• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сәрсенбі, 24 маусым, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Сырдария: Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік шара өтті

Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың қатысуымен "Руханият" орталығында Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті,-деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі

07.05.2026
in Мәдениет
0
493
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Аудан басшысы көпшілікті мерекемен құттықтап, Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан ел қауіпсіздігін сақтауға баса назар аударылғанын, еліміздің шекарасы белгіленіп, Қарулы Күштер қатары жасақталғанын атап өтті.

– Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан ел қауіпсіздігін сақтауға баса назар аударылды. Еліміздің шекарасы белгіленіп, Қарулы Күштер қатары жасақталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Отан қорғау – қасиетті парыз әрі мәртебелі міндет. Әскери борышты өтеу Отанға деген шынайы сүйіспеншіліктің жарқын көрінісі екені анық. Халыққа қалтқысыз қызмет ету – әрбір адал азаматтың перзенттік парызы» деп атап көрсетті. Президент тапсырмасымен бүгінде қазақ әскерінің қуаты артып, еліміздің айбынды қорғанына айналды. Құрлықта да, теңізде де, әуеде де біздің сенімді қамалымыз бар. Бұл күн – ерекше мереке, біз бұл күні Ұлы Отан соғысы ардагерлері, ерлік пен батылдықтың үлгісін көрсеткен барлық қазақстандықтар, Ауғанстанның, Карабахтың отты жолдарымен өткен, Чернобыль, Семей зардаптарын жоюға қатысқан ержүрек жауынгерлер алдында тағзым етеміз. Біз Отан үшін ерлік көрсеткен батырларға әркез бас иеміз. Олардың қатарында бүгінде ортамызда отырған Ұлы Отан соғысының ардагері, Қызылорда облысының Құрметті ардагері, Сырдария ауданының Құрметі азаматы, 104 жастағы Яхия Тасыров зор құрметке бөленіп келеді. Ұлы Отан соғысы ардагеріне әрқашан құрметіміз мол, – деді БЕРІК ӘБДІҒАППАРҰЛЫ.

Мерекелік іс-шарада аудан дамуына, ел тыныштығы үшін қызмет етіп жүрген бірқатар азамат облыс және аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.

Сондай-ақ, облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Жұмабек Алиев және облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, подполковник Жасұлан Шанкулов сөз сөйлеп, Ұлы Отан соғысының ардагері, Сырдария ауданының Құрметті азаматы Яхия Тасыровқа «Ардагерлер ұйымы» республикалық бірлестігінің «Құрмет белгісі» медалін табыстады. Сонымен қатар, тыл ардагерлеріне облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

Салтанатты іс-шарада ауданның көрсемөнерпаздары концерттік бағдарламаларын ұсынды.

Айта кетейік, мерекелік іс-шара барысында Ұлы Отан соғысының ардагері Я.Тасыровпен кездесу өткізіліп, патриоттық бағытта көріністер қойылып, көрмелер ұйымдастырылды.

Алдыңғы мақала

Отан қорғаушылар күніне орай әскери-патриоттық шара өтті

Келесі мақала

Қала әкімі әлеуметтік нысандардың құрылысымен танысты

Оқи отырыңыз

«Қарасора-2026» іс-шарасы аясында 92 келіден астам есірткі тәркіленді
Құқық

«Қарасора-2026» іс-шарасы аясында 92 келіден астам есірткі тәркіленді

Жеке кәсіпкердің құқығы қалпына келтірілді
Құқық

Жеке кәсіпкердің құқығы қалпына келтірілді

Құқық

Алматы облысының прокуратурасы 500-ден астам жалған хабарландыруды бұғаттады

Құқық

Қостанай облысында 24 тонна спиртті заңсыз әкетудің жолы кесілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қостанай облысында 24 тонна спиртті заңсыз әкетудің жолы кесілді

Балалардың құқықтары қорғалды

Жаңақорғандық мемлекеттік қызметкерлер марапат төрінен көрінді

Аудан полицейлеріне құрмет көрсетілді

Жаңақорғанда мемлекеттік қызметкерлер күніне орай спорттық жарыстар өтті

Облыс  әкімі полиция қызметкерлеріне 94 қызметтік көлік табыстады

Өзекті жаңалықтар

«Қарасора-2026» іс-шарасы аясында 92 келіден астам есірткі тәркіленді
Құқық

«Қарасора-2026» іс-шарасы аясында 92 келіден астам есірткі тәркіленді

0

Спикердің айтуынша, Мемлекет басшысы жариялаған «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, заң үстемдігін нығайту...

Жеке кәсіпкердің құқығы қалпына келтірілді

Жеке кәсіпкердің құқығы қалпына келтірілді

Алматы облысының прокуратурасы 500-ден астам жалған хабарландыруды бұғаттады

Қостанай облысында 24 тонна спиртті заңсыз әкетудің жолы кесілді

Балалардың құқықтары қорғалды

Балалардың құқықтары қорғалды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «Қарасора-2026» іс-шарасы аясында 92 келіден астам есірткі тәркіленді
  • Жеке кәсіпкердің құқығы қалпына келтірілді
  • Алматы облысының прокуратурасы 500-ден астам жалған хабарландыруды бұғаттады
  • Қостанай облысында 24 тонна спиртті заңсыз әкетудің жолы кесілді
  • Балалардың құқықтары қорғалды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі