• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 30 қазан, 2025
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Жылжымалы зертханамен автожолдардың құрылысы тексерілді

Биыл Қызылорда облысында жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту бағытында 42 миллиард теңге қаржы қаралып, ауқымды жобалар жүзеге асырылып жатыр. Әсіресе, жаңадан салынып жатқан жол құрылыстарының сапасына баса мән беріліп отыр. Осы орайда «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ҚОФ мамандары БАҚ өкілдерімен бірге қала аумағындағы бірқатар нысандарға жылжымалы зертханамен тексеру жүргізіп, арнайы пресс-тур ұйымдастырды, - деп хабарлайды "PostScript.kz" ақпараттық агенттігі.

25.07.2025
in Қоғам
0
501
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Қаланың жол қатынасын оңтайландырып, көлік кептелісі мәселесін шешуге бағытталған Тәуелсіздікке 25 жыл даңғылы кеңейтіліп қана қоймай, бүгінде Әбілқайыр хан көшесінен Саламатов көшесіне дейін ұзарту көзделген. Яғни, Сырдария өзенінің бойымен 2,8 шақырым жаңа жол салынып, дария бөгетін нығайту жұмыстары қызу жүріп жатыр. Мердігер «УАД» мекемесі. Жоба бойынша жол төрт жолақты болады. Алдымен топырақпен үйілген жер қабаты нығыздалып, 25 см малта тасты құмды қоспа салынды. Содан кейін 8см қиыршық тас пен 6 см ірі түйіршікті ыстық асфальт бетон қоспасы төселуде. Ең соңғы қабатына қиыршық тасты мастикалық асфальт бетон қоспасы салынады.

— Тәуелсіздікке 25 жыл даңғылында жұмыстар мамыр айынан басталды. Содан бері, жолдың негізгі қабаты толық жүргізілді. Қазір бірқатар учаскесінде асфальт төсеу жұмыстары басталып кетті. Бұл нысан бойынша филиал мамандары құрылыс-материалдарынан 5 рет сынама алып, жолдың сапасы ұдайы бақылауда. Зертханалық тексеру барысында өрескел кемшіліктер анықталған жоқ. Дегенмен, бірқатар сын-ескертпе берілді. Мердігер мекеме тарапынан уақытында талапқа сай түзету жұмыстары жүргізілді. Жалпы ЖАСҰО мамандары жыл басынан бері 126 нысан бойынша жол құрылыс жұмыстарына 607 мәрте зертханалық және аспаптық тексеруге шыққан. Барлығы 1714 сынама алынып, тиісті сараптама жасалды. Бүгінде аймақ басшысы да жолдардың сапалы салынуына баса назар аударып отыр. Сондықтан, орталық мамандары бұл бағытта бақылау жұмыстарын күшейтіп, кемшіліктерге жол бермеу басты міндетіміз,-дейді ЖАСҰО Қызылорда филиалының директоры Мақсат Мұқанов.

Сондай-ақ, тағы бір маңызды жоба «Қызылорда-Жезқазған» республикалық автожолының қала аумағынан өтетін 2-12 шақырым аралығына орташа жөндеу жұмыстары. Бұл нысан «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ қаржыландыруымен жүзеге асырылып жатыр. Жөндеуден өтіп жатқан автожол шаһардың іргесіндегі Қарауылтөбе, Досан, Абай елді мекендері мен Бәйтерек мөлтек ауданы тұрғындарының көлік қатынасына оң септігін тигізеді. Ұлттық сапа орталығының жылжымалы зертханасымен жаңадан төселген асфальт жабындысынан сынама алынды. Мамандар бұған дейін де 40 мәрте тексеріп, барлығы 122 сынама зертханалық тексеруден өткен.

— Орташа жөндеуден өтетін автожолдың ұзындығы 9,5 км. Ені – 14 метр болады. Жер төсемесін кеңейту жұмыстары жүргізіліп, 7,3 шақырымында жолдың негіздемесі 20 см қалыңдықта ресайклерлеу әдісімен жасалды. Содан кейін 6,0 шақырым ұзындықта 8 см ірі түйіршікті асфальт төселіп, жамылғының жоғарғы қабатына 5 см қиыршық тасты мастикалық асфальт төсеу жұмыстары басталды. Бүгінде жоғарғы қабаты бойынша 1,6 шақырымы орындалды. Жоғарғы қабаты төселген учаскелерде кезең кезеңімен жол қозғалысын ұйымдастыру жоспарлануда.-дейді «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ҚОФ директорының орынбасары Ерсайын Мұзафар.

Жол құрылысынан алынған барлық сынама орталықтың заманауи зертханасында сараптамадан өтеді. Автоматтандырылған қондырғылар арқылы асфальт жабындысының тығыздығы, суға қанығу коэфиценті өлшеніп, оның құрамындағы қиыршық тас пен құмның да сапасы анықталады.

— Аймақ жолдарының сапасын арттыру үшін ең бастысы құрылыс-материалдарын сараптамадан өткізетін зертхана заман талабына сай болуы керек. Ұлттық сапа орталығында қазір қағазбастылық жоқ. Жолдан алынған әрбір сынама арнайы планшет арқылы базаға тіркеледі. Асфальт жабындысы нөмірленіп, қандай сараптама жүргізілгені және оның нәтижесі барлығы тайға таңба басқандай платформада көрсетіліп тұрады. Яғни, қазір толықтай цифрлық жүйеге көштік. Зертханада 100-ден аса соңғы үлгідегі заманауи қондырғы бар. Бұрын бір сынамаға 10-15 күніміз кететін болса қазір 3 күннің ішінде сапасын анықтап береміз. Мамандарымыз жыл сайын шет елдерде біліктілік арттырып, олардың озық тәжірибесін өндіріске енгізіп жатырмыз,- дейді зертхана меңгерушісі Мағжан Қасымхан.

Айта кетейік, бүгінде Жол активтері сапасының ұлттық орталығы мамандары республикалық жолдар бойынша 11 нысанға, облыстық маңыздағы 10 жобаға, аудандық және елді мекендерді ішкі жолдар 88 жолға, қалада 16 көшенің құрылысына бақылау жүргізуде.

Алдыңғы мақала

Сот Перизат Қайратты 10 жылға, анасын 7 жылға бас бостандығынан айырды

Келесі мақала

Қазалы ауданында өнеркәсіп пен кәсіпкерлік саласы тұрақты дамуда

Оқи отырыңыз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қызылорда облысына сапары «Қорқыт ата» халықаралық әуежайының жаңа терминалымен танысудан басталды
Қоғам

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қызылорда облысына сапары «Қорқыт ата» халықаралық әуежайының жаңа терминалымен танысудан басталды

«Көп нәрсені жасырып отыр». Шекара қызметінде жүрген қызылордалық сарбаз көз жұмды
Оқиғалар

«Көп нәрсені жасырып отыр». Шекара қызметінде жүрген қызылордалық сарбаз көз жұмды

Еңбек күні қарсаңында «Үлгілі елді мекен» облыстық конкурсы жеңімпаздарына 19 коммуналдық техника табысталды
Қоғам

Еңбек күні қарсаңында «Үлгілі елді мекен» облыстық конкурсы жеңімпаздарына 19 коммуналдық техника табысталды

Мемлекет басшысы: «Әлемде жаңа геосаяси тәртіп орныға бастады»
Әлемде

Мемлекет басшысы: «Әлемде жаңа геосаяси тәртіп орныға бастады»

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Президент жаңа жылу электр орталығына барды

Жедел кеңесте 9 айдың қорытындысы баяндалды

Қызылордада сотталғандар арасында спорттан турнир өтті

Мемлекет басшысы «Қызылорда-нан» цехына барды

Мемлекет басшысы «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясының қызметімен танысты

Мемлекет басшысы облыс жұртшылығымен кездесті

Өзекті жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Үстел теннисі орталығына барды
Спорт

Қасым-Жомарт Тоқаев Үстел теннисі орталығына барды

0

Кешенді салуға облыс бюджетін оңтайландыру барысында үнемделген қаражат есебінен 2,5 миллиард теңге қаралып, құрылыс былтыр қазан айында...

Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысының тарихи-өлкетану музейінің қызметімен танысты

Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысының тарихи-өлкетану музейінің қызметімен танысты

Мемлекет басшысы Қызылорда қаласындағы орталық стадионға барды

Мемлекет басшысы Қызылорда қаласындағы орталық стадионға барды

Президент жаңа жылу электр орталығына барды

Президент жаңа жылу электр орталығына барды

Жедел кеңесте 9 айдың қорытындысы баяндалды

Жедел кеңесте 9 айдың қорытындысы баяндалды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Яндекс.Метрика
Соңғы жаңалықтар
  • Қасым-Жомарт Тоқаев Үстел теннисі орталығына барды
  • Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысының тарихи-өлкетану музейінің қызметімен танысты
  • Мемлекет басшысы Қызылорда қаласындағы орталық стадионға барды
  • Президент жаңа жылу электр орталығына барды
  • Жедел кеңесте 9 айдың қорытындысы баяндалды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі