• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 19 наурыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Бірыңғай ваучер жүйесін енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылады

Елімізде балалардың спорт, өнер және қосымша білім алуына жағдай жасау мақсатында бірыңғай ваучер жүйесінің пилоттық жобасы қолға алынды.

20.06.2025
in Қоғам
0
498
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Бұл жүйе балалардың үйірмелер мен секцияларға қатысуын жеңілдетіп, қаржыландырудың ашық әрі тиімді жүргізілуін қамтамасыз етеді. Осы туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Ғалия Байсынова айтты.

— Балалардың спорт, өнер және қосымша білім алу мүмкіндіктерін жақсарту мақсатында 2025 жылдың 1 маусымынан бастап бірыңғай ваучер жүйесінің пилоттық жобасы іске қосылады. Бұл жоба еліміздің алты қаласында — Астана, Шымкент, Қарағанды, Ақтөбе, Атырау және Қызылордада жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда мемлекет балалардың үйірмелер мен секцияларға қатысуына қаржылай қолдау көрсетуде. Алайда жүргізілген бақылаулар кезінде кейбір кемшіліктер байқалды. Мысалы, балалардың шын мәнінде қатыспауы немесе сабақтардың санитарлық талаптарға сай келмеуі сияқты жағдайлар орын алған. Бұл қаржыны тиімді әрі дұрыс пайдалану үшін қолайсыз жағдайлар туғызды. Осы мәселелерді шешу үшін жаңа цифрлық жүйе енгізіледі. Енді ваучерлер тікелей балаға беріледі, яғни қаржыландыру нақты балаларға бағытталады. Бұл ата-аналарға балаларына ең қолайлы үйірме немесе секцияны таңдауға мүмкіндік береді. Платформа балалардың сабаққа қатысуын нақты тіркеп, қаржыны ашық әрі тиімді жұмсауға жағдай жасайды. Сонымен қатар, балалардың жас ерекшелігі мен отбасының жағдайына қарай кезек әділ реттеледі. Жаңа жүйе мемлекеттік және жекеменшік ұйымдарды біріктіріп, қызмет көрсету сапасын арттырады. Үйірмелер мен секцияларда санитарлық талаптар мен қауіпсіздік шаралары қатаң сақталады, сондай-ақ кәсіби мамандар жұмыс істейді. Бұл жоба балалардың жан-жақты дамуына жағдай жасап, қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталған маңызды бастама болып табылады,-деді, Ғалия Балтабекқызы.

Сонымен қатар, облыстық денешынықтыру, спорт және туризм басқармасы басшысының орынбасары Серік Жұматов жаңа жобаның спорт саласын дамытудағы маңызын атап өтті.

— Бірыңғай ваучер жүйесін енгізу — балалардың спортпен шұғылдану мүмкіндіктерін кеңейтіп, қаржыландырудың ашық әрі әділ жүргізілуін қамтамасыз ететін маңызды бастама. Бұл жоба спорт секцияларына, үйірмелерге балалардың еркін қатысуына жағдай жасап, олардың спортқа деген қызығушылығын арттырады. Сонымен бірге, қаржы нақты спортпен айналысатын балаларға бағытталып, ресурстар тиімді жұмсалады. Жаңа жүйе спорт саласының дамуына серпін беріп, балалардың денсаулығы мен физикалық дайындығын нығайтуға мүмкіндік береді. Облысымыздың спорт инфрақұрылымын жетілдіруде бұл жоба ерекше рөл атқарады. Біз бұл бастама арқылы балалардың жан-жақты дамуына және спорт мәдениетін қалыптастыруға үлкен үлес қосатынымызға сенімдіміз,-деді, Серік Айдарбекұлы.

Алдыңғы мақала

Қазалы ауданында әлеуметтік қолдау жүйесін цифрлық форматқа көшіру жобасы аясында оқыту семинар өтті

Келесі мақала

Әйелін өлтірген ер адам 25-қабаттан секіріп кетіп, тірі қалды

Оқи отырыңыз

Случай в школе
Қоғам

Мектепте қатарластарына балтамен шабуыл жасаған оқушы қамауға алынды

Әкесін ұрып соққан түркістандық 5 жылға сотталды
Құқық

Әкесін ұрып соққан түркістандық 5 жылға сотталды

Жылу, проблема
Қоғам

Жаңа үйден ауру таптық!

Шымкенттік ару “Miss Qazaqstan 2025″ байқауында жеңімпаз атанды
Қоғам

Шымкенттік ару “Miss Qazaqstan 2025″ байқауында жеңімпаз атанды

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді

Референдум: Қызылорда облысының 378 учаскесінде дауыс беру басталды

Пробация есебіндегі сотталғанға электронды мүгедектік арба алып берілді

Қызылорда облысында отбасылық спорттық жарыстар өтті

Өзекті жаңалықтар

Жаңақорғанда ұлттық киім күніне орай челлендж ұйымдастырылды
Қоғам

Жаңақорғанда ұлттық киім күніне орай челлендж ұйымдастырылды

0

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қазақ халқының дәстүрлі киім үлгілерін кеңінен насихаттау және жас...

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Жаңақорғанда ұлттық киім күніне орай челлендж ұйымдастырылды
  • «Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті
  • Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы
  • «Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда
  • Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі