• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сәрсенбі, 17 желтоқсан, 2025
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Әлеумет және экономика

Қызылорда қаласының экономикалық дамуы тұрақты бағытта жүзеге асуда

Ағымдағы жылдың алғашқы алты айында Қызылорда қаласында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар нақты нәтижелерге қол жеткізілді. Қаланың бюджеті екі есеге жуық артып, өз кірістер жоспары артығымен орындалды, - деп хабарлайды "PostScript.kz" ақпараттық агенттігі.

23.07.2025
in Әлеумет және экономика
0
496
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Қызылорда қаласының бюджеті жыл басында 73,1 млрд теңге болып бекітілсе, аймақ басшысының қолдауымен жартыжылдық қорытындысымен 144,7 млрд теңгеге (198%) жетіп, екі есеге артты.
Инвестиция тарту, құрылыс және сауда салаларындағы өсім де ерекше байқалды. Бұл жетістіктер – жүйелі жоспарлау, тұрғындардың белсенділігі және мемлекеттік қолдаудың үйлесімді жемісі ретінде бағаланды. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Қызылорда қаласының әкімі Нұржан Ахатов мәлімдеді.
— Ағымдағы жылдың алғашқы жартысында Қызылорда қаласында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар оң нәтижелерге қол жеткіздік. Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру, Үкімет пен облыс әкімдігінің қолдауы, сондай-ақ қала тұрғындарының белсенділігі мен еңбекқорлығы нәтижесінде қаламызда даму қарқыны сақталуда. Жартыжылдық қорытындысы бойынша Қызылорда қаласының бюджеті 73 миллиард теңгеден 144 миллиард теңгеге дейін өсіп, екі есеге жуық ұлғайды. Бұл — салық түсімдері мен өз кірістердің артуы, мүлік пен кәсіпкерлік нысандарға қайта бағалау жүргізу сияқты нақты жұмыстардың нәтижесі. Қайта бағаланған бірнеше нысан есебінен бюджетке қосымша кірістер тартылып, жыл соңына дейін қосымша түсім көлемі арта түседі деп күтілуде. Бөлінген қаржы негізінен құрылыс, коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік қолдау, мәдениет пен спорт салаларын дамытуға бағытталуда. Соның нәтижесінде жаңа тұрғын үйлер мен әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысы қарқын алып, қала инфрақұрылымы кезең-кезеңімен жаңартылуда. Сонымен қатар, қаланың инвестициялық тартымдылығы артты. Ірі жобалар мен кәсіпкерлік бастамалар қолдау тауып, жаңа жұмыс орындары ашылуда. Сауда, өңдеу өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы салаларында өсім сақталып отыр. Бұл Қызылорданың экономикалық әлеуеті нығайып келе жатқанының айқын көрінісі. Біз үшін сандардың өсуі — тек көрсеткіш қана емес. Бұл — тұрғындардың тұрмыс сапасына тікелей әсер ететін нақты нәтиже. Алдағы уақытта да осы оң қарқынды сақтап, халықтың сұранысына сай жобаларды жүзеге асыруды жалғастырамыз. Қаламыздың дамуы — баршамызға ортақ міндет, – деді қала әкімі Нұржан Сәбитұлы.

Өңірлік Коммуникациялар Қызметі

Алдыңғы мақала

Димаш Құдайберген Қырғызстанның халық әртісі атағын алды

Келесі мақала

Маңғыстауда мектептің шатыры опырылып түсті

Оқи отырыңыз

Шымкенттік ару “Miss Qazaqstan 2025″ байқауында жеңімпаз атанды
Қоғам

Шымкенттік ару “Miss Qazaqstan 2025″ байқауында жеңімпаз атанды

“Келешек мектебі” заманауи талаптарға сай
Білім

“Келешек мектебі” заманауи талаптарға сай

Енді мектептерде жүзу сабағы міндетті пән ретінде енгізілмек
Білім

Енді мектептерде жүзу сабағы міндетті пән ретінде енгізілмек

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қызылорда облысына сапары «Қорқыт ата» халықаралық әуежайының жаңа терминалымен танысудан басталды
Қоғам

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қызылорда облысына сапары «Қорқыт ата» халықаралық әуежайының жаңа терминалымен танысудан басталды

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша комиссия отырысы өтті

Аудан әкімі комиссия отырысын өткізді

Сырдария — татулық пен достықтың мекені

Сырдарияда рейд жұмыстары жүргізілді

Сайлауалды бағдарламаның орындалуы партиялық бақылау комиссиясында талқыланды

Теміржол вокзалындағы құрылыс жұмыстары қарқынды

Өзекті жаңалықтар

Тоғыз жылдағы табанды із
Құқық

Тоғыз жылдағы табанды із

0

Оның мансаптық жолының әр бұралаңында үздіксіз ізденісі мен маңдай тері жатыр. 2016 жылы бақылаушы болып қызметке кіріп,...

Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері су айдындарында тұрғындар арасында қауіпсіздік шараларын түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері су айдындарында тұрғындар арасында қауіпсіздік шараларын түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Сырдариялық сазгер облыстық байқаудың жүлдегері атанды

Сырдариялық сазгер облыстық байқаудың жүлдегері атанды

Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша комиссия отырысы өтті

Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша комиссия отырысы өтті

Аудан әкімі комиссия отырысын өткізді

Аудан әкімі комиссия отырысын өткізді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Яндекс.Метрика
Соңғы жаңалықтар
  • Тоғыз жылдағы табанды із
  • Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері су айдындарында тұрғындар арасында қауіпсіздік шараларын түсіндіру жұмыстарын жүргізді
  • Сырдариялық сазгер облыстық байқаудың жүлдегері атанды
  • Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша комиссия отырысы өтті
  • Аудан әкімі комиссия отырысын өткізді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі