• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сәрсенбі, 18 наурыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Оқиғалар

Қазақстандық жасөспірімдер жаңа қауіпті тренд бастады

Қазақстанда жасөспірімдер арасында “карбик” деп аталатын жаңа қауіпті тренд пайда болды. Олар автокөлік карбюраторын тазалайтын сұйықтықты иіскеп, есірткі шеккенге ұқсас әсер алады, - деп хабарлайды "Postscript.kz" ақпарат агенттігі.

25.06.2025
in Оқиғалар
0
498
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Мұндай аэрозольді баллондарды табу өте оңай, бағасы да қолжетімді. Оның құрамында ацетон, метил спирті, толуол және көмірсутектер бар. Оны иіскегендер есірткі шеккенге ұқсас әсер алады. Карбюраторларды тазалауға арналған бұл улы заттар тыныс алу жолдары арқылы ағзаға еніп, уландырып, ауыр асқынуларға, тіпті өлімге әкелуі мүмкін дейді мамандар.

“Бұл зат ең алдымен тыныс алу жүйесіне жүктеме салады. Яғни өкпеге, кейін жүрек-қан тамырлары ауруларына, түрлі астмаға себеп болуы мүмкін – бәрі осыдан зардап шегеді», – дейді балалар психологы Галина Мурзабаева.

«Карбиктің» арзан болғандықтан оған көбіне жасөспірімдер мен балалар әуес. Психологтардың айтуынша, оларды бұл қауіпті әдетке итермелейтін себептер – қатарластары арасында өзін дұрыс көрсетудің жолын таба алмауы, тезірек ересек болуға ұмтылу.

«Бұрын бензин, желім сияқты заттар қолданылатын. Ал қазір оттықтар, тұрмыстық газ сияқты заттар да пайда болды. Жаңа синтетикалық есірткілердің дамуымен қатар токсикомания саласында да қолданылатын заттардың түрі көбейіп жатыр», – дейді Психикалық денсаулықтың республикалық ғылыми-практикалық орталығы» РМК филиалының директоры Шайзат Тлеубаева.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, наркологиялық есепте 150-ден астам бала тіркелген. Оның 100-і – алкогольге тәуелді, 51-і – есірткіге тәуелді, тағы 11-і – токсикоманияға шалдыққан. Бұл – негізінен 15-17 жас аралығындағы жасөспірімдер. Бірақ бұл ресми көрсеткіштер ғана. Наркологтар мен полицияның назарына ілікпегендердің саны әлдеқайда көп болуы ықтимал.

“Көбіне бұл – 5-9 немесе 12-15 жас аралығындағы балалар. Мұндай балаларды ата-аналары немесе мұғалімдері әкеледі. Себебі бала ашушаң бола бастайды, оқуға деген қызығушылығы жоғалады, сыртқы келбетіне мән бермей кетеді және тағы басқа белгілер байқалады”, – дейді нарколог дәрігер Арай Әзімбекқызы.

Баланың улы затты қолданатынын көрсететін белгілері бар. Атап айтқанда, оның денесінен бөгде, өткір химиялық иіс шығады. Сонымен қатар мінез-құлқы мен сөйлеуіндегі өзгерістерге де назар аудару керек. Эйфориядан агрессияға дейінгі көңіл-күйдің жылдам ауысуы – тыйым салынған заттарды қолданудың тағы бір белгісі деп ескертті мамандар.

Stan.kz

Фото: видео скрин

Алдыңғы мақала

Жалағаш өнерпаздары Қызылорда аспанын әнге бөледі

Келесі мақала

Талғарда анасы мен баласы суға батып кеткен

Оқи отырыңыз

Случай в школе
Қоғам

Мектепте қатарластарына балтамен шабуыл жасаған оқушы қамауға алынды

Әкесін ұрып соққан түркістандық 5 жылға сотталды
Құқық

Әкесін ұрып соққан түркістандық 5 жылға сотталды

Жылу, проблема
Қоғам

Жаңа үйден ауру таптық!

Шымкенттік ару “Miss Qazaqstan 2025″ байқауында жеңімпаз атанды
Қоғам

Шымкенттік ару “Miss Qazaqstan 2025″ байқауында жеңімпаз атанды

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді

Референдум: Қызылорда облысының 378 учаскесінде дауыс беру басталды

Пробация есебіндегі сотталғанға электронды мүгедектік арба алып берілді

Қызылорда облысында отбасылық спорттық жарыстар өтті

Қызылордада «Киокушин – нашақорлыққа қарсы!» ұранымен облыстың ашық біріншілігі өтті

Өзекті жаңалықтар

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті
Спорт

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті

0

Берекелі шаңырақ иелері бас қосқан байқауға 40-қа жуық елоралық жас отбасы қатысты. Олар екі кезеңнен тұратын сайыста...

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді

Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті
  • Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы
  • «Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда
  • Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді
  • Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі