• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сәрсенбі, 18 наурыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Мәдениет

«Достық үйінің» құрылысы аймақ басшысының бақылауында

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жауапты сала басшыларымен бірге жаңадан бой көтерген "Достық үйінің" құрылыс жұмыстарының барысын тексерді, - деп хабарлайды "PostScript.kz" ақпараттық агенттігі.

14.08.2025
in Мәдениет
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Ассамблеяның 30 жылдығы аясында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» қолдауымен 3 млрд. 800 млн. теңгеге «Достық үйі» жаңадан салынуда.
Мердігер мекеме — «Астана Сервис ЛТД» ЖШС, құны 3,5 млрд.теңге. Құрылыс 11 сәуірде басталды, бүгінде бірінші және екінші қабаттың колонна-ригельдері құйылып бітті, екінші қабаттың жабын плитасы қойылуда. Цокольді қабаттың ішкі инженерлік желілері, ішкі сылақ жұмыстары, сыртқы инженерлік желілері жүргізілуде. Нысан басында 5 техника, 62 адам жұмысқа жұмылдырылған. Құрылысты қараша айында толық аяқтау жоспарлануда.
Ғимарат ашық кеңістік астында түрлі форумдар, лекциялар, көрмелер, концерттер және т.б. іс-шараларды өткізуге арналған. Күн сәулесінен қорғайтын өрнектері бар сәндік панельдермен перфорацияланған. Офис бөлмелері екінші және үшінші қабаттарда орналасады.
Аймақ басшысы құрылысқа қойылатын басты талап сапа екенін атап өтіп, жұмысты белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.
Айта кетейік, Мемлекет басшысының, Үкіметтің қолдауымен аймағымыз қарқынды құрылыс алаңына айналды. Облыс бойынша 166 млрд. 800 млн. теңгеге 96 жобаның құрылысы жүруде.
Қызылорда қаласында қуаттылығы 240 мегаваттық жаңа жылу-электр орталығының құрылысы жылдың соңына дейін аяқталып, ел игілігіне пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Оңтүстік өңірлерде электр энергиясының тапшылығын болдырмау мақсатында, қуаттылығы 1100 МВт, құны 892 млрд теңге бу-газ қондырғысын салу келісілді. Бұл мегажоба 2028 жылы толығымен іске қосылады.
Жақында облыс орталығында балалар мен жасөспірімдерге арналған, құны 11 млрд. теңге «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясы өз жұмысын бастады.
Физика-математика бағытындағы «Білім-инновация» лицей-интернаты, Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледжінің жаңа ғимараттары ел игілігіне берілді.
Облыстық тарихи-өлкетану музейі салтанатты түрде ашылды. Президентіміздің қолдауымен Қызылорда қаласында 26 млрд. 500 млн. теңгеге 11 мың орындық жаңа стадион, «Қазақстан халқына» қорының демеушілігімен 2 млрд. 900 млн. теңгеге мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы қарқынды жүруде. Сыр жұртшылығы асыға күткен нысандар алдағы қыркүйек айында ашылады.
Облыс орталығындағы құны 20 млрд. 500 млн. теңге болатын көпбейінді «Қызылорда Арена» спорт кешенінің құрылыс алаңында да қызу жұмыс атқарылуда.

Қызылорда облысы әкімінң баспасөз қызметі

Алдыңғы мақала

Аймақ басшысы «6ELLUCCI» тобының мүшелері мен продюсерлерін қабылдады

Келесі мақала

Бала өмірі — біздің жауапкершілік

Оқи отырыңыз

«Аяқ-қолымды қысып, зорлады». Қызылордада 15 жастағы студент қыз жігіттен көрген азабын айтты
Оқиғалар

«Аяқ-қолымды қысып, зорлады». Қызылордада 15 жастағы студент қыз жігіттен көрген азабын айтты

Қызылорда облысында қызмет бабында қаза болған полицейдің құрметіне «Жас сақшы» полиция сыныбы ашылды
Білім

Қызылорда облысында қызмет бабында қаза болған полицейдің құрметіне «Жас сақшы» полиция сыныбы ашылды

Қызылорда: Әуежайдың өткізу қабілеті жылына 300 мыңнан 500 мың жолаушыға дейін ұлғайды
Қоғам

Қызылорда: Әуежайдың өткізу қабілеті жылына 300 мыңнан 500 мың жолаушыға дейін ұлғайды

Жасанды интеллектіні пайдаланып, аса қауіпті қару жасайтындар пайда болды
Әлемде

Жасанды интеллектіні пайдаланып, аса қауіпті қару жасайтындар пайда болды

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді

Референдум: Қызылорда облысының 378 учаскесінде дауыс беру басталды

Пробация есебіндегі сотталғанға электронды мүгедектік арба алып берілді

Қызылорда облысында отбасылық спорттық жарыстар өтті

Өзекті жаңалықтар

Жаңақорғанда ұлттық киім күніне орай челлендж ұйымдастырылды
Қоғам

Жаңақорғанда ұлттық киім күніне орай челлендж ұйымдастырылды

0

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қазақ халқының дәстүрлі киім үлгілерін кеңінен насихаттау және жас...

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Жаңақорғанда ұлттық киім күніне орай челлендж ұйымдастырылды
  • «Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті
  • Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы
  • «Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда
  • Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі