• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 15 маусым, 2025
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Басты бет Денсаулық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медицина саласы қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі

Президент жиналған қауымды Медицина қызметкері күнімен құттықтап, осы мерекеге орай дәрігерлермен Ақордада алғаш рет кездесіп отырғанын әрі бұл жиынның мән-мағынасы ерекше екенін атап өтті.

13.06.2025
in Денсаулық, Саясат
0
496
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

– Халқымыз «Бірінші байлық – денсаулық» деп бекер айтпаған. Шын мәнінде, ұлт саулығы – еліміз үшін аса маңызды құндылық. Әлемнің «екінші ұстазы» – Әл-Фараби медицинаны өнер деп бағалаған. Расында, дәрігер болу – жүректің ісі. Бұл – екінің бірі аяқ баса бермейтін жүгі ауыр, күрделі жұмыс. Медицина қызметкерлері – ұлт саулығының сақшылары, ең қадірлі мамандық иелері. Әсіресе, жаһандық індет, яғни, ковид кезінде бүкіл ел дәрігерлердің адал қызметіне куә болды. Күрделі кезеңде медицина мамандары мыңдаған адамды құтқарып қалды. Біз абзал жандардың табанды еңбегін бағалаймыз. Олардың қайсарлығын мақтан тұтамыз. «Бір адамның өмірін құтқару барша адамзатты құтқарумен бірдей». Дәрігерлер ота кезінде, аурухана палатасында күн сайын ерлік жасайды десек, артық болмайды. Жедел жәрдем көлігінде адам өміріне араша түсетін сәттер болады. Сондықтан сіздер, құрметті медицина қызметкерлері, бейбіт күннің батырлары деген атқа лайықсыздар. Мен барша медицина мамандарына зор ризашылығымды білдіремін, – деді Мемлекет басшысы.

Aqorda

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ дәрігерлері қай кезде болсын, ел мүддесін бәрінен биік қоя білгенін, ұлт қайраткерлері Халел Досмұхамедов пен Санжар Асфендияровтың белгілі дәрігер болғанын, олар халқымыздың азаттығы үшін де, саулығы үшін де аянбай күрескенін атап өтті.

– Бүгінде еліміздің денсаулық сақтау саласында 380 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Әр маманның еңбегі орасан зор. Ұлт саулығын сақтауға бүкіл өмірін арнаған тұтас әулеттер бар. Алматыдағы Джувашевтер әулетінен 13 адам медицина саласын таңдаған. Олардың жалпы еңбек өтілі – 375 жыл. Ал Атырау облысындағы Шанаевтар әулетінен 16 дәрігер шыққан. Мұндай еңбек династияларының ғибратты жолы – көпке үлгі-өнеге. Қазір ұлттық медицина саласы қарқынды дамып келе жатыр. Жетістіктеріміз аз емес. Елімізде орташа өмір сүру ұзақтығы 75,4 жасқа жетті. Ана мен бала өлімі шамамен 12 пайызға азайды. Бес жылда 800-ге жуық денсаулық сақтау нысаны, яғни, көптеген емхана мен аурухана салынды. Бұл жұмыс тоқтамайды, мемлекет алдағы уақытта да инфрақұрылымды дамыта береді. Ұлт саулығын жақсарту алғашқы медициналық көмектен басталады. Елімізде ауылдық жердегі медицина жүйесін жаңғыртуға арналған ұлттық жоба жүзеге асырылып жатыр. Бүгінде 469 ғимарат бой көтерді. Жыл соңына дейін тағы 186 нысан салынады. Аудандық ауруханалар заманға сай құралдармен жабдықталып жатыр, – деді Президент.

Aqorda.kz

Мемлекет басшысы елімізде медициналық туризм қарқынды түрде дамып келе жатқанын жеткізді. Жыл сайын 45 мемлекеттен шамамен 10 мың адам Қазақстанға емделу үшін арнайы келеді. Бұл еліміздегі дәрігерлік көмектің сапасы жоғары екенін көрсетеді.

– Бүгінде көптеген ауруханаларымыз халықаралық аккредиттеуден өткен. Нейрохирургия мен Кардиохирургия ұлттық орталықтары әлемдік клиникалар деңгейінде жоғары технологиялы медициналық қызмет көрсетеді. Қазақстандық дәрігерлер жүрекке жыл сайын мыңдаған ашық операция жасайды. Емделушілердің қатарында тіпті, жаңа туған нәрестелер де бар. Елімізде органдарды трансплантациялау ісі жоспарлы түрде дамып келеді. Жуырда жүрек ауыстыруға арналған жүзінші ота сәтті өтті. Биыл алғаш рет бір мезетте үш адамға үш донордың бүйрегін тоғыспалы трансплантация тәсілімен салды. Өздеріне сәйкес келетін органдарды алу үшін пациенттер бір-біріне донор болды. Мұндай күрделі операциялар дүние жүзінде алты елде ғана жасалады. Онкологиялық ауруларды емдеуге сәуле терапиясының озық әдістері қолданылып жатыр. Былтырдан бері елімізде мүлде жаңа бағыт – фетальді медицина дами бастады. Яғни, бұл – ана құрсағындағы шаранаға операция жасау деген сөз. Мұндай бірегей медициналық көмек көптеген баланың дүниеге дені сау болып келуіне мүмкіндік сыйлайды. Сирек кездесетін сырқаты бар адамдарды емдеу мен денсаулығын жақсартуға ерекше мән берілуде. Мемлекеттің алдында мұндай науқастарды шетелдік қымбат дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету секілді күрделі міндет тұр. Осы орайда менің ұсынысым бойынша құрылған «Қазақстан халқына» қоры үлкен қолдау көрсетіп отыр, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы еліміздің фармацевтикалық өнеркәсіпті дамытуға айрықша назар аударатынын айтты.

– Ірі халықаралық инвесторларды тарта отырып, стратегиялық сипат алған бұл саланы дамытуға күш салу маңызды. Алдағы уақытта медицина ғылымының әлеуетін толықтай игеру керек. Ол үшін қазірдің өзінде берік негіз бар. Ғалымдарымыз онкология, трансплантология, неонатология, генетика, биомедицина салаларында тың жаңалықтар ашты. Қан ауруларын емдеуге отандық препараттар қолданылып жатыр. Жасанды интеллект сырқаттарды анықтау мен емдеудің көкжиегін кеңейтеді. Аталған перспективті салада айтарлықтай серпіліс жасау қажет. Ядролық медицинаның мүмкіндігін де барынша пайдаланған жөн. Денсаулық сақтау жүйесін дамыту, ең алдымен, азаматтардың әл-ауқатын көтеруге бағытталған. Өйткені медицинаның деңгейі мен қолжетімділігі – елдегі өмір сапасының негізгі көрсеткіші, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкерлерін әлеуметтік тұрғыдан қолдау, олардың мәртебесін көтеру – мемлекеттің негізгі міндетінің бірі екеніне тоқталды.

– Менің тапсырмаммен былтырдан бастап «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» атағы беріле бастады. Бұл – медицина қызметкерлеріне деген айрықша құрметтің белгісі. Соңғы 5 жылда денсаулық сақтау саласындағы жалақы екі есеге жуық өсті. Медицина кадрларын даярлайтын жоғары оқу орындары мен колледждердің шәкіртақысы көбейді. Жас мамандардың білікті дәрігерден тағылым алып, кәсібіне тез бейімделіп кетуіне барынша жағдай жасалуда. Жалпы, денсаулық сақтау ісіне бөлінетін қаржы жыл өткен сайын артып келе жатыр. Биыл оның көлемі 2,6 триллион теңгеге жетті. Мемлекет медицина қызметкерлеріне қолдау көрсете береді. Дәрігерді халықтың қамқоршысы деуге болады. Барша жұрт мұны терең түсініп, оларға әрдайым құрмет көрсетуге тиіс. Өкінішке қарай, қоғамда дәрігердің жұмысына кедергі жасап, тіпті, қоқан-лоқы көрсететін адамдар әлі де бар. Медицина қызметкерінің қауіпсіздігіне қатер төндіретін заңсыз әрекетке жол беруге болмайды. Қоғамдық тәртіпті бұзатын осындай адамдар міндетті түрде заң аясында жауапкершілікке тартылады. Заң мен тәртіп барлық жерде бірдей қатаң сақталуға тиіс. Біз сонда ғана Әділетті әрі Қауіпсіз Қазақстанды құра аламыз. Осы орайда медицина қызметкерінің рөлі айрықша, – деді Мемлекет басшысы.

Aqorda.kz

Президент дәрігерлердің еңбегі қашанда лайықты бағалануы керек екенін айтып, медицина майталмандарын мемлекеттік наградамен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойғанын жеткізді.
P/S. Жиында С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің кафедра меңгерушісі Құралбай Құрақбаев, еңбек ардагері Жексенбай Нысанов, «Ұлттық биотехнология орталығы» ЖШС филиалының зертхана меңгерушісі Екатерина Остапчук сөз сөйледі.

aqorda.kz

Алдыңғы мақала

Электр самокаттарына қатысты өрттің алдын алу мақсатында профилактикалық шаралар ұйымдастырылды

Келесі мақала

Футболдан әуесқой командалар арасында облыс чемпионаты басталды

Оқи отырыңыз

«Бәсекелес болғым келмейді» — Айгүл Иманбаева
Өнер

«Бәсекелес болғым келмейді» — Айгүл Иманбаева

«Үшінші дүниежүзілік соғыс басталды»: Иран Израильге соққы жасап,  баллистикалық зымыран ұшырды
Әлемде

«Үшінші дүниежүзілік соғыс басталды»: Иран Израильге соққы жасап, баллистикалық зымыран ұшырды

Қызылордада кәуап пісіруші бастығының саусақтарын шауып тастады
Оқиғалар

Қызылордада кәуап пісіруші бастығының саусақтарын шауып тастады

Қызылордада санитарлық-техникалық бұйымдар өндіретін жаңа зауыт салынады
Саясат

Қызылордада санитарлық-техникалық бұйымдар өндіретін жаңа зауыт салынады

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

«Бәсекелес болғым келмейді» — Айгүл Иманбаева

Волейбол: Спортшыларымыз Азия чемпионы атанды

«Үшінші дүниежүзілік соғыс басталды»: Иран Израильге соққы жасап, баллистикалық зымыран ұшырды

Жедел жәрдем көлігі жаяу жүргіншіні қағып өлтірді

Аптап ыстық және төтенше өрт қаупі: Синоптиктер ауа райын болжады

Қызылорда облысында күрделі газ өндіру жобаларын жүзеге асыру мәселелері талқыланды

Өзекті жаңалықтар

Қазақстандық туристер Дубайдан шұғыл оралды
Қоғам

Қазақстандық туристер Дубайдан шұғыл оралды

0

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, FlyDubai рейстері бүгін сағат 02:45 пен 06:23 аралығында аталмыш елдердің әуе кеңістігін айналып...

«Жасанды интеллект институтын ашу жоспарланып отыр»- Премьер министр

«Жасанды интеллект институтын ашу жоспарланып отыр»- Премьер министр

Астана күнінде қазақстандықтар неше күн демалады

Астана күнінде қазақстандықтар неше күн демалады

«Бәсекелес болғым келмейді» — Айгүл Иманбаева

«Бәсекелес болғым келмейді» — Айгүл Иманбаева

Волейбол: Спортшыларымыз Азия чемпионы атанды

Волейбол: Спортшыларымыз Азия чемпионы атанды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Яндекс.Метрика
Соңғы жаңалықтар
  • Қазақстандық туристер Дубайдан шұғыл оралды
  • «Жасанды интеллект институтын ашу жоспарланып отыр»- Премьер министр
  • Астана күнінде қазақстандықтар неше күн демалады
  • «Бәсекелес болғым келмейді» — Айгүл Иманбаева
  • Волейбол: Спортшыларымыз Азия чемпионы атанды
  • «Үшінші дүниежүзілік соғыс басталды»: Иран Израильге соққы жасап, баллистикалық зымыран ұшырды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

Для заполнения данной формы включите JavaScript в браузере.
*
Загрузка

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі