• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сейсенбі, 7 шілде, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

Аймақ басшысы Бесарық ауылының тыныс-тіршілігімен танысты

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Сырдария ауданына жұмыс сапары барысында Бесарық ауылындағы №12 аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жұмысымен танысты,-деп хабарлайды «PostScript.kz» ақпараттық агенттігі.

30.06.2026
in Қоғам
0
492
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Спорт кешенінде дзюдо, бокс және таэквондо үйірмелері жұмыс істейді. Қазір мұнда 180 адам спортпен тұрақты шұғылданады. Мекемеде 18 қызметкер еңбек етеді.

Одан кейін аймақ басшысы ауылдың орталық алаңында тұрғындармен кездесіп, шағын өндірістік орталық пен ауылдық мәдениет үйінің жұмысын көрді.

Жұртшылықтың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, Бесарық ауылын одан әрі дамытуда атқарылатын жұмыстар мен алдағы жоспарларға тоқталды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасы мен әл-ауқатын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» бағдарламасы Бесарық ауылында сәтімен жүзеге асуда.

Мұнда «Абай-Дәулет» серіктестігінің демеушілігімен фри картобын өндіретін зауыт жұмыс істейді. Сонымен қатар наубайхана, кондитерлік және жартылай дайын өнімдер цехтары, жұмыс қолғаптарын, пластик ыдыстарды, сабын мен ағаш бұйымдарын өндіретін кәсіпорындар іске қосылған.

«Қызылорда» супермаркеті мен дәмхана тұрғындарға сапалы қызмет көрсетіп келеді.

Еске салсақ, 2024 жылы ауылда жалпы аумағы 1 мың шаршы метр болатын шағын өндірістік орталық пайдалануға беріліп, 13 кәсіпкерге өз кәсібін бастауға мүмкіндік жасалды.

Оның 4-еуі «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы, 5 жоба «Өңірлік инвестициялық орталықтың» қолдауымен, ал 4 жоба шаруашылықтың өз қаражаты есебінен жүзеге асты. Нәтижесінде 25 жаңа жұмыс орны ашылып, жобаларға 960 млн теңге инвестиция тартылды. Бүгінде кәсіпкерлер шағын өндірістік орталықта өз өнімдерін шығаруда.

Айта кету керек, «Абай-Дәулет» серіктестігі 2018 жылдан бері ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына 1,5 млрд теңгеден астам қаражат бағыттады. Бұл қаржы 360 орындық мектеп, 120 орындық балабақша, дәрігерлік амбулатория, мәдениет үйі секілді әлеуметтік нысандарды салуға, жөндеуге, абаттандыруға және көгалдандыру жұмыстарына жұмсалды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алдыңғы мақала

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы кешенді іс шаралар жүзеге асырылуда

Келесі мақала

Шағын өнеркәсіпті дамыту – аймақ экономикасының маңызды бағыты

Оқи отырыңыз

Қармақшы аудандық пробация қызметінің есебіндегі сотталғандар Қорқыт ата кесенесіне барды
Құқық

Қармақшы аудандық пробация қызметінің есебіндегі сотталғандар Қорқыт ата кесенесіне барды

Жалағашта Ұлттық домбыра күніне орай домбыра шеруі ұйымдастырылды
Мәдениет

Жалағашта Ұлттық домбыра күніне орай домбыра шеруі ұйымдастырылды

Шиеліде ұлттық домбыра күніне орай мәдени іс-шара өтті
Мәдениет

Шиеліде ұлттық домбыра күніне орай мәдени іс-шара өтті

Аймақ басшысы құрылыс нысандарындағы жұмыс барысын тексерді
Әлеумет және экономика

Аймақ басшысы құрылыс нысандарындағы жұмыс барысын тексерді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Аймақ басшысы құрылыс нысандарындағы жұмыс барысын тексерді

Қазалы: Үйрек елді мекені аяқ сумен қамтылды

Қазалыда “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы өтті

Облыс әкімі Түрік инвесторларымен жылыжай шаруашылығын дамыту мәселесін талқылады

Қазалыда қоғамдық даму бөлімінің басшысы тағайындалды

Елдік мүдде жолындағы маңызды кезең

Өзекті жаңалықтар

Қармақшы аудандық пробация қызметінің есебіндегі сотталғандар Қорқыт ата кесенесіне барды
Құқық

Қармақшы аудандық пробация қызметінің есебіндегі сотталғандар Қорқыт ата кесенесіне барды

0

Түркі дүниесінің қайталанбас дара тұлғасы Қорқыт атаның жамбасы тиген қасиетті Қармақшы жеріндегі Қорқыт ата кешеніне келген қонақтарды...

Жалағашта Ұлттық домбыра күніне орай домбыра шеруі ұйымдастырылды

Жалағашта Ұлттық домбыра күніне орай домбыра шеруі ұйымдастырылды

Шиеліде ұлттық домбыра күніне орай мәдени іс-шара өтті

Шиеліде ұлттық домбыра күніне орай мәдени іс-шара өтті

Аймақ басшысы құрылыс нысандарындағы жұмыс барысын тексерді

Аймақ басшысы құрылыс нысандарындағы жұмыс барысын тексерді

Қазалы: Үйрек елді мекені аяқ сумен қамтылды

Қазалы: Үйрек елді мекені аяқ сумен қамтылды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қармақшы аудандық пробация қызметінің есебіндегі сотталғандар Қорқыт ата кесенесіне барды
  • Жалағашта Ұлттық домбыра күніне орай домбыра шеруі ұйымдастырылды
  • Шиеліде ұлттық домбыра күніне орай мәдени іс-шара өтті
  • Аймақ басшысы құрылыс нысандарындағы жұмыс барысын тексерді
  • Қазалы: Үйрек елді мекені аяқ сумен қамтылды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі