• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жексенбі, 13 қыркүйек, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Экология

«Таза өлке – Жалағаш» атты ауқымды акция жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті.

Жалағаш ауданында өткен шара «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық жобасы аясында жүзеге асырылып, өңірдің экологиялық ахуалын жақсартуға және тұрғындардың табиғатқа деген жанашырлық көзқарасын қалыптастыруға бағытталды, деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

24.04.2026
in Экология
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Акцияның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, елді мекендердің тазалығын сақтау, көгалдандыру жұмыстарын күшейту және тұрғындардың экологиялық жауапкершілігін арттыру. Бұл бағытта ұйымдастырылған шара аудан көлемінде кең қолдау тауып, түрлі сала өкілдерін ортақ іске жұмылдырды.

Шараға Жалағаш ауданының әкімі Ардақ Ибраимов арнайы қатысып, экологиялық бастамалардың маңыздылығына тоқталды. Ол өз сөзінде табиғатты қорғау – тек мемлекеттік мекемелердің ғана емес, әрбір азаматтың ортақ міндеті екенін атап өтті.

«Бүгінгі тал егу акциясы – болашаққа жасалған игі қадам. Әр отырғызылған тал – ертеңгі ұрпаққа қалдырылған аманат. Табиғатқа жанашырлықпен қарап, қоршаған ортаны таза ұстау – біздің азаматтық парызымыз. Барша тұрғындарды осындай игі бастамаларға белсенді түрде қатысуға шақырамын», – деді аудан әкімі.

Ауқымды экологиялық шараға зиялы қауым өкілдері, еңбек ардагерлері, ауданның ақсақалдары, түрлі этнос өкілдері, аналар және әйелдер кеңесінің мүшелері, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, жастар ұйымдары мен еріктілер, сондай-ақ аудан тұрғындары белсенді түрде қатысты. Қатысушылар бірлесе отырып, белгіленген аумақтарға 550 түп ағаш отырғызды. Бұл жұмыстар ауданның экологиялық жағдайын жақсартуға және жасыл желек қорын арттыруға айтарлықтай үлес қосты.

Сонымен қатар, акция барысында елді мекендерді абаттандыру, көшелер мен қоғамдық орындарды тазарту, көгалдандыру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу мәселелері кеңінен насихатталды. Ұйымдастырушылар сенбіліктерді тұрақты түрде өткізіп тұрудың маңыздылығына ерекше назар аударып, тазалықты сақтау әрбір тұрғынның күнделікті әдетіне айналуы тиіс екенін жеткізді.

Шараға қатысушылар экологиялық мәдениетті қалыптастыру жолында бірлесе әрекет етуге дайын екендіктерін білдіріп, мұндай бастамалардың алдағы уақытта да жалғасын табатынына сенім білдірді. «Таза өлке – Жалағаш» акциясы аудан тұрғындарының табиғатқа деген жауапкершілігін арттырып қана қоймай, қоғамда экологиялық сана қалыптастыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі ретінде бағаланды.

Алдыңғы мақала

Арал: Прокурор қаладағы бірқатар инвестициялық жобалардың жұмысымен танысты

Келесі мақала

Арал: Азаматтардың өтініш-тілектері тыңдалды

Оқи отырыңыз

«Мерейлі отбасы — 2026» ұлттық байқауының аудандық кезенінің жеңімпаздары марапатталды
Мәдениет

«Мерейлі отбасы — 2026» ұлттық байқауының аудандық кезенінің жеңімпаздары марапатталды

Айналма жол құрылысы бақылауда: Аудан әкімі сапаға басымдық берді
Әлеумет және экономика

Айналма жол құрылысы бақылауда: Аудан әкімі сапаға басымдық берді

Қазалылықтар егінге алғашқы орақ салды
Әлеумет және экономика

Қазалылықтар егінге алғашқы орақ салды

Ұн өнімдеріне мониторинг жүргізілді
Қоғам

Ұн өнімдеріне мониторинг жүргізілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Ұн өнімдеріне мониторинг жүргізілді

Құрылтай сайлауында белсенділік танытқан азаматтар марапатталды

Аудан әкімі су ұңғымаларының жұмысымен танысты

Маман даярлау – еңбек нарығының жаңа талабына сай жетілдірілді

Қазалыда Қазақстан халқы тілдер күні аталып өтті

Қазалы ауданында дін саласындағы өзекті мәселелер талқыланды

Өзекті жаңалықтар

«Мерейлі отбасы — 2026» ұлттық байқауының аудандық кезенінің жеңімпаздары марапатталды
Мәдениет

«Мерейлі отбасы — 2026» ұлттық байқауының аудандық кезенінің жеңімпаздары марапатталды

0

Қыркүйек айының екінші жексенбісі – Отбасы күні қарсаңында өтіп жатқан шарада аудан әкімі Алмасбек Есмаханов мерейлі отбасыларды...

Айналма жол құрылысы бақылауда: Аудан әкімі сапаға басымдық берді

Айналма жол құрылысы бақылауда: Аудан әкімі сапаға басымдық берді

Қазалылықтар егінге алғашқы орақ салды

Қазалылықтар егінге алғашқы орақ салды

Ұн өнімдеріне мониторинг жүргізілді

Ұн өнімдеріне мониторинг жүргізілді

Құрылтай сайлауында белсенділік танытқан азаматтар марапатталды

Құрылтай сайлауында белсенділік танытқан азаматтар марапатталды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Мерейлі отбасы — 2026» ұлттық байқауының аудандық кезенінің жеңімпаздары марапатталды
  • Айналма жол құрылысы бақылауда: Аудан әкімі сапаға басымдық берді
  • Қазалылықтар егінге алғашқы орақ салды
  • Ұн өнімдеріне мониторинг жүргізілді
  • Құрылтай сайлауында белсенділік танытқан азаматтар марапатталды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі