• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жұма, 1 тамыз, 2025
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Қызылордада алғаш рет Ұлттық Урбан форумы өтеді

Қызылордада алғаш рет "Қазақстан Ұлттық Урбан Форум – 2025" форумы өтеді, - деп хабарлайды "PostScript.kz" ақпараттық агенттігі.

08.07.2025
in Қоғам
0
498
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

«Қала болашағы – өңірлерден басталады»

Өтетін күні:  2025 жылғы 8 шілде

Өтетін орны: Қызылорда қаласы, Өнер орталығы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, 10А ғимарат

Ұйымдастырушы: Қызылорда облысының әкімдігі

Серіктестер: UN-Habitat, ҚР Индустрия және құрылыс министрлігі, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі, ҚР Сыртқы істер министрлігі.

2025 жылы Ұлттық Урбан Форум алғаш рет Қызылорда қаласында өтеді. Бұл – орнықты, теңгерімді және инклюзивті қалалық дамуды талқылауға арналған ұлттық деңгейдегі басты алаң.

ФОРУМНЫҢ  НЕГІЗГІ  МАҚСАТТАРЫ:

Жаңа Қалалық Күн тәртібі (New Urban Agenda) мен Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) сай инклюзивті және теңгерімді урбанизацияны ілгерілету;

Қызылорда секілді өңірлік қалалардың ұлттық дамудағы стратегиялық рөлін арттыру, қалалық болмысты және аумақтық бағдарланған  көзқарасты қалыптастыру;

Тұрақты урбанизацияның негізі ретінде тұрғын үй, инфрақұрылым және климатқа бейімділікті айқындау;

Әділетті әрі концептуальды қалалық қайта құрылымдауды қамтамасыз етудегі өңірлік қалалардың рөлі жөніндегі ұлттық диалогты бастау;

Жаһандық урбанистік күн тәртібін жергілікті деңгейде жүзеге асыру бойынша үздік тәжірибе алмасу, серіктестік орнату;

Ақпараттық, инклюзивті және бейімді жоспарлау үшін қалалық деректерді жинау, цифрландыру және оларды стратегиялық тұрғыда тиімді пайдалану.

Форумға қатысушылар  «Өңірлерден бастау алатын кешенді қалалық жаңғыру: Қазақстанда теңгерімді, инклюзивті және климатқа төзімді қалалар қалыптастыру» атты басты тақырып аясында өңірлік  орталықтардың ұлттық урбанистикалық күн тәртібін жүзеге асырудағы рөлін, климаттық тәуекелдерге тұрақтылығы мен  цифрлық жоспарлау құралдарын талқыға салады.

Форум аясында  сондай-ақ  төмендегі тақырыптық бағыттар  да қозғалады:

Жаңа қалалық күн тәртібі мен Қазақстанның Ұлттық урбанистік бағдары;

Шағын қалалар – теңгерімді дамудың катализаторы;

ТДМ-ды жергіліктендіру және Қазақстанның урбанистік бағытын жүзеге асыру;

Климатқа бейімделу және қуаңшылық жағдайындағы   қалаларда  экологиялық тұрақтылықты қалыптастыру;

Мәдени мұра мен қалалық болмыс –  дамудың қозғаушы күші;

Жастар, қауымдастықтар және басқаруға қатысу;

Қала экономикасы және жұмыспен қамту: тұрғын үй, еңбек және мобильділік байланысы;

Қала мен ауыл арасындағы байланысты нығайту, аумақтық жоспарлау;

Қаладағы жаңғыру бағдарларын  серіктестіктер арқылы қаржыландыру;

Қалаларды деректерге негіздей цифрландыру және  жоспарлау.

Форум аясында  мемлекеттік органдар, халықаралық ұйымдар, сарапшылар, бизнес пен азаматтық сектор өкілдері бас қосады. Ашылу салтанатына Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, ҚР Индустрия және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев, ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин, сондай-ақ UN-Habitat атқарушы директорының орынбасары (а.д.) және Ғаламдық шешімдер бөлімінің директоры Рафаэль Тутс, Қазақстандағы БҰҰ-ның Даму бағдарламасы тұрақты өкілінің міндетін атқарушы Сухроб Ходжиматов    қатысады деп күтілуде.

Пленарлық және тақырыптық сессияларда министрліктер мен әкімдіктер басшылары, UN-Habitat, БҰҰ ДБ өкілдері, халықаралық сарапшылар, архитекторлар, урбанистер, зерттеушілер және технологиялық компаниялар қызметкерлері өз тәжірибелерімен  бөліседі.

Халықаралық  форум қонақтары: Гарри Доббс – архитектор, урбанист (Harry Dobbs Design / The WellGroup негізін қалаушы); Риккардо Марини – Marini Urbanismo негізін қалаушы; Джон Марк Клэнси – The Big Picture негізін қалаушы, иесі  және директоры; Юрий Мелявский – NOVAYA Labs, Urban Data Driven Solutions for Governments теңқұрылтайшысы, зерттеу жетекшісі және басқа да сарапшылар.

Форум жоспарланған бастамалардың таныстырылымымен қорытындыланады, сол арқылы өңірлердегі қалалардың  тұрақты дамуы мәселелері  жөніндегі  конструктивті диалогтың негізі қаланады.

Ұлттық Урбан Форум – 2025  шарасы – Қазақстандағы жаңа урбанистік мәдениетті қалыптастырудағы өңірлердің рөлін айқындау алаңы.

Форумның  серіктестері: «Vision Zero Community» Қоғамдық Қоры, ARCHICA халықаралық архитектуралық медиаплатформасы, Қазақстанның Креативті индустриялар альянсы. Бас демеуші: Kazpetrol Group.

БАҚ аккредитациясы мен қосымша ақпарат алу  үшін:

📧 archica@archicas.com

📞 +7 777 518 8559 Аида Татаева

📌 Форумға аккредитацияны 2025 жылғы 5 шілдеге дейін растауыңызды сұраймыз.

Алдыңғы мақала

Су тасқыны: Қытайдағы Дулиу өзені 6 метрден асып кеткен

Келесі мақала

Атырауда 10 жасар бала лифт шахтасына құлап кеткен

Оқи отырыңыз

Аймақ басшысы Қызылорда су торабының қазіргі жағдайын көрді
Қоғам

Аймақ басшысы Қызылорда су торабының қазіргі жағдайын көрді

Еңбек нарығын дамыту және цифрландыру мәселелері талқыланды
Әлеумет және экономика

Еңбек нарығын дамыту және цифрландыру мәселелері талқыланды

Қызылордада картон зауыты іске қосылады
Бизнес

Қызылордада картон зауыты іске қосылады

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары тағайындалды
Қоғам

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қазақстанның жүрек-қан тамырлары аурулары мен қатерлі ісікке қарсы күрестегі жетістіктері ДДҰ баяндамасында атап өтілді

Премьер-министр Қызылорда облысында гидронысандардың жай-күйін және су үнемдеу технологияларын енгізу барысын тексерді

Респонденттердің 79,4%-ы ел дұрыс бағытта дамып келеді деп санайды

«Әйелім кетіп қалды» — Жахан Отарғалиев

Вегетациялық кезеңде суармалы сумен қамтамасыз ету мәселелері қаралды

Аймақ басшысы Қызылорда су торабының қазіргі жағдайын көрді

Өзекті жаңалықтар

Жантүршігерлік оқиға: Адамдар мінген аттракцион құлады
Әлемде

Жантүршігерлік оқиға: Адамдар мінген аттракцион құлады

0

Жантүршігерлік оқиға Сауд Арабиясындағы Таиф қаласына жақын орналасқан Әл-Хада ауданындағы «Жасыл тау» («Зеленая гора») аттракциондар паркінде орын...

Экономиканың  барлық бағыты бойынша оң серпін бар

Экономиканың  барлық бағыты бойынша оң серпін бар

Премьер-министрдің орынбасары «Мағжан и К» шаруа қожалығының жұмысымен танысты

Премьер-министрдің орынбасары «Мағжан и К» шаруа қожалығының жұмысымен танысты

Қазақстанның жүрек-қан тамырлары аурулары мен қатерлі ісікке қарсы күрестегі жетістіктері ДДҰ баяндамасында атап өтілді

Қазақстанның жүрек-қан тамырлары аурулары мен қатерлі ісікке қарсы күрестегі жетістіктері ДДҰ баяндамасында атап өтілді

Премьер-министр Қызылорда облысында гидронысандардың жай-күйін және су үнемдеу технологияларын енгізу барысын тексерді

Премьер-министр Қызылорда облысында гидронысандардың жай-күйін және су үнемдеу технологияларын енгізу барысын тексерді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Яндекс.Метрика
Соңғы жаңалықтар
  • Жантүршігерлік оқиға: Адамдар мінген аттракцион құлады
  • Экономиканың  барлық бағыты бойынша оң серпін бар
  • Премьер-министрдің орынбасары «Мағжан и К» шаруа қожалығының жұмысымен танысты
  • Қазақстанның жүрек-қан тамырлары аурулары мен қатерлі ісікке қарсы күрестегі жетістіктері ДДҰ баяндамасында атап өтілді
  • Премьер-министр Қызылорда облысында гидронысандардың жай-күйін және су үнемдеу технологияларын енгізу барысын тексерді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі