Жалпы соңғы уақытта балалардың қауіпсіздігіне бей-жәй қарап, ережені елемейтін тасымал көлігін тізгіндеушілер көбейді дейді полицейлер.
Жол сақшыларын көре сала, айналасын шаңғытып жүйіткей жөнелген бұл автокөлік жеке балабақшаға тиесілі. Жүргізушісі бастапқыда полицейлердің “тоқта” деген бұйырығына пысқырмайды. Ақыры қуып жетіп, машинаны тексергенде қызметкерлер бірқатар заңбұзушылыққа куә болыпты. Тасымал көлікте отырған бүлдіршіндердің қауіпсіздік белдігі тағылмаған. Ең сорақысы, жүргізуші спирттік ішімдік ішіп алған екен.
-10 секунд тоқтамай үрлеңіз.
Мас күйінде ұл-қыздарды тасымалдаған азамат 15 тәулікке қамауға алынып, жүргізуші құқығынан 7 жылға айырылды. Ал жеке балабақшаға тиесілі мына автомбильдің ішіндегі орындықтар санынан бүлдіршін көп. Сыймай әзер отырған балалар ыстықта ауа жетпей әбден қиналған.
-Айыппұлыңыз 9830 теңге болады бір апта ішінде. Яғни 7 жұмыс күні қарастырылады. Бір аптадан асып кетсе, 19660 тг болып екі еселенеді.
Рейдтік шарада жол сақшылары бұдан бөлек балалар орындығымен жабдықталмаған, қауіпсіздік белдігін тақпаған, тиесілі емес орындарға бүлдіршідерді отырғызған тасымал көлікті тізгіндеушілерге айыппұл толтырды. Тіпті жүргізуші куәлігі болмаса да көлік айдаған азаматтар ұсталды. Бұл заңбұзушылықтардың соңы орыны толмас қайғыға әкеп жатыр дейді полицейлер.
-Құқық бұзған 305 жүргізуші анықталды. Бұлардың барлығын қысқаша мысалға келштіретін болсақ, жүргізуші құқығынсыз бала тасымалдап жүргендер анықталды. Және 13 баланы салып алып, спринтер автокөлігімен масаң күйде басқарып келе жатқан жүргізуші анықталды. Бұның бәрі түбі ауыр жағдайға әкеп соқтыруы мүмкін. Рейдтік шараларды әрі қарай жалғастыра береміз, -деді ЕРДӘУЛЕТ ЖӘУКЕЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ЖЕРГІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Полицейлер мақсатымыз ең әуелі бүлдіршіндердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету дейді. Сондықтан анықталған кемшіліктерді жою үшін шенеуніктерге тапсырма бердік деп отыр.