• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Дүйсенбі, 24 тамыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Машбек Сапарбайұлының 100 жылдығына арналған облыстық байқау өтті

Бүгін аудандық мәдениет үйінде Еңбек ардагері Машбек Сапарбайұлының туғанына 100 жыл толуына арналған «Маңдай термен келген мәртебе» атты мәдени-демалыс кешендерінің облыстық байқауы өтті, деп хабарлайды PostScript.kz ақпараттық агенттігі.

29.06.2026
in Мәдениет
0
493
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Облыстық байқауға Арал ауданынан №1 «Ақжелкен» мәдени-демалыс кешені, Қазалы ауданынан «Жібек жолы – Қазалы» мәдени-демалыс кешені, Жалағаш ауданынан «Самғау» мәдени-демалыс кешені, Сырдария ауданынан «Зерде» мәдени-демалыс кешені, Шиелі ауданынан «Шиелі шынарлары» мәдени-демалыс кешені және Жаңақорған ауданынан «Мәдениет қырандары» мәдени-демалыс кешені қатысты.

Байқаудың ашылу рәсімінде аудан әкімі Мажит Самитов сөз сөйлеп, Машбек Сапарбайұлының өнегелі өмір жолына және ұрпақ тәрбиесіндегі еңбегіне тоқталып, байқауға қатысушыларға сәттілік тіледі.

– Машбек Сапарбайұлы өзінің бар саналы ғұмырын туған жердің өсіп-өркендеуіне арнап, адал еңбектің, елжандылықтың жарқын үлгісін көрсете білген азаматтардың бірі.

Соғыс жылдарының ауыртпалығы, одан кейінгі елді қалпына келтіру кезеңі, ауыл шаруашылығын дамыту жолындағы ауқымды міндеттер – сол заман адамдарының иығына үлкен жауапкершілік жүктеді. Осындай сындарлы шақтарда Машбек Сапарбайұлы өзінің еңбекқорлығы мен ұйымдастырушылық қабілетін танытып, туған өлкесінің әлеуметтік-экономикалық дамуына, әсіресе ауыл шаруашылығы саласының өркендеуіне сүбелі үлес қосты.

Өмір бойы ұстанған адалдық, еңбекқорлық, елге қызмет ету қағидаларын өз балаларының бойына сіңіріп, ұрпағына дұрыс бағыт-бағдар бере білді. Бір әулеттен екі бірдей облыс әкімін тәрбиелеп өсірген әке ретінде оның бала тәрбиесіндегі ұстанымы, отбасылық құндылықтарға деген құрметі мен жауапкершілігі көпшілікке үлгі.

Еңбегімен елге сыйлы болған ардақты азамат Машбек Сапарбайұлының жарқын бейнесі ұрпақ жадында мәңгі сақтала берсін! Барша қатысушыларға сәттілік, шығармашылық шабыт тілеймін! Өнерлеріңіз өрге жүзсін! – деді аудан басшысы.

Байқау барысында қатысушы мәдени-демалыс кешендері Машбек Сапарбайұлының өмірі мен еңбек жолынан сахналық қойылымдар, музыкалық композициялар және жасанды интеллектің көмегімен бейнероликтер көрермен назарына ұсынып, жоғары шығармашылық деңгейлерін көрсетті.

Байқау қорытындысы бойынша бас жүлде Жаңақорған ауданының «Мәдениет қырандары» мәдени-демалыс кешеніне бұйырды. І орынға Арал ауданының №1 «Ақжелкен» мәдени-демалыс кешені, ІІ орынға Шиелі ауданының «Шиелі шынарлары» мәдени-демалыс кешені, ІІІ орынға Сырдария ауданының «Зерде» мәдени-демалыс кешені лайық деп танылды. Ал Қазалы ауданының «Жібек жолы – Қазалы» және Жалағаш ауданының «Самғау» мәдени-демалыс кешендері арнайы алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

Алдыңғы мақала

Тұрғындардың ұсыныс пікірлері тыңдалды

Келесі мақала

Сырдария ауданында терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті

Оқи отырыңыз

Шетелде білім алып жүрген жерлесіміз өз таңдауын жасады
Қоғам

Шетелде білім алып жүрген жерлесіміз өз таңдауын жасады

Қызылорда: Ғарышкер кейпіндегі ерекше сайлаушы
Саясат

Қызылорда: Ғарышкер кейпіндегі ерекше сайлаушы

Сайлау күні – жәрмеңкеге де жол түсті
Қоғам

Сайлау күні – жәрмеңкеге де жол түсті

Құрылтай сайлауында Бимұратовтар отбасы өз таңдауын жасады
Қоғам

Құрылтай сайлауында Бимұратовтар отбасы өз таңдауын жасады

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Құрылтай сайлауында Бимұратовтар отбасы өз таңдауын жасады

Қызылорда облысында Ұлы Отан соғысының ардагері Яхия Тасыров дауыс берді

Қызылордада «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Қызылордада үй кезегіндегі тұрғындарға 90 пәтердің кілті табысталды

Спорт күні кең колемде аталып өтті

Заң мен тәртіп – ортақ қағида

Өзекті жаңалықтар

Шетелде білім алып жүрген жерлесіміз өз таңдауын жасады
Қоғам

Шетелде білім алып жүрген жерлесіміз өз таңдауын жасады

0

Лаура Асқарқызының айтуынша, қай елде жүрсе де, әрбір азамат үшін Қазақстанның болашағы маңызды. — Шетелде оқып жатқанымызға...

Қызылорда: Ғарышкер кейпіндегі ерекше сайлаушы

Қызылорда: Ғарышкер кейпіндегі ерекше сайлаушы

Сайлау күні – жәрмеңкеге де жол түсті

Сайлау күні – жәрмеңкеге де жол түсті

Құрылтай сайлауында Бимұратовтар отбасы өз таңдауын жасады

Құрылтай сайлауында Бимұратовтар отбасы өз таңдауын жасады

Қызылорда облысында Ұлы Отан соғысының ардагері Яхия Тасыров дауыс берді

Қызылорда облысында Ұлы Отан соғысының ардагері Яхия Тасыров дауыс берді

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Шетелде білім алып жүрген жерлесіміз өз таңдауын жасады
  • Қызылорда: Ғарышкер кейпіндегі ерекше сайлаушы
  • Сайлау күні – жәрмеңкеге де жол түсті
  • Құрылтай сайлауында Бимұратовтар отбасы өз таңдауын жасады
  • Қызылорда облысында Ұлы Отан соғысының ардагері Яхия Тасыров дауыс берді
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі