• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 19 наурыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Мемлекеттік қызмет: Кәсібилік пен жауапкершілік жолы

Мемлекеттік қызмет – ел басқару ісіндегі негізгі тірек, барлық саланың үйлесімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін маңызды тетік.

20.06.2025
in Қоғам
0
495
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Халықтың билікке деген сенімі – ең алдымен, заман талабына сай, жауапкершілігі жоғары мемлекеттік қызметшінің іс-әрекетімен өлшенеді. Жыл басынан бері жергілікті атқарушы мемлекеттік органдар бойынша барлығы 140 қызметшінің білімін жетілдіру жұмыстары ұйымдастырылды. Әрине, ұдайы даму үдерісінде жүру — қоғам қажеттіліктеріне икемделе отырып, тиімді әрі сапалы қызмет көрсетуге ұмтылуға жол ашады. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Ерлеген Мендалиев айтты.

— Есепті кезеңде мемлекеттік әкімшілік қызметке кіруге үміткерлерді тестілеуге 734 адам қатысып, оның 165 немесе 22,5% шекті мәннен төмен емес нәтижеге ие болды. Құқық қорғау органдарына алғаш кіретін азаматтарды тестілеуге 263 адам қатысып, оның 84 немесе 32% шекті мәннен төмен емес нәтижеге ие болды.Жыл басынан бері Қызылорда облысындағы барлық деңгейдегі мемлекеттік органдарда 125 бос лауазымдарға орналасуға конкурстар өткізілді. 2024 жылы жүргізілген Өңірлік кадр резервіне іріктеуге өңіріміздің жастары белсенді қатысып, 235 үміткер өз құжаттарын тапсырып, іріктеу жұмыстары Қызылорда облысы бойынша сәтті аяқталды. Нәтижесімен Қызылорда облысының Өңірлік кадр резервіне алынған 25 кандидаттың 9-ы конкурстық іріктеусіз бос лауазымдарға тағайындалды. Оның ішінде 3-і басшы лауазымдар. Тағы 1 үміткер ҚР Президенті Әкімшілігіне шақырту алып, жаңа лауазымға орналасты. Өңірлік кадр резервінен тағайындаулар саны жағынан Қызылорда облысы алғашқы орындарда. D-O-2 санаты бойынша барлығы 11 мемлекеттік қызметші ротациялауға енгізілген. Бұл ретте, 6 қызметшінің қызметте болу мерзімі 5 жылдан асқандықтан облыс әкімдігімен мерзімін ұзарту бағытындағы шешім қабылданды. 5 қызметшінің 3-еуі бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға жарияланған конкурстарға қатысып, өзге қызметке орналасса, 1 мемлекеттік қызметші өзге D-O-2 санатындағы лауазыммен ротацияланды. 1 мемлекеттік қызметшінің ротациялану мерзімі 6 жыл толуына орай, құжаттары Агенттікке жолданып, келісім алынды. Сонымен, D-O-2 санаты бойынша алғашқы ротацияланушылардың жұмысы толық аяқталды. Әрі қарай, мерзімдері келген мемлекеттік қызметшілерді ротациялау Департаменттің бақылауында болады. E-1 санаты бойынша барлығы 2 мемлекеттік қызметші ротациялауға енгізілген. Оның 1-еуі аудан әкімінің Өкімімен ұзартылды. 1-нің мерзімі 6 жылдан астам болғандықтан құжаттары Агенттікке жолданып, 2 жылға ұзарту туралы келісім алынды. С-O-2 санаты бойынша 10 мемлекеттік қызметші ротациялауға енгізілып, толық ротациялану жұмыстары жүргізілді. Бұл ретте, 1 қызметшінің зейнеткерлік жасқа келуіне байланысты ротациядан босатылғандығын айтып өткен жөн,- деді Ерлеген Жәрдемұлы.

Алдыңғы мақала

Терроризмге қарсы облыстық комиссия отырысы өтті ​

Келесі мақала

Аймақта Қытайлық инвесторлардың қатысуымен 2 ірі зауыт іске қосылған

Оқи отырыңыз

Случай в школе
Қоғам

Мектепте қатарластарына балтамен шабуыл жасаған оқушы қамауға алынды

Әкесін ұрып соққан түркістандық 5 жылға сотталды
Құқық

Әкесін ұрып соққан түркістандық 5 жылға сотталды

Жылу, проблема
Қоғам

Жаңа үйден ауру таптық!

Шымкенттік ару “Miss Qazaqstan 2025″ байқауында жеңімпаз атанды
Қоғам

Шымкенттік ару “Miss Qazaqstan 2025″ байқауында жеңімпаз атанды

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді

Референдум: Қызылорда облысының 378 учаскесінде дауыс беру басталды

Пробация есебіндегі сотталғанға электронды мүгедектік арба алып берілді

Қызылорда облысында отбасылық спорттық жарыстар өтті

Өзекті жаңалықтар

Жаңақорғанда ұлттық киім күніне орай челлендж ұйымдастырылды
Қоғам

Жаңақорғанда ұлттық киім күніне орай челлендж ұйымдастырылды

0

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қазақ халқының дәстүрлі киім үлгілерін кеңінен насихаттау және жас...

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Жаңақорғанда ұлттық киім күніне орай челлендж ұйымдастырылды
  • «Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті
  • Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы
  • «Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда
  • Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі