• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Бейсенбі, 30 сәуір, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Әлеумет және экономика

Қаржылық қауіпсіздік — ортақ жауапкершілік

Бүгін Қазалыда Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ұйымдастыруымен аудан тұрғындарының қаржылық қауіпсіздік сауаттылығын арттыру бағытында арнайы семинар өтті, - деп хабарлайды "PostScript.kz" ақпараттық агенттігі.

20.08.2025
in Әлеумет және экономика
0
494
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Аудан әкімінің міндетін атқарушы Жалғас Сүйеубаевтың төрағалығымен өткен жиынға облыстық Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Руслан Сатыбалдиев, департаменттің арнайы сала мамандары, аудандағы дербес бөлім қызметкерлері, медициналық және педагогикалық ұйымдардың қызметкерлері қатысты.

Семинар барысында департамент басшысының орынбасары Мемлекет басшысы айтқан «Заң және тәртіп» қағидасы аясында аудан тұрғындарының қаржылық қауіпсіздігін арттыру, интернет алаяқтық, қаржы пирамидалары мен құмар ойындардың зияны туралы маңызды мәлімет беру уақыт талабы екенін алға тартты.

Сондай-ақ семинарда «Қаржы пирамадасы жобаларының жалпы белгілерін таныту-үйрету» және «Құмар ойын құрдымға апарады» тақырыбында Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аға офицері Айбол Алатаев хабарлама жасады.

«Интернет алаяқтық» тақырыбында Қызылорда облысы полиция Департаментінің кибер қылмыстарға қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі Нұртілек Ермаханов және «Заң аясында қаржылық сауаттылық: әр азамат білуге тиіс» тақырыбында Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Айбек Орынбеков баяндама жасады.

Жиында барысында интернет алаяқтық, қаржы пирамидалары, міндетті әлеуметтік сақтандыру, құмар ойындардың зияны туралы арнайы бейероликтер көрсетіліп, үнпарақтар таратылды. Сондай-ақ семинарға қатысушылардың тарапынан интернет алаяқтық әрекеттерге байланысты сауалдар жолданып, тиісті сала мамандары тарапынан кеңес берілді.

Жиын соңында Жалғас Оңғарұлы мен аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш сөз алып, Қазалы ауданына сала мамандарымен бірге арнайы келіп қоғамдағы өткір әрі өзекті мәселе төңірегінде арнайы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатқан департамент басшысының орынбасары мен сала мамандарына алғысын жеткізді.

Алдыңғы мақала

«Алтын күз-2025» облыстық спартакиадасына қазалылық 190 спортшы қатысуда

Келесі мақала

«Таза Қазақстан» экологиялық жобасы аясында Жалағаш ауданының бірқатар ауылдарында абаттандыру және құрылыс жұмыстары жандануда

Оқи отырыңыз

Қамбашта GLOCAL жобасы аясында тұрақты дамуға бағытталған ауқымды іс-шаралар өтті
Қоғам

Қамбашта GLOCAL жобасы аясында тұрақты дамуға бағытталған ауқымды іс-шаралар өтті

«Жалын» сауықтыру лагері жазғы тынығу маусымына дайындалуда
Қоғам

«Жалын» сауықтыру лагері жазғы тынығу маусымына дайындалуда

«Адал дос, асыл азамат» кітабының тұсаукесері өтті
Мәдениет

«Адал дос, асыл азамат» кітабының тұсаукесері өтті

Қызылордада жаңа тұрғын үй кешені пайдалануға берілді
Қоғам

Қызылордада жаңа тұрғын үй кешені пайдалануға берілді

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қызылордада жаңа тұрғын үй кешені пайдалануға берілді

Аймақ басшысы «KEGOC» АҚ басқарма төрағасымен кездесті

Қазалыда көктемгі санитарлық тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Қазалы: мәслихаттың кезектен тыс 55 сессиясы өтті

Аудандық мәслихаттың кезекті 49 – сессиясы өтті

Шиелі ауданында көктемгі кенеге қарсы улау жұмыстары туралы

Өзекті жаңалықтар

Қамбашта GLOCAL жобасы аясында тұрақты дамуға бағытталған ауқымды іс-шаралар өтті
Қоғам

Қамбашта GLOCAL жобасы аясында тұрақты дамуға бағытталған ауқымды іс-шаралар өтті

0

Еуропалық Одақ делегациясының сапары барысында жергілікті бастамалар таныстырылып, ауылдық деңгейде жүзеге асырылып жатқан жұмыстардың нақты нәтижелері көрсетілді....

«Жалын» сауықтыру лагері жазғы тынығу маусымына дайындалуда

«Жалын» сауықтыру лагері жазғы тынығу маусымына дайындалуда

«Адал дос, асыл азамат» кітабының тұсаукесері өтті

«Адал дос, асыл азамат» кітабының тұсаукесері өтті

Қызылордада жаңа тұрғын үй кешені пайдалануға берілді

Қызылордада жаңа тұрғын үй кешені пайдалануға берілді

Аймақ басшысы «KEGOC» АҚ басқарма төрағасымен кездесті

Аймақ басшысы «KEGOC» АҚ басқарма төрағасымен кездесті

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Қамбашта GLOCAL жобасы аясында тұрақты дамуға бағытталған ауқымды іс-шаралар өтті
  • «Жалын» сауықтыру лагері жазғы тынығу маусымына дайындалуда
  • «Адал дос, асыл азамат» кітабының тұсаукесері өтті
  • Қызылордада жаңа тұрғын үй кешені пайдалануға берілді
  • Аймақ басшысы «KEGOC» АҚ басқарма төрағасымен кездесті
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі