• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 7 желтоқсан, 2025
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Еңбек күні қарсаңында «Үлгілі елді мекен» облыстық конкурсы жеңімпаздарына 19 коммуналдық техника табысталды

Бүгін Еңбек күні қарсаңында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Қызылордадағы Өнер орталығында «Адал еңбек – адал азамат» атты салтанатты шара ұйымдастырылды. Оған ҚР Парламенті Сенатының депутаты Н.Байқадамов, Мәжіліс депутаты М.Әбенов пен құқық қорғау органдарының басшылары, қала, аудан әкімдері, еңбек ардагерлері, зиялы қауым, шаруашылық өкілдері қатысты, - деп хабарлайды "PostScript.kz" ақпараттық агенттігі.

27.09.2025
in Қоғам
0
default

default

492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Салтанатты жиында аймақ басшысы «Үлгілі елді мекен» облыстық конкурсы жеңімпаздарына 19 арнайы коммуналдық техника және қаржылай сыйақы табыстады.

«Президентіміздің бастамасымен қолға алынған
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы өңірімізде қарқынды жүзеге асуда. Қаламыздағы, аудан орталықтарындағы, ауылдардағы парктер, скверлер мен аллеяларды, көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын абаттандырудамыз. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, тынымсыз еңбек еткен жерлестеріміздің арқасында облысымыз таза әрі көркем аймаққа айналып келеді.
«Ауыл – ел бесігі», — деп дана халқымыз бекер айтпаған. Ауылды дамыту – мемлекеттік саясаттың аса маңызды стратегиялық мақсаттарының бірі.
Елді мекендерді дамыту, оның ішінде ауылдағы ағайынның өмір сапасын жақсарту, қолайлы орта қалыптастыру, ауылдағы көркейту-көгалдандыру жұмыстарын ынталандыру мақсатында 2023 жылдан бастап дәстүрлі түрде «Үлгілі елді мекен» конкурсы өткізілуде.
Биыл 564 млн. теңгеге 19 техника сатып алынды.
Әр аудандағы бір ауылды абаттандыру, көркейту жұмыстарына 100 млн. теңгеден астам қаржы беріледі.
Ауыл-аймақтың ажарын айшықтап, келбетін көркем етуге бағытталған «Үлгілі елді мекен» конкурсы алдағы уақытта да дәстүрлі түрде жалғасады.
Келер жылы конкурсты өткізуге облыстық бюджеттен
500 млн. теңгеден астам қаржы бөлінеді.
Бірліктің туын биік ұстап, туған жеріміздің келбетін көркейту жолында аянбай қызмет етіп жүрген еңбек адамдарын әрдайым құрметтейміз!», — деді Н.Нәлібаев.

Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Үлгілі елді мекен» конкурсының «Үлгілі ауыл» номинациясы бойынша 1-орынды Сырдария ауданының Нағи Ілиясов ауылы, 2-орынды Арал ауданының Қызылжар ауылы, 3-орынды Қармақшы ауданының Ақжар ауылы жеңіп алды.
«Үлгілі аудан» номинациясы бойынша 1-орынды Шиелі кенті, 2-орынды Әйтеке би кенті, 3-орынды Жаңақорған кенті иеленді.
Тірек және серіктес елді мекендер санатына кірмейтін ауылдардың абаттандыру жобаларын қаржыландыруға 15 млн.теңгенің сертификаттары табысталды. Атап айтсақ, Арал ауданының Ақбай, Қазалы ауданының Бөзкөл, Қармақшы ауданының Қуандария, Жалағаш ауданының Жаңадария, Сырдария ауданының Іңкәрдария, Шиелі ауданының Майлытоғай және Жаңақорған ауданының Қыраш ауылдарына берілді.
Еске салайық, соңғы екі жылда конкурс жеңімпаздарына 1 млрд. 500 млн. теңгенің күнделікті ел тұрмысына қажетті заманауи үлгідегі 48 арнайы техникасы табысталған болатын.

 

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алдыңғы мақала

Балалардың қауіпсіздігі – басты назарда

Келесі мақала

«Оны жек көретін едім» — Қарақат Әбілдина

Оқи отырыңыз

Шымкенттік ару “Miss Qazaqstan 2025″ байқауында жеңімпаз атанды
Қоғам

Шымкенттік ару “Miss Qazaqstan 2025″ байқауында жеңімпаз атанды

“Келешек мектебі” заманауи талаптарға сай
Білім

“Келешек мектебі” заманауи талаптарға сай

Енді мектептерде жүзу сабағы міндетті пән ретінде енгізілмек
Білім

Енді мектептерде жүзу сабағы міндетті пән ретінде енгізілмек

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қызылорда облысына сапары «Қорқыт ата» халықаралық әуежайының жаңа терминалымен танысудан басталды
Қоғам

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қызылорда облысына сапары «Қорқыт ата» халықаралық әуежайының жаңа терминалымен танысудан басталды

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада Қазалы ауданының ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

Қазалыда “Жыр тербеткен жүрегін” атты жыршы-термешілердің байқауы өтті

Сырдария ауданында рейд жұмыстары жүргізілді

Қазалы ауданының әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Теміржол өткелдеріне резиналық төсеніштер салынуда

Салаға бағыттаған нық ниет

Өзекті жаңалықтар

Қызылордада Сырдария ауданының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті
Қоғам

Қызылордада Сырдария ауданының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

0

Жәрмеңке Қызылорда қаласындағы Д.Қонаев пен Е.Әуелбеков көшелерінің қиылысында өтті. Іс-шараға Сырдария ауданынан 42 көлікпен жалпы 105 тонна...

Қазалыда түнгі рейд жұмыстары жүруде

Қазалыда түнгі рейд жұмыстары жүруде

Қазалы ауданының әкімі бірқатар нысандарды аралады

Қазалы ауданының әкімі бірқатар нысандарды аралады

Қызылордада Қазалы ауданының ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

Қызылордада Қазалы ауданының ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

Қазалыда “Жыр тербеткен жүрегін” атты жыршы-термешілердің байқауы өтті

Қазалыда “Жыр тербеткен жүрегін” атты жыршы-термешілердің байқауы өтті

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Яндекс.Метрика
Соңғы жаңалықтар
  • Қызылордада Сырдария ауданының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті
  • Қазалыда түнгі рейд жұмыстары жүруде
  • Қазалы ауданының әкімі бірқатар нысандарды аралады
  • Қызылордада Қазалы ауданының ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтті
  • Қазалыда “Жыр тербеткен жүрегін” атты жыршы-термешілердің байқауы өтті
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі