• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жұма, 1 тамыз, 2025
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Басты бет Әлеумет және экономика

Экономикалық штаб: Қазақстан 6% ЖІӨ өсіміне қалай қол жеткізбек?

Вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин өткізген кеңесте биылғы 5 айдағы еліміздің ЖІӨ өсімінің құрамдас бөлігі мен экономикаға қомақты үлес қосып отырған салалардың даму серпінін арттыру мүмкіндіктері талқыланды.

16.06.2025
in Әлеумет және экономика
0
491
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Өнеркәсіп экономикалық өсудің негізгі қозғаушы күші болып қала береді: 2024 жылғы қорытынды бойынша оның ЖІӨ-дегі үлесі 25,7%-ды құрады. 2025 жылғы қаңтар–мамыр айларында сала 6,4%-ға өскен. Дегенмен, қарқын бәсеңдеп барады: бір ай бұрын өсім 6,6%-ды құраған. Оның басты себебі – өндірістің өскеніне қарамастан өңдеу өнеркәсібінің баяулауы. Өнеркәсіптік өндіріс индексінің төмендеуі үш өңірде: Шығыс Қазақстан облысы (90,4%), Ұлытау облысы (96,2%) және Қостанай облысында (97,6%) тіркелді.

Өңдеу жоспарынан артта қалу, ең алдымен, өңдеу өнеркәсібінің 40%-ын құрайтын металлургиямен байланысты. Кеңесте басқа сегменттердегі – машина жасау, тамақ, химия және мұнай өңдеу өнеркәсібіндегі өсу әлеуеті де қарастырылды.

Белсенді өсу қарқыны бар тағы бір сала – құрылыс. Оның 5 айдағы өсімі 15,4%-ды, жұмыс көлемі 2 трлн теңгені құрады. Алайда, екі өңір, Атырау мен Ұлытау облыстары артта қалып келеді. Атырауда (жоспардың 43,2%) ТШО жобасы шеңберінде зауыт жұмысының тоқтауына байланысты, Ұлытауда (78,4%) тау-кен өндіру саласындағы нысандар салу мен жөндеудің қысқаруына байланысты қарқын бәсеңдеген.

Тұрғын үй құрылысы саласында биыл 19 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру міндеті тұр. Соңғы 5 айда 6 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл 2024 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 5,7%-ға жоғары.

«Біздің мақсатымыз – биыл ЖІӨ 6%-дық өсіміне қол жеткізу. Ол үшін нақты сектордағы барлық сала белгіленген индикаторға сәйкес жұмыс істеуі тиіс. Әкімшілік кедергілерді жедел жойып, компаниялар өз өнімін шығаруды ұлғайтуы үшін әрбір саладағы қарқынның баяулауы есебінен нақты айлық жоспарлар әзірлеу қажет», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.

Алдыңғы мақала

Қазақстандық туристер Дубайдан шұғыл оралды

Келесі мақала

Иран ядролық қарудан бас тартуға дайын екенін мәлімдеді

Оқи отырыңыз

Аймақ басшысы Қызылорда су торабының қазіргі жағдайын көрді
Қоғам

Аймақ басшысы Қызылорда су торабының қазіргі жағдайын көрді

Еңбек нарығын дамыту және цифрландыру мәселелері талқыланды
Әлеумет және экономика

Еңбек нарығын дамыту және цифрландыру мәселелері талқыланды

Қызылордада картон зауыты іске қосылады
Бизнес

Қызылордада картон зауыты іске қосылады

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары тағайындалды
Қоғам

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Жантүршігерлік оқиға: Адамдар мінген аттракцион құлады

Экономиканың  барлық бағыты бойынша оң серпін бар

Премьер-министрдің орынбасары «Мағжан и К» шаруа қожалығының жұмысымен танысты

Қазақстанның жүрек-қан тамырлары аурулары мен қатерлі ісікке қарсы күрестегі жетістіктері ДДҰ баяндамасында атап өтілді

Премьер-министр Қызылорда облысында гидронысандардың жай-күйін және су үнемдеу технологияларын енгізу барысын тексерді

Респонденттердің 79,4%-ы ел дұрыс бағытта дамып келеді деп санайды

Өзекті жаңалықтар

83 жастағы әже көпқабатты үйдің терезесінен құлап, көз жұмды
Қоғам

83 жастағы әже көпқабатты үйдің терезесінен құлап, көз жұмды

0

Оқиға 30 шілде күні қаладағы Алматы көшесінде болған. — Анықталғандай, қарт әйел бесінші қабатта терезе жуған кезде...

Кәсіби даярлық-сапалы медицина кепілі

Кәсіби даярлық-сапалы медицина кепілі

Елімізде бензин бағасы тағы да көтеріледі

Елімізде бензин бағасы тағы да көтеріледі

Жантүршігерлік оқиға: Адамдар мінген аттракцион құлады

Жантүршігерлік оқиға: Адамдар мінген аттракцион құлады

Экономиканың  барлық бағыты бойынша оң серпін бар

Экономиканың  барлық бағыты бойынша оң серпін бар

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Яндекс.Метрика
Соңғы жаңалықтар
  • 83 жастағы әже көпқабатты үйдің терезесінен құлап, көз жұмды
  • Кәсіби даярлық-сапалы медицина кепілі
  • Елімізде бензин бағасы тағы да көтеріледі
  • Жантүршігерлік оқиға: Адамдар мінген аттракцион құлады
  • Экономиканың  барлық бағыты бойынша оң серпін бар
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі