• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Дүйсенбі, 2 ақпан, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Жаңа үйден ауру таптық!

Қызылордада Сырдарияның сол жағалауынан бой көтерген жеті қабатты үйдің тұрғындары күн суытқалы берекеміз қашты деп қынжылады. Биыл ғана көктемде қоныс тойын тойлаған жандар суық пәтерлерін даламен теңейді. Осының салдарынан денсаулығымыз да сыр бере бастады дейді. Желтоқсанның басталғаны кеше ғана болғанымен тұрғындар ауруханалардың тұрақты науқастарына айналып жатыр екен, деп хабарлайды «PostScript.kz» Ақпараттық агенттігі.

18.12.2025
in Қоғам
0
Жылу, проблема

PostScript.kz

494
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Сұлтанмұрат Нұрбаев алғашқылардың бірі болып осы үйге көшіп келген жан. Су жаңа жеті қабатты тұрғын үй жылдар бойы кезекте тұрған, әлеуметтік осал топтағы жандар мен мемлекеттік қызметкерлерге мамыр айында берілген. Қызықтың барлығы күн суытып, жылу батареялары қосылғаннан басталыпты. Берілген жылудың мардымсыздығы соншалық пәтер иелері бөлмелерін жылыту мақсатында қосымша электр пештерін қосуға мәжбүр болған. Тұрғындар құрылысшылар қарапайым терезелердің өзін дұрыс қаптамаған деп ашынады.

– Кеше ғана менің кішкентай бөпем ауырып шықты он күн бойы. Қолымда справкасы бар міне жатқандығы жайында, тағы да он күн үй күтімінде болады балам. Енді үйді көріп тұрсыздар мына жердің қай жеріне күтім жасайтынымызды. Полымыз салқын, қабырғамыз салқын. Терезені көрсеттім, жақын арада биттеп кететін шығармыз. Өйткені суға түсу мүмкіндігі жоқ. Суға түсірсек бала бірден ауырады.-дейді СҰЛТАНМҰРАТ НҰРБАЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ.

Көпқабатты 84 пәтерлі үйдің барлығында жағдай осы дейді тұрғындар. Мердігерлер баспаныны салғанда жылу батареяларының секцияларын да үнемдеген дейді тұрғындар.

– Батареяның размері бірде жиырма ма, бір жарым ба білмейміз. Залда екі терезе бар екен, астында менің тісім сияқты төрт-ақ секция батарея қойып кетіпті. Ол деген кемінде он қою керек ғой анаған. — АЙШАГҮЛ НҰРМАХАНОВА, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ.

– Терезесінен салқын ұрып тұр. Жан-жағында пена жоқ, біздің левый берегте көріп тұрсыздар ғой қандай жел екенін, қатты жел. Түнде ұйықтауға мүлдем мүмкіндік жоқ. — дейді АЙДАНА КӨЛСЕЙІТОВА, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ.

Ал, үйді салған мердігерлер болса жылуға жауапты емеспіз деп ақталды. Көпқабатты үйдің терезелері дұрыс қапталмады деген уәжді дегенімен мойындады. Қазіргі кезде пәтер иелеріне барынша көмек беруге тырысып жатқан көрінеді. Жеті қабатты су жаңа үйдің осындай хәлге жетуіне тапсырыс беруші қалалық құрылыс бөлімі кінәлі дейді құырылысшылар.

– Бір қыс, бір жаз ол ешқандай тұрғынсыз тұрған үй енді өздеріңіз білесіздер қандай ғимарат болса да ол ішінде жылу болмаса, вентиляция болмаса ол өзінен өзі жәймен проблемалары шыға бастайды. Себебі физиканың заңын ешкім жоққа шығарған жоқ. — МАНАРБЕК ЕСПЕНБЕТОВ, ҚҰРЫЛЫС ҚОМПАНИЯСЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ.

Мердігерлер бұл көпқабатты үйдің құрылысын 2024 жылдың мамыр айында бітіріп бергенбіз дейді. Алайда тапсырыс беруші — қалалық құрылыс бөлімі су жаңа пәтерлерді бір жылдан кейін ғана қызылордалықтарға табыстаған. Жаңа жыл қарсаңында мерекеге дайындықпен емес жылу батареяларымен арпалысқан тұрғындар болса қатты аязда жағдайымыз не болады деп сары уайымға салынып отыр.

Алдыңғы мақала

Макроэкономикалық көрсеткіштердің орындалуы тұрақты бақылауда

Келесі мақала

“Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы 20 жылдық белесте

Оқи отырыңыз

Бүлдіршінді батареяға байлап сабаған: Әйел аналық құқығынан айырылуы мүмкін
Қоғам

Бүлдіршінді батареяға байлап сабаған: Әйел аналық құқығынан айырылуы мүмкін

Әкесін ұрып соққан түркістандық 5 жылға сотталды
Құқық

Әкесін ұрып соққан түркістандық 5 жылға сотталды

Шымкенттік ару “Miss Qazaqstan 2025″ байқауында жеңімпаз атанды
Қоғам

Шымкенттік ару “Miss Qazaqstan 2025″ байқауында жеңімпаз атанды

“Келешек мектебі” заманауи талаптарға сай
Білім

“Келешек мектебі” заманауи талаптарға сай

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылорда облысында «Есірткіге жол жоқ!» атты есірткіге қарсы GIF-анимациялар байқауы қорытындыланды

Жас журналистер арасындағы байқау қорытындыланды

Бейнелеу өнеріне бейім Жадырасын әулеті

Бояу бетіндегі болмыс

Бүлдіршінді батареяға байлап сабаған: Әйел аналық құқығынан айырылуы мүмкін

Жедел кеңесте 2025 жылдың қорынтындысы топшыланды

Өзекті жаңалықтар

Қызылорда облысында «Есірткі жайлы ертегі» атты  шығармашылық жұмыстар байқауы өтті
Құқық

Қызылорда облысында «Есірткі жайлы ертегі» атты шығармашылық жұмыстар байқауы өтті

0

Байқауға 12-ден 20 жасқа дейінгі мектеп оқушылары мен студенттер қатысты Қатысушылар «Есірткі жайлы ертегі» тақырыбында немесе тақырыпқа...

Жаңаөзенде әйелін қызғанған еркек дәрігерді пышақтап өлтірді

Жаңаөзенде әйелін қызғанған еркек дәрігерді пышақтап өлтірді

Жастар шығармашылығы: «Біз есірткіге қарсымыз!»  байқау қорытындыланды

Жастар шығармашылығы: «Біз есірткіге қарсымыз!» байқау қорытындыланды

Қызылорда облысында «Есірткіге жол жоқ!» атты есірткіге қарсы GIF-анимациялар байқауы қорытындыланды

Қызылорда облысында «Есірткіге жол жоқ!» атты есірткіге қарсы GIF-анимациялар байқауы қорытындыланды

Жас журналистер арасындағы байқау қорытындыланды

Жас журналистер арасындағы байқау қорытындыланды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Яндекс.Метрика
Соңғы жаңалықтар
  • Қызылорда облысында «Есірткі жайлы ертегі» атты шығармашылық жұмыстар байқауы өтті
  • Жаңаөзенде әйелін қызғанған еркек дәрігерді пышақтап өлтірді
  • Жастар шығармашылығы: «Біз есірткіге қарсымыз!» байқау қорытындыланды
  • Қызылорда облысында «Есірткіге жол жоқ!» атты есірткіге қарсы GIF-анимациялар байқауы қорытындыланды
  • Жас журналистер арасындағы байқау қорытындыланды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі