• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сейсенбі, 18 тамыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Жаңақорғандық мемлекеттік қызметкерлер марапат төрінен көрінді

Бүгін аудан әкімі Мажит Самитовтың қатысуымен 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған «Адал қызмет – елге құрмет» атты салтанатты шара өтті. Оған мемлекеттік органдардың басшылары, сала ардагерлері мен мемлекеттік қызметшілер қатысты, деп хабарлайды PostScript.kz ақпараттық агенттігі.

23.06.2026
in Қоғам
0
491
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Мерекелік жиында аудан әкімі мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосып жүрген үлестерін ерекше атап өтті.

– Баршаңызды кәсіби мерекелеріңіз – Мемлекеттік қызметшілер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекеттік қызмет – үлкен жауапкершілік пен адалдықты талап ететін абыройлы міндет. Сіздер ауданымыздың өсіп-өркендеуіне, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға және мемлекеттік саясаттың тиімді жүзеге асуына өлшеусіз үлес қосып келесіздер. Ел игілігі жолындағы адал еңбектеріңіз әрдайым құрметке лайық. Қай салада қызмет атқарсаңыздар да халық сенімін ақтап, мемлекет мүддесіне қалтқысыз қызмет ете берулеріңізге тілектеспін, – деді аудан басшысы.

Салтанатты шара барысында мемлекеттік қызмет саласында ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек етіп, ауданның дамуына сүбелі үлес қосқан бірқатар азаматтар марапатталды. Атап айтқанда, ауданның ең жоғары наградасы – «Жаңақорған ауданының дамуына қосқан үлесі үшін» медалі, сондай-ақ аудан әкімінің Алғыс хаттары табысталды.

Жиында мемлекеттік қызмет саласының ардагері, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірсерік Тақырбасов сөз сөйлеп, мемлекеттік қызметтің қоғамдағы маңызына тоқталып, әріптестеріне ізгі тілегін жеткізді.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет қатарына жаңадан қабылданған жас мемлекеттік қызметшілердің салтанатты түрде Ант беру рәсімі өтті.

Алдыңғы мақала

Аудан полицейлеріне құрмет көрсетілді

Келесі мақала

Балалардың құқықтары қорғалды

Оқи отырыңыз

Жеке құрам қызметкерлеріне жедел кеңес өткізілді
Құқық

Жеке құрам қызметкерлеріне жедел кеңес өткізілді

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Қызылорда теміржол вокзалында ақпараттық-түсіндіру жумыстары жүргізілді
Қоғам

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Қызылорда теміржол вокзалында ақпараттық-түсіндіру жумыстары жүргізілді

23 тамыз – Құрылтай сайлауына белсенді қатысайық!
Саясат

23 тамыз – Құрылтай сайлауына белсенді қатысайық!

Құрылтай сайлауы: елдік мәселелерге бейжай қарамау маңызды!
Саясат

Құрылтай сайлауы: елдік мәселелерге бейжай қарамау маңызды!

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Құрылтай сайлауы: елдік мәселелерге бейжай қарамау маңызды!

Абаттандыру және тазалық жұмыстары цифрлық бақылаумен күшейтілуде

Қазалыда «Ауыл аманаты» жобасы арқылы кәсіпкерлерге нақты қолдау көрсетілуде

Жаңа оқу жылында қоғамдық көлік жұмысы күшейтілді

Жастар күні. Гала концерт

Вирустық гепатит аурушаңдығы төмендеді

Өзекті жаңалықтар

Жеке құрам қызметкерлеріне жедел кеңес өткізілді
Құқық

Жеке құрам қызметкерлеріне жедел кеңес өткізілді

0

Кеңеске Қызылорда облысы Полиция департаменті Өзіндік қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Жапаров Серік Исақожаұлы және ҚАЖ...

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Қызылорда теміржол вокзалында ақпараттық-түсіндіру жумыстары жүргізілді

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Қызылорда теміржол вокзалында ақпараттық-түсіндіру жумыстары жүргізілді

23 тамыз – Құрылтай сайлауына белсенді қатысайық!

23 тамыз – Құрылтай сайлауына белсенді қатысайық!

Құрылтай сайлауы: елдік мәселелерге бейжай қарамау маңызды!

Құрылтай сайлауы: елдік мәселелерге бейжай қарамау маңызды!

Абаттандыру және тазалық жұмыстары цифрлық бақылаумен күшейтілуде

Абаттандыру және тазалық жұмыстары цифрлық бақылаумен күшейтілуде

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Жеке құрам қызметкерлеріне жедел кеңес өткізілді
  • «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Қызылорда теміржол вокзалында ақпараттық-түсіндіру жумыстары жүргізілді
  • 23 тамыз – Құрылтай сайлауына белсенді қатысайық!
  • Құрылтай сайлауы: елдік мәселелерге бейжай қарамау маңызды!
  • Абаттандыру және тазалық жұмыстары цифрлық бақылаумен күшейтілуде
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі