Ауданда осы мақсатта құрылған комиссияның мүшелері Әйтеке би кентін аралап, тексеру жұмыстарын жүргізді. Комиссия жүргізген тексерістер кезінде сәулет талаптарын сақтамау, тротуарларды заңсыз қоршау, кәсіпкерлік нысандардың аумағында санитарлық-тазалықтың сақталмауы мен абаттандыру қағидаларын бұзу сияқты бірқатар заңбұзушылықтар анықталуда.
Осыған сәйкес меншік иелеріне Заңға сәйкес тиісті шаралар көріліп, ескертпе жұмыстары жасалды. Бұл бағыттағы жұмыстар аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес аудан аумағанда әрі қарайда жалғаса беретін болады.









