• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сенбі, 25 сәуір, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Қазалы ауданының әкімі балабақша меңгерушісін зейнет демалысына шығарып салды

Аудан әкімі Алмасбек Есмахановтың төрағалығымен «Шұғыла» балабақшасының меңгерушісі Ерішова Айгүл Қайыржанқызын зейнеткерлік демалысқа шығарып салуға арналған салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

24.04.2026
in Мәдениет
0
491
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткен шара барысында аудан басшысы Айгүл Қайыржанқызының ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, білім саласының өркендеуіне қосқан елеулі үлесін атап өтіп, көп жылғы адал еңбегі мен кәсіби біліктілігі үшін алғысын білдірді.

-Айгүл Қайыржанқызы бар саналы ғұмырын білім саласына арнаған ардақты жан. Атырау (Гурьев) қаласындағы педагогикалық институтты тәмамдаған соң алғашқы еңбек жолын 1988 жылы Қ.Пірімов ауылындағы мектеп интернатта тәрбиеші болып бастаған. 1990-2013 жылдар аралығында Әйтеке би кентіндегі «Айгөлек» балабақшасында тәрбиеші, әдіскер, 2013-2016 жылдары «Балапан» балабақшасында әдіскер болып еңбек атқарды. 2016 бастап бүгінгі күнге дейін аудан орталығындағы «Балапан», «Шұғыла» балабақшасының меңгерушісі қызметтерін абыроймен атқарып, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлесін қосты. Талапшыл, іскер, еңбекқорлық қасиеттерінің арқасында өзіне сеніп тапсырылған міндеттерді орындауда аса жауапкершілік танытып, әріптестерге деген адамгершілік қасиетімен ерекше өнегесін көрсетті. Халықтың ыстық ықыласына да бөлене білді. Бар саналы ғұмырын білім беру саласына арнап, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына өлшеусіз үлес қосқан Айгүл Қайыржанқызын бүгінгі қуанышты күнімен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыңызға амандық, ұзақ ғұмыр, қажымас қайрат тілеймін, — деді АЛМАСБЕК ӘБІЛҚАСЫМҰЛЫ.

Салтанатты жиында Айгүл Қайыржанқызына ауданымыздың ең жоғары марапаттарының бірі – «Құрмет грамотасы» табысталып, ұлттық дәстүрге сай камзол мен жаулық жабылды.

Жиында аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш, білім және мемлекеттік қызмет саласының ардагері Ғабит Бәймішев, ҚР Білім беру ісінің үздігі Бибісара Есмағанбетова сөз сөйлеп, жүрекжарды лебіздерін білдірді.

Кездесу соңында Айгүл Қайыржанқызы мерейлі зейнет жасына орай арнайы қабылдап, құрмет көрсетіп жатқан аудан әкімі мен ел ағаларын шынайы ризашылығын жеткізді.

Алдыңғы мақала

Шиелі ауданының әкімі: су ресурстарының жеткілікті әрі ұтымды пайдаланылу керек

Келесі мақала

«ДАЛА КҮНІ – 2026»: егіске алғашқы дән себілді

Оқи отырыңыз

Әлеуметтік салаға қатысты мәселелер басты назарда
Әлеумет және экономика

Әлеуметтік салаға қатысты мәселелер басты назарда

«Таза өлке – Жалағаш» атты ауқымды акция жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті.
Экология

«Таза өлке – Жалағаш» атты ауқымды акция жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті.

Есірткіге қарсы күресте спорттың маңызы зор
Құқық

Есірткіге қарсы күресте спорттың маңызы зор

«ДАЛА КҮНІ – 2026»: егіске алғашқы дән себілді
Қоғам

«ДАЛА КҮНІ – 2026»: егіске алғашқы дән себілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

«ДАЛА КҮНІ – 2026»: егіске алғашқы дән себілді

Қазалы ауданының әкімі балабақша меңгерушісін зейнет демалысына шығарып салды

Шиелі ауданының әкімі: су ресурстарының жеткілікті әрі ұтымды пайдаланылу керек

Сырдария ауданының әкімі каналдардың механикалық тазалау жұмыстарымен танысты

“Зеленскийдің жолымен”. Қазақстандық әзілкеш вице-президент болып тағайындалды

Жаңақорған ауданында егін мәселесі пысықталды

Өзекті жаңалықтар

Әлеуметтік салаға қатысты мәселелер басты назарда
Әлеумет және экономика

Әлеуметтік салаға қатысты мәселелер басты назарда

0

Атап айтқанда, азаматтардың әлеуметтік жағдайын анықтауға және тиісті қолдау шараларын уақытылы ұсынуға мүмкіндік беретін Отбасылық цифрлық карта...

«Таза өлке – Жалағаш» атты ауқымды акция жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті.

«Таза өлке – Жалағаш» атты ауқымды акция жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті.

Есірткіге қарсы күресте спорттың маңызы зор

Есірткіге қарсы күресте спорттың маңызы зор

«ДАЛА КҮНІ – 2026»: егіске алғашқы дән себілді

«ДАЛА КҮНІ – 2026»: егіске алғашқы дән себілді

Қазалы ауданының әкімі балабақша меңгерушісін зейнет демалысына шығарып салды

Қазалы ауданының әкімі балабақша меңгерушісін зейнет демалысына шығарып салды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Әлеуметтік салаға қатысты мәселелер басты назарда
  • «Таза өлке – Жалағаш» атты ауқымды акция жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті.
  • Есірткіге қарсы күресте спорттың маңызы зор
  • «ДАЛА КҮНІ – 2026»: егіске алғашқы дән себілді
  • Қазалы ауданының әкімі балабақша меңгерушісін зейнет демалысына шығарып салды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі