• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сенбі, 17 қазан, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Құқық

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы кешенді іс шаралар жүзеге асырылуда

Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың жылдың наурыз–маусым айлары аралығында өңірде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және қоғамда заң үстемдігі қағидаттарын насихаттауға бағытталған ауқымды ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары өткізілді.

30.06.2026
in Құқық
0
494
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Жоба аясында 2026 жылдың наурыз–сәуір айларында Қызылорда облысының Жалағаш, Қармақшы, Қазалы, Арал, Сырдария, Шиелі және Жаңақорған аудандарында бірқатар маңызды іс-шаралар ұйымдастырылды.

Атап айтқанда, аудандық «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияларының бөлімдерінде тұрғындарға тегін құқықтық кеңес беру мақсатында «Заң және әділет: сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша ашық құқықтық кеңес» тақырыбында 7 қоғамдық қабылдау өткізілді.
Сонымен қатар, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың бойында адалдық пен жауапкершілік қағидаттарын қалыптастыру мақсатында «Жастар және адалдық қағидаты: заң, тәртіп, жауапкершілік» тақырыбында 7 кездесу ұйымдастырылды.
Мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген азаматтардың қатысуымен «Адал қоғам: сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және заң үстемдігі» тақырыбында 7 семинар өткізіліп, қатысушылар арасында заң талаптарын сақтау, адалдық қағидаттарын нығайту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері кеңінен талқыланды.
2026 жылғы сәуір айында жастардың азаматтық белсенділігін арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыру мақсатында «Өзіңнен баста» тақырыбында облыстық дебат турнирі ұйымдастырылды. Турнир барысында қатысушылар қоғамдағы әділдік, заң үстемдігі және адалдық құндылықтары жөнінде өз пікірлерін ортаға салып, өзара пікірталас жүргізді.
2026 жылғы мамыр айында Қызылорда қаласындағы Президент саябағында «Заң және әділет: сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша ашық құқықтық кеңес» тақырыбында қоғамдық қабылдау өткізіліп, тұрғындарға құқықтық кеңестер берілді.
Сонымен бірге жоба аясында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында 1000 дана А5 форматындағы ақпараттық брошюра және 500 дана А4 форматындағы өздігінен жабыстырылатын ақпараттық материал дайындалып, басып шығарылды. Ақпараттық өнімдер Президент саябағында қала тұрғындарына таратылып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша кең көлемді ақпараттық акция ұйымдастырылды.
2026 жылғы маусым айында Қызылорда қаласындағы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бөлімінде тұрғындарға құқықтық көмек көрсету мақсатында 2 қоғамдық қабылдау өткізілді.
Қызылорда қаласының орталық алаңында «Пайда ойлама, ар ойла!» атты кең ауқымды ақпараттық акция ұйымдастырылды. Акция барысында қала тұрғындарына және автотұрақтардағы көлік жүргізушілеріне сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, заң талаптарын сақтау, адалдық қағидаттарын ұстану және азаматтық жауапкершілікті арттыру бағытында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, арнайы ақпараттық материалдар таратылды.
Жоба аясында өткізілген барлық іс-шаралар қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, құқықтық сауаттылық деңгейін арттыруға, азаматтардың заңға деген құрметін нығайтуға және адалдық қағидаттарын кеңінен дәріптеуге бағытталды.

Алдыңғы мақала

Тергеушілер азаматтардың құқықтық сауаттылығына аса мән береді

Келесі мақала

Аймақ басшысы Бесарық ауылының тыныс-тіршілігімен танысты

Оқи отырыңыз

Қазалыда көпқабтты тұрғын үйлердің шатыры жөнделуде
Әлеумет және экономика

Қазалыда көпқабтты тұрғын үйлердің шатыры жөнделуде

Өндірістік және инвестициялық жобалардың жұмыс қарқыны сараланды
Қоғам

Өндірістік және инвестициялық жобалардың жұмыс қарқыны сараланды

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады
Қоғам

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті
Мәдениет

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті

Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет корсетілді

Ардагерлер бірқатар нысанды аралады

Қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

Өзекті жаңалықтар

Қазалыда көпқабтты тұрғын үйлердің шатыры жөнделуде
Әлеумет және экономика

Қазалыда көпқабтты тұрғын үйлердің шатыры жөнделуде

0

Бұл жұмыстардың негізгі мақсаты – аудан тұрғындарына жайлы өмір сүру жағдайын жасау, көпқабатты тұрғын үйлердің техникалық жағдайын...

Өндірістік және инвестициялық жобалардың жұмыс қарқыны сараланды

Өндірістік және инвестициялық жобалардың жұмыс қарқыны сараланды

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қазалыда көпқабтты тұрғын үйлердің шатыры жөнделуде
  • Өндірістік және инвестициялық жобалардың жұмыс қарқыны сараланды
  • Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады
  • Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті
  • Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі