жылы бұл үш мекеме қайтадан халықаралық сертификаттаудан сәтті өтті. Сол жылы Қызылорда қалалық №3 емхана мен Көпбейінді облыстық балалар ауруханасы алғаш рет «Балаға ізгі ниетті мекеме» мәртебесіне ие болды. Бүгінгі күні облыс бойынша 5 медициналық ұйым ДДСҰ мен ЮНИСЕФ ұсынған стандарттарға сәйкес жоғары нәтижелер көрсетіп, «Алтын тақта» марапатына ие болды. Бұл халықаралық деңгейде үздік тәжірибенің мойындалуы. Бағдарламаны үйлестіру мақсатында арнайы облыстық үйлестіруші тағайындалған. Бұл өңірдегі барлық емдеу-алдын алу ұйымдарында бірізді жұмыс жүргізуге, білім мен тәжірибе алмасуға, стандарттардың сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп отыр,-деді Мая Миранбайқызы.

— Ана сүтінің маңызы мен оның нәресте мен емізулі ананың денсаулығына әсері соңғы 30 жылда көптеген зерттеулермен дәлелденген. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша жыл сайын шамамен 3 миллион нәресте өмірден өтеді, алайда дәлелді медицина мен денсаулық сақтау тәжірибесіне негізделген шараларды қолдану арқылы олардың көпшілігін құтқаруға болады. Қазіргі таңда нәрестелердің денсаулығын жақсартуға арналған күрделі және қымбат құралдар қажет емес. Ең арзан әрі тиімді технологиялардың бірі — ана сүтін қолдану болып табылады. Ана сүтін насихаттау — нәрестелердің денсаулығын қамтамасыз етудің басты кепілі. Ана сүті нәрестенің иммундық жүйесін нығайтады, инфекцияларға қарсы тұруға көмектеседі, сонымен қатар ішек аурулары, тыныс жолдары инфекциялары, аллергия және диабет сияқты ауруларға қарсы қорғаныс береді. Ана сүті баланың толыққанды тамақтануына қажетті барлық қоректік заттарға бай – су, витаминдер, майлар, ақуыздар, көмірсулар мен ферменттер. Ана сүтін насихаттау — болашақ ұрпақтың денсаулығына жасалған инвестиция. Бұл бағдарламалар қаржыны қажет етпейді, тек білім мен кәсіби дайындықты талап етеді. Сондықтан барша мамандардың және қоғам мүшелерінің бұл бағыттағы еңбегі маңызды,-деді Нұргүл Жанайқызы.

@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

Алдыңғы мақала

Сыр өңірінде ауыр атлетикадан республикалық турнир бастау алды

Келесі мақала

«Kітап-AMANAT»: Рухани-әдеби кеш өтті

Оқи отырыңыз

Қызылордада QYZYLORDA STREET SPORT FEST аясында стритбол турнирі өтті
Құқық

Қызылордада QYZYLORDA STREET SPORT FEST аясында стритбол турнирі өтті

Қызылорда облысында «Ішімдіксіз ауыл» профилактикалық іс-шарасы өткізілуде
Қоғам

Қызылорда облысында «Ішімдіксіз ауыл» профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Заманауи техника өндіріс тиімділігін арттыруда
Саясат

Заманауи техника өндіріс тиімділігін арттыруда

Теміржол саласы мен инфрақұрылымын дамыту мәселесі қаралды
Әлеумет және экономика

Теміржол саласы мен инфрақұрылымын дамыту мәселесі қаралды

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Теміржол саласы мен инфрақұрылымын дамыту мәселесі қаралды

Шиеліде аудан әкімінің кубогына арналған шағын футбол турнирі басталды

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл нормалары

Ардақ Ибраимов: Ауызсу және тұрақты аяқсумен қамту басты назарда

Қаланың шет аймақтарына әлеуметтік нысандар салу мәселесі қаралды

Жаңақорғанның туристік әлеуетін көтеру мәселесі талқыланды

Өзекті жаңалықтар

Қызылордада QYZYLORDA STREET SPORT FEST аясында стритбол турнирі өтті
Құқық

Қызылордада QYZYLORDA STREET SPORT FEST аясында стритбол турнирі өтті

0

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту және есірткіге қарсы мәдениетті...

Қызылорда облысында «Ішімдіксіз ауыл» профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Қызылорда облысында «Ішімдіксіз ауыл» профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Заманауи техника өндіріс тиімділігін арттыруда

Заманауи техника өндіріс тиімділігін арттыруда

Теміржол саласы мен инфрақұрылымын дамыту мәселесі қаралды

Теміржол саласы мен инфрақұрылымын дамыту мәселесі қаралды

Шиеліде аудан әкімінің кубогына арналған шағын футбол турнирі басталды

Шиеліде аудан әкімінің кубогына арналған шағын футбол турнирі басталды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қызылордада QYZYLORDA STREET SPORT FEST аясында стритбол турнирі өтті
  • Қызылорда облысында «Ішімдіксіз ауыл» профилактикалық іс-шарасы өткізілуде
  • Заманауи техника өндіріс тиімділігін арттыруда
  • Теміржол саласы мен инфрақұрылымын дамыту мәселесі қаралды
  • Шиеліде аудан әкімінің кубогына арналған шағын футбол турнирі басталды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі