• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 10 шілде, 2025
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Биыл 3300 гектар жерге бақша егілді

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте тұрғындардың өз-өзін бақша дақылдарымен қамтамасыз етуі үшін жер бөлу, пісімшілік кезінде өнімдерін өткізуге жәрдемдесу мәселелері талқыланды, - деп хабарлайды "PostScript.kz" ақпараттық агенттігі.

07.07.2025
in Қоғам
0
496
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Аймақ басшысы аудан әкімдеріне, жауапты басқармаларға бақша өнімдерін егуге жер бөлуді жыл сайын ұлғайту, суару жүйелерін жетілдіру және өнімді өткізу тізбегін ұйымдастыру жөнінде нақты тапсырмалар берді.

“Тұрғындардың сұранысын ескеріп, қосымша жер телімдерін анықтау керек. Ауылдық округтерде бос жатқан жерлерді келесі егін маусымында тиімді пайдалану үшін түгендеу жұмыстарын жүргізіңіздер. Егістік жерлерге су жеткізу үшін каналдар мен арықтарды тазалау, жөндеу және қажет болған жағдайда жаңадан қазу қажет”,- деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Айта кету керек, аймақта азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес 2022 жылдан бері жергілікті тұрғындар әлеуметтік маңызы бар картоп, көкөніс, бақша өнімдерін ұжымдасып еге бастады.

Биыл облыс бойынша 5 100 отбасыға бақша егу үшін 3 300 гектар жер дайындалды, 866 гектарға картоп, 885 гектарға көкөніс, 1 550 гектарға бақша дақылдары егілді.

Өткен жылы 3 179 гектар жер дайындалып, картоп 917 гектарға, көкөніс 817 гектарға, бақша 1 446 гектарға егілген болатын.

PS. Қазір нарықта Жаңақорған қарбызы сұранысқа ие. Биыл Жаңақорған ауданының Ақүй және Жайылма ауылдық округтерінде 1500 гектарға қарбыз егілді. Бүгінде жергілікті диқандар ерте пісетін қарбыз өсірудің барлық әдіс-тәсілін толық меңгерген. Көшетті алдымен ауладағы жылыжайда өсіріп, кейіннен ашық алқапқа көшіру әдісін қолдануда.Биыл қарбыз ерте пісіп, нарыққа шығарылды. Қазіргі таңда 1500 тоннаға жуық қарбыз сатылып, оның 700 тоннасы көрші Ресейге экспортталды. Қалғаны еліміздің солтүстік өңірлеріне жөнелтілді.

@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алдыңғы мақала

Қармақшы өнерпаздары облыстық байқауда үздік шықты

Келесі мақала

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтады

Оқи отырыңыз

«Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл»: Қызылордада облыстық ассамблеяның ХХVII сессиясы өтті
Саясат

«Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл»: Қызылордада облыстық ассамблеяның ХХVII сессиясы өтті

Халықаралық форумға қатысушылар Қызылорда қаласындағы нысандарды аралады
Қоғам

Халықаралық форумға қатысушылар Қызылорда қаласындағы нысандарды аралады

Аймақ басшысы өнеркәсіптік жобалардың жай-күйімен танысты
Қоғам

Аймақ басшысы өнеркәсіптік жобалардың жай-күйімен танысты

Мемлекет басшысы алдағы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
Мәдениет

Мемлекет басшысы алдағы Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Астанада ер адам Министрліктер үйіне өрт қоймақ болған

Қызылордада ҚАЖ департаментінің №60 мекемесінде 29 өзге ұлт өкілі жазасын өтеуде

Қызылордада жазасын өтеуші азаматтар медициналық тексерістен өтті

Қызылордалық су саласы қызметкерлеріне мемлекеттік марапаттар табыс етілді

ҚР экология және табиғи ресурстар министрі орман тұқымбақтарының жұмысымен танысты

«Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл»: Қызылордада облыстық ассамблеяның ХХVII сессиясы өтті

Өзекті жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев суперкомпьютерді іске қосу рәсіміне қатысты
Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаев суперкомпьютерді іске қосу рәсіміне қатысты

0

Мемлекет басшысы Alemcloud Ұлттық суперкомпьютер орталығына барып, NVIDIA H200 графикалық процессорлары базасында жасақталған суперкомпьютерді іске қосу рәсіміне...

Жаңақорғанда теміржол арқылы өтетін аспалы көпір пайдалануға берілді

Жаңақорғанда теміржол арқылы өтетін аспалы көпір пайдалануға берілді

Мені тоқтатсаң… Қызылордада жасөспірімдер полицейге қоқан-лоқы көрсетті

Мені тоқтатсаң… Қызылордада жасөспірімдер полицейге қоқан-лоқы көрсетті

Астанада ер адам Министрліктер үйіне өрт қоймақ болған

Астанада ер адам Министрліктер үйіне өрт қоймақ болған

Қызылордада  ҚАЖ департаментінің №60 мекемесінде 29 өзге ұлт өкілі жазасын өтеуде

Қызылордада ҚАЖ департаментінің №60 мекемесінде 29 өзге ұлт өкілі жазасын өтеуде

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Яндекс.Метрика
Соңғы жаңалықтар
  • Қасым-Жомарт Тоқаев суперкомпьютерді іске қосу рәсіміне қатысты
  • Жаңақорғанда теміржол арқылы өтетін аспалы көпір пайдалануға берілді
  • Мені тоқтатсаң… Қызылордада жасөспірімдер полицейге қоқан-лоқы көрсетті
  • Астанада ер адам Министрліктер үйіне өрт қоймақ болған
  • Қызылордада ҚАЖ департаментінің №60 мекемесінде 29 өзге ұлт өкілі жазасын өтеуде
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі