• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Дүйсенбі, 22 маусым, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Спорт

Полиция күніне орай волейболдан аудандық турнир басталды

Қазақстан Республикасы Полициясы күніне орай «Бақыт Арена» спорт кешенінде аудандық мемлекеттік мекемелер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасында волейболдан аудандық турнир өтті , деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

22.06.2026
in Спорт
0
491
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Турнирдің ашылу рәсіміне аудан әкімі Айтбай Жандарбеков қатысып, сала ардагерлері мен тәртіп сақшыларын кәсіби мерекемен құттықтады.

–“Сіздерді келе жатқан кәсіби төл мерекелеріңіз — Қазақстан полициясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ел тыныштығын сақтау жолында қиындықтан да, қатерден қаймықпайтын қоғамдық тәртіптің қырағы сақшылары — полицейлердің еңбегі әрдайымда құрмет пен алғысқа лайық.

«Ер қадірін білмеген — ел қадірін білмейді» дегендей, қоғамды қылмыстан сақтауда ерлікпен қаза тапқан полиция қызметкерлері әрқашан аудан жұртының жадында қалары анық.

Аудан тұрғындарының өмірін қорғау жолында қылмыскердің ажал оғына кеудесін тосқан милиция капитаны Мұрат Өмірбековтің, полиция лейтенанттары Талғат Қозыбаевтың, Есентұрсын Бектұрсыновтың, қызмет бабында қаза тапқан полиция лейтенанты Бақыткелді Ибраимовтың, полиция майоры Алтынбай Қойшыбаевтың ерлік істеріне әрдайым тағзым етеміз. Өз қызметін адал атқарып, ерліктің үлгісін көрсеткен азаматтарымыздың есімі кейінгі буынға өжеттік пен батылдықтың өнегесі болып қала береді.

Төл мерекеде қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және қылмыспен күрес, оның алдын алу жолындағы қажырлы еңбектеріңізге сәттілік тілей отырып, бүгінгі жарысқа қатысқалы отырған командаларға жоғары деңгейде ойын көрсетулеріне шын жүректен тілектеспін!”- деді, аудан басшысы өз сөзінде.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында құқық қорғау саласын нығайту, материалдық-техникалық базаны жетілдіру және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында ауданымызда ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр.

Осы бастамалар аясында Шиелі аудандық полиция бөлімінің материалдық-техникалық әлеуетін арттыруға ерекше көңіл бөлінуде. Соңғы жылдары бөлімге 7 JAC маркалы қызметтік автокөлік, кезекшілік бөлімшесі мен уақытша ұстау изоляторына 2 «Газель» автокөлігі беріліп, жалпы саны 9 қызметтік көлікпен қамтамасыз етілді.

Сондай-ақ, аудан көлемінде Жедел басқару орталықтары іске қосылып, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісіне заманауи технологиялар енгізілуде.

Бүгінде аудан аумағында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 72 бейнебақылау камерасы тұрақты жұмыс жасап тұр.

Шара барысында құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасында өтетін аудандық волейбол турниріне ресми түрде старт берілді.

Жарыстың басты мақсаты — салауатты өмір салтын насихаттау, құқық қорғау органдары қызметкерлері арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту және бұқаралық спортты дамыту.

 

@Шиелі ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Алдыңғы мақала

Арал қаласы әкімінің сайлауы өтуде

Оқи отырыңыз

Арал қаласы әкімінің сайлауы өтуде
Мәдениет

Арал қаласы әкімінің сайлауы өтуде

Арал:18 жасқа толған азаматша туған күнінде өз таңдауын жасады
Қоғам

Арал:18 жасқа толған азаматша туған күнінде өз таңдауын жасады

Ардагерлер Аралдың балық шаруашылығымен және тарихи мұраларымен танысты
Мәдениет

Ардагерлер Аралдың балық шаруашылығымен және тарихи мұраларымен танысты

Арал:Қарт сайлаушы өз таңдауын жасады
Қоғам

Арал:Қарт сайлаушы өз таңдауын жасады

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Ардагерлер Аралдың балық шаруашылығымен және тарихи мұраларымен танысты

Арал:Қарт сайлаушы өз таңдауын жасады

Арал қаласы әкімінің сайлауында тұрғындар белсенділік танытуда

Қазалылық жас түлек «ел үміті» премиясының лауреаты атанды

Арал ауданында сенбілік жұмыстары жалғасуда

Қазалыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында серпінді сенбілік өтті

Өзекті жаңалықтар

Полиция күніне орай волейболдан аудандық турнир басталды
Спорт

Полиция күніне орай волейболдан аудандық турнир басталды

0

Турнирдің ашылу рәсіміне аудан әкімі Айтбай Жандарбеков қатысып, сала ардагерлері мен тәртіп сақшыларын кәсіби мерекемен құттықтады. –“Сіздерді...

Арал қаласы әкімінің сайлауы өтуде

Арал қаласы әкімінің сайлауы өтуде

Арал:18 жасқа толған азаматша туған күнінде өз таңдауын жасады

Арал:18 жасқа толған азаматша туған күнінде өз таңдауын жасады

Ардагерлер Аралдың балық шаруашылығымен және тарихи мұраларымен танысты

Ардагерлер Аралдың балық шаруашылығымен және тарихи мұраларымен танысты

Арал:Қарт сайлаушы өз таңдауын жасады

Арал:Қарт сайлаушы өз таңдауын жасады

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Полиция күніне орай волейболдан аудандық турнир басталды
  • Арал қаласы әкімінің сайлауы өтуде
  • Арал:18 жасқа толған азаматша туған күнінде өз таңдауын жасады
  • Ардагерлер Аралдың балық шаруашылығымен және тарихи мұраларымен танысты
  • Арал:Қарт сайлаушы өз таңдауын жасады
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі