• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сенбі, 14 наурыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Аудан әкімі Талайлы Бөріқұлақовты 70 жас мерейтойымен құттықтады

Аудан әкімі Алмасбек Есмаханов «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Қазалы ауданының құрметті азаматы, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Талайлы Бөріқұлақовты 70 жас мерейтойымен құттықтады, - деп хабарлайды “PostScript.kz” ақпараттық агенттігі.

03.10.2025
in Мәдениет
0
494
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Аудан басшысы Талайлы Әмитжанұлының ел дамуына сіңірген елеулі еңбегін атап өтіп, мерейтой иесіне ризашылығын білдірді.

-«Ғибратты ғұмырында мәнді де мағыналы ғұмыр кешіп, кіндігі байланған еліне адал қызмет етіп, абыройға, сый-құрметке бөленген салиқалы аға буынның арасынан Талайлы Әмитжанұлының тұлғалық келбеті, адами болмысы ерекше. Сындарлы сәтте ел мүддесі үшін аянбай қызмет атқарғаныңызды ел бағалайды. Парасатқа толы ғұмырыңыздағы өнегелі істеріңіз – ұрпаққа үлгі-өнеге. Аудандық мәслихаттың хатшысы қызметін атқарған жылдары сайлаушылар аманатын арқалап, аудандық мәслихат мінберінен аудандағы ең өзекті, кезек күттірмейтін мәселелерді көтердіңіз. Қазалы ауданында халық батыры Жанқожа Нұрмұхамедұлының 240, 250 жылдығы, Ақтан батыр Ақайұлының 245 жылдығы, Бекарыстан би Амандықұлының 250 жылдығы, Шығыстың жарық жұлдызы Ғани Мұратбаевтың 110 жылдығы мен тағы басқа шараларды жоғары деңгейде ұйымдастырылуына аянбай атсалыстыңыз. Сізді аудан жұртшылығының атынан мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!», — деді Алмасбек Әбілқасымұлы.

Сыр елінің дамуына қосқан ерекше үлесі үшін Талайлы Әмитжанұлына Қызылорда облысының «Құрмет» грамотасы мен аудан әкімінің құттықтауы табысталды.

Мерейтой иесін аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбанов, аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш, ел ағасы Өмірзақ Түктібаев құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді.

Талайлы Бөріқұлақов — 1955 жылы 2 қазанда Қазалы ауданы, Жаңаталап елді мекенінде дүниеге келген. Еңбек жолын 1973 жылы Өркендеу совхозында бригада есепшісі болып бастап, 1978 жылға дейін осы шаруашылықта экономист-бухгалтер қызметінде жұмыс жасаған. Осы жылдары қоғамдық негізде совхоз комсомол комитетінің секретары міндетін атқарған.
1978-1992 жылдары Жаңақұрылыс совхозында бас экономист, Майдакөл, Парт съезд совхоздарында бас бухгалтер, Энгельс атындағы совхозда кәсіподақ комитетінің секретары, директордың орынбасары, аудандық қаржы бөлімінің бас маманы, 1992-1997 жылдары Мемлекеттік қаржы бақылау комитетінің Қазалы аудандық бөлімінің бастығы қызметін атқарған.
1997-2007 жылдары аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазалы ауданы бойынша салық комитетінің төрағасы, 2007-2016 жылдар аралығында ІV, V шақырылған Қазалы аудандық мәслихатының хатшысы қызметінде болған.
2016-2018 жылдары Қазалы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы, 2018-2022 жылдар аралығында «Сыр маржаны» ЖШС директорының орынбасары болып абыройлы еңбек етті.
2022 жылдан осы уақытқа дейін Қазалы аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы және қоғамдық негізде «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» республикалық қоғамдық бірлестігі Қазалы аудандық филиалының директоры қызметтерін атқарып келеді.

Алдыңғы мақала

Қызылордада ҚАЖД қызметкерлері қарттар үйіндегі ұстаздарды мерекемен құттықтады

Келесі мақала

Қызылордада қақпа алдында кездесу шарасы өтті

Оқи отырыңыз

Пробация есебіндегі сотталғанға электронды мүгедектік арба алып берілді
Құқық

Пробация есебіндегі сотталғанға электронды мүгедектік арба алып берілді

Қызылорда облысында отбасылық спорттық жарыстар өтті
Құқық

Қызылорда облысында отбасылық спорттық жарыстар өтті

Қызылордада «Киокушин – нашақорлыққа қарсы!» ұранымен  облыстың ашық біріншілігі өтті
Құқық

Қызылордада «Киокушин – нашақорлыққа қарсы!» ұранымен облыстың ашық біріншілігі өтті

«Есірткісіз болашақ!» ұранымен «Мафия» интеллектуалдық ойыны өтті
Құқық

«Есірткісіз болашақ!» ұранымен «Мафия» интеллектуалдық ойыны өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

«Есірткісіз болашақ!» ұранымен «Мафия» интеллектуалдық ойыны өтті

Жаңа конституция жобасының маңызы тұрғындарға түсіндірілді

Мекеме қызметкерлері мерекелік көңіл-күй сыйлады

Қос жауапкершілікті арқалаған ару

Төзімділікті серік еткен қызметкер

Тегеурінді мамандықтың тізгінін ұстаған ару

Өзекті жаңалықтар

Пробация есебіндегі сотталғанға электронды мүгедектік арба алып берілді
Құқық

Пробация есебіндегі сотталғанға электронды мүгедектік арба алып берілді

0

Пробация қызметі есептегі азаматтардың тек бақылауын жүргізіп қана қоймай, олардың әлеуметтік мәселелерін шешуге де ықпал етеді. Осы...

Қызылорда облысында отбасылық спорттық жарыстар өтті

Қызылорда облысында отбасылық спорттық жарыстар өтті

Қызылордада «Киокушин – нашақорлыққа қарсы!» ұранымен  облыстың ашық біріншілігі өтті

Қызылордада «Киокушин – нашақорлыққа қарсы!» ұранымен облыстың ашық біріншілігі өтті

«Есірткісіз болашақ!» ұранымен «Мафия» интеллектуалдық ойыны өтті

«Есірткісіз болашақ!» ұранымен «Мафия» интеллектуалдық ойыны өтті

Жаңа конституция жобасының маңызы тұрғындарға түсіндірілді

Жаңа конституция жобасының маңызы тұрғындарға түсіндірілді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Пробация есебіндегі сотталғанға электронды мүгедектік арба алып берілді
  • Қызылорда облысында отбасылық спорттық жарыстар өтті
  • Қызылордада «Киокушин – нашақорлыққа қарсы!» ұранымен облыстың ашық біріншілігі өтті
  • «Есірткісіз болашақ!» ұранымен «Мафия» интеллектуалдық ойыны өтті
  • Жаңа конституция жобасының маңызы тұрғындарға түсіндірілді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі