• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 18 желтоқсан, 2025
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

«XXI ғасырдың қаржылық триггерлері» тақырыбында форум өтті

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен "Өнер орталығында" «XXI ғасырдың қаржылық триггерлері» тақырыбында форум өтті. Форумға Қызылорда қаласы мен аудан әкімдері, жауапты сала басшылары, білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт салаларының мамандары, зиялы қауым, белсенді жастар ұйымдарының өкілдері қатысты, - деп хабарлайды "Postscript.kz" ақпарат агенттігі

25.06.2025
in Қоғам
0
497
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Аймақ басшысы қоғамдағы күрделі мәселелерді талқылап, алдағы бірлескен маңызды міндеттерді айқындау мақсатында атқарылатын жұмыстарға тоқталды.

«Цифрлық шешімдер жылдам дамыған уақытта азаматтарымыздың құқықтарын қорғаудың, қаржылық сауаттылығын, құқықтық мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығы артты.
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы халыққа арнаған Жолдауында: «Біздің қоғамымызда заң мен тәртіп үстемдік құруға тиіс. Бұл – бүкіл қоғамның, әр адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты ең басты талап. Біз сонда ғана Әділетті, Таза, Қауіпсіз Қазақстанды құра аламыз», — деп нақты міндеттерді белгілеген болатын.

Биыл 1 сәуірде Үкімет қаулысымен «Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдама» бекітіліп, нақты міндеттер белгіленді. Өңірімізде Мемлекет басшымыздың «Заң мен Тәртіп» қағидасын іске асыруда Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментімен бірлесіп, кешенді шараларды қолға алдық. Жаңа бастамаларға әрдайым қолдау көрсетіп келеміз.

Заманауи мүмкіндіктерді өз пайдасына асырған алаяқтар жасаған қылмыстар азаматтардың лайықты өмір сүруіне теріс әсер етуде. Түрлі гаджет мен смартфондағы бағдарламалардың көмегімен жасалатын алаяқтық, кибершабуылдар схемасы сәт сайын өзгеріп, қадамдары жаңарып барады. Халықтың қаржылық қауіпсіздігі үшін қаржылық пирамидалар, құмар ойындарға тәуелділік, интернет-алаяқтық, дропперлік қылмыстардың алдын алуда уақытылы, тиісті шешімдер қабылдаудың маңыздылығы артты. Бір қарағанда жеке адамның мәселесі секілді көрінуі мүмкін. Бұл — тұтас қоғамға, әрбір отбасыға, ұрпағымыздың болашағына әсер ететін қауіп-қатер.
Біз ашықтық қағидатына сәйкес, қала, аудандарда халықтың өзекті мәселелері бойынша құқық қорғау органдарының бірінші басшыларымен бірге қоғамдық қабылдауларды тұрақты өткізіп келеміз. Бұл өз кезегінде тұрғындардың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттырып, әділетті қоғам құруға оң ықпал етті. Елімізде заңсыз ойын бизнесі мен лудоманияға қарсы іс-қимыл жөніндегі заң қабылданып, кешенді шараларға жол ашылды. Бұл кеселмен халық, әлеумет болып күресуіміз керек. Лудомания дертіне шалдыққан адаммен психологтар, дін мамандары жұмыс істеп, жеңіл жолмен келген ақша пайда әкелмейтінін, тек адал еңбекпен тапқан табыстың ғана берекесі болатынын ұғындыруымыз қажет.
Бүгінгі форумда ұсынылған тың идеялар мен жаңа бастамалар жүйелі іске ұласып, нақты нәтижелерге бастайды деп сенемін. Форум жұмысына сәттілік тілеймін!», — деді Н. Нәлібаев.

Басқосуда Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Руслан Сатыбалдиев, дінтанушы Нұрлан Асанов, айтыскер ақын Мұхтар Ниязов, Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Аслан Кеңес баяндама жасап, қаржылық сауаттылықтың маңыздылығына тоқталды.

Қоғам дертіне айналған құмар ойынға әуестіктің қауіпті екенін айтты.
Іс-шарада облыс тұрғындарының қаржылық сауаттылығын арттыру, қаржы пирамидалары мен лудоманияға қарсы күрестің алдын алу бағытында белсенді әрі нәтижелі еңбек еткен азаматтар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алдыңғы мақала

«Заң және тәртіп» қоғамдық қауіпсіздікті күшейту бағытындағы форумға өңірдің бас құтқарушысы қатысты

Келесі мақала

Опера әншісі Айгерім Алтынбек  «Ла-скала» театрында ән шырқайды

Оқи отырыңыз

Макроэкономикалық көрсеткіштердің орындалуы тұрақты бақылауда
Әлеумет және экономика

Макроэкономикалық көрсеткіштердің орындалуы тұрақты бақылауда

Әлемдік рекорд орнатқан Вера әже
Мәдениет

Әлемдік рекорд орнатқан Вера әже

Сырдария ауданында Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті
Қоғам

Сырдария ауданында Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету — басты міндет
Қоғам

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету — басты міндет

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету — басты міндет

Тоғыз жылдағы табанды із

Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері су айдындарында тұрғындар арасында қауіпсіздік шараларын түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Сырдариялық сазгер облыстық байқаудың жүлдегері атанды

Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша комиссия отырысы өтті

Аудан әкімі комиссия отырысын өткізді

Өзекті жаңалықтар

Макроэкономикалық көрсеткіштердің орындалуы тұрақты бақылауда
Әлеумет және экономика

Макроэкономикалық көрсеткіштердің орындалуы тұрақты бақылауда

0

– 2025 жылдың қаңтар–қараша айларында ауданның өнеркәсіп орындары қолданыстағы бағамен 93,3 млрд теңгенің өнімін өндіріп, өткен жылдың...

Әлемдік рекорд орнатқан Вера әже

Әлемдік рекорд орнатқан Вера әже

Сырдария ауданында Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті

Сырдария ауданында Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету — басты міндет

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету — басты міндет

Тоғыз жылдағы табанды із

Тоғыз жылдағы табанды із

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Яндекс.Метрика
Соңғы жаңалықтар
  • Макроэкономикалық көрсеткіштердің орындалуы тұрақты бақылауда
  • Әлемдік рекорд орнатқан Вера әже
  • Сырдария ауданында Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті
  • Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету — басты міндет
  • Тоғыз жылдағы табанды із
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі