• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 11 қазан, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Өнер

Аймақ басшысы «6ELLUCCI» тобының мүшелері мен продюсерлерін қабылдады

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «6ELLUCCI» тобының мүшелері мен продюсерлерін қабылдады. Кездесуде шығармашылық ұжымға сәттілік тілеп, Қызылорда өңіріндегі бастамаларды республикаға танытуға қосқан үлесі үшін «Сыр жұлдыздары» арнайы дипломын табыстады, - деп хабарлайды "PostScript.kz" ақпараттық агенттігі.

14.08.2025
in Өнер
0
499
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

 

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Еліміздің келешегі ойы ұшқыр, терең білімді, заманауи көзқарастағы жастардың қолында» — деген болатын. Сыр өңірінде көшбасшы, озат, ғылым мен білімге құштар жастарымыз өте көп.
Өздеріңізге белгілі, біздің аймақтан талай таланттар түлеген. «КЗО 11» заманауи әуенін орындаушы ретінде Сіздердің жетістіктеріңізді әлеуметтік желілерден, телеарналардан көрдік. Жастар арасында жоғары танымалдыққа ие болып, көпшіліктің құрметі мен қошеметіне бөлендіңіздер.
Әлеуметтік желілерде Сіздердің әндеріңіз арқылы Қызылордада соңғы уақытта атқарылған ауқымды істер мен маңызды жобалар кеңінен насихатталуда. Өз шығармашылықтарыңыз арқылы аймағымыздың, Сыр өңірінің абыройын асқақтатуға зор үлес қосып келесіздер. Еңбектеріңіздің жемісін көріп, іздеріңізден ерген қаракөздерімізге үлгі-өнегелі көрсете беріңіздер», — деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Кездесу соңында топ мүшелері мен продюсерлер аймақ басшысына шынайы ризашылық білдіріп, бүгінгі қабылдаудың шығармашылыққа үлкен қолдау екенін атап өтті.

2023 жылдың 26 мамырында құрылған «6ELLUCCI» тобы бүгінде қазақстандық рэп жанрын қарқынды дамытып, тыңдармандардың зор қызығушылығына ие болуда. Топ Алматы қаласында жұмыс істейді және елімізге танымал Jamal & Ganja продюсерлік лейблінің құрамына енген.
Білікті продюсерлердің кәсіби қолдауының арқасында «6ELLUCCI» шығармашылық тұрғыда өсіп, студиялық жазбалар мен музыкалық продакшн сапасын жаңа деңгейге көтеріп келеді.
Топтың шығармашылығы музыкалық платформаларда кеңінен таралып, тыңдарман жүрегінен орын тапты. «Ideal» атты синглы жүздеген мың көрілім жинап, Қазақстандағы үздік музыкалық парадтар қатарына енді.
Сондай-ақ, «Көбелек» трегі мен Ghetto Dogs тобымен бірлесіп жазған «KZO II» коллаборациясы да үлкен табысқа жетіп, тыңдармандардың ыстық ықыласына бөленді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алдыңғы мақала

«Таза бейсенбі»: «Жеңіс саябағы» тазартылды

Келесі мақала

«Достық үйінің» құрылысы аймақ басшысының бақылауында

Оқи отырыңыз

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті
Қоғам

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді
Білім

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады
Қоғам

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді
Қоғам

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде 5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Қызылорда облысында оқушыларға арналған семинар-тренинг өткізілді

Қазалыда орман тұқымбағының жұмысы таныстырылды

Қызылорда облысында есірткіге қарсы байқау өткізілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен соңғы жеті жылда Қазақстанда цифрлық трансформация қарқынды дамып, елдің технологиялық әлеуеті жаңа деңгейге көтерілді.

Өзекті жаңалықтар

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті
Қоғам

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті

0

Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының...

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде  5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде 5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті
  • Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді
  • Ардагерлер бірқатар нысанды аралады
  • Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді
  • Қызылордада бір аптадағы рейд нәтижесінде 5 мыңға жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі