• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 19 наурыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Саясат

Қызылордада ұйықтап жатқан әйелін балталап тастаған мұғалімге үкім шықты

Сот ер азаматты “адам өлтіруге оқталу” бабымен кінәлі деп тауып, 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Ал балтаның соққысынан басы мен денесінен бірнеше жарақат алған бес баланың анасы мүгедек болып қалған, деп хабарлайды PostScript.kz ақпараттық агенттігі.

30.06.2025
in Саясат
0
579
SHARES
1.7k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Қанды қылмыс Шиелі ауданына қарасты Бала би ауылында осыдан үш ай бұрын болған. Таңғы сағат төрт шамасында бөлмеде шырт ұйқыда жатқан әйелді жолдасы балталап тастаған. Айыптау актісі бойынша ер азамат өткір құралдың жүзімен жұбайының басын, иығын және қолын шапқан. Сөйтіп өзі сыртқа шығып кеткен екен. Ал шошып оянған қызы қан-жоса болған анасын көріп, дереу көмек шақырыпты. Соның арқасында жедел жәрдем қызметкерлері 42 жастағы жәбірленушіні аман алып қалған. Ал отағасының қатыгез әрекеті толық дәлелденді дейді соттың өкілдері.

“Ағаш сапты балтаны алып, ұйықтап жатқан сәтін пайдаланып, асқан қатыгездікпен бас тұсынан, иық тұстарынан бірнеше мәрте соққылар жасаған. Кәмелетке толмаған балалар оянып қалған сәтінде сотталушы өзінің қылмыстық іс-әрекетін ақырына дейін жеткізе алмай балтасын жерге тастап, шығып кеткен. Сотталушы ҚР ҚК 99-бабының 3,5-тармақтарымен (адам өлтіруге оқталу) кінәлі деп танылып, 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды,”-дейді Қызылорда облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әкімшілігінің басшысы ЕРЛАН РАУШАНБЕКҰЛЫ

Ал отбасындағы сұмдық жағдай ерлі-зайыптылардың бір-бірін түсінісе алмауынан болған. Яғни әйелдің ақша табу үшін басқа қалаға барып жүмыс істеуіне күйеуі қарсылық білдірген. Үкімді онлайн тыңдаған жәбірленуші жолдасына кесілген жазамен келісті. Ал 21 жыл бойы биология пәнінің мұғалімі болған сотталушының туыстарының өз айтары бар.

“Келініміз балаларды тастап ініме Астанаға кетіп қалған. Оны іншім барып алып келіп, қанша жүгірді. Енді тәртіпке бағынбаған ғой. Келін деген балаларына қарау керек қой. Мен бұл неге келіспеймін. Інім өте ауыр жазамен айыпталып тұр. Жүрегіміз қан жылап тұр”,- дейді сотталушының әпкесі ГҮЛЖАН НҰРҒАЛИЕВА.

PS. Айта кетейік, балтаның ауыр соққысынан мүгедек болып қалған әйел жұбайымен 11 жыл бұрын шаңырақ көтерген екен. Екеуінің бес баласы бар. Олардың төртеуі кәмелет жасына толмаған.

Алдыңғы мақала

Атырауда 10 жасар бала лифт шахтасына құлап кеткен

Келесі мақала

«Бәйтерек» ғарыш-зымыран кешенінің құрылысы талқыланды

Оқи отырыңыз

Случай в школе
Қоғам

Мектепте қатарластарына балтамен шабуыл жасаған оқушы қамауға алынды

Әкесін ұрып соққан түркістандық 5 жылға сотталды
Құқық

Әкесін ұрып соққан түркістандық 5 жылға сотталды

Жылу, проблема
Қоғам

Жаңа үйден ауру таптық!

Шымкенттік ару “Miss Qazaqstan 2025″ байқауында жеңімпаз атанды
Қоғам

Шымкенттік ару “Miss Qazaqstan 2025″ байқауында жеңімпаз атанды

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Жаңақорғандық 101 жастағы әже дауыс берді

Референдум: Қызылорда облысының 378 учаскесінде дауыс беру басталды

Пробация есебіндегі сотталғанға электронды мүгедектік арба алып берілді

Қызылорда облысында отбасылық спорттық жарыстар өтті

Өзекті жаңалықтар

Жаңақорғанда ұлттық киім күніне орай челлендж ұйымдастырылды
Қоғам

Жаңақорғанда ұлттық киім күніне орай челлендж ұйымдастырылды

0

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қазақ халқының дәстүрлі киім үлгілерін кеңінен насихаттау және жас...

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Жаңақорғанда ұлттық киім күніне орай челлендж ұйымдастырылды
  • «Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті
  • Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы
  • «Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда
  • Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі