• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сәрсенбі, 21 қазан, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Қоғам

«Дала күні – 2025»: Күрішке алғашқы орақ салу рәсімі өтті

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің қатысуымен Жалағаш ауданы Мақпалкөл ауылында «Дала күні – 2025» күрішке алғашқы орақ салу рәсімі өтті. Оған департамент, басқарма, инспекция басшылары, аудан әкімдері, облыстың зиялы қауымы мен шаруа қожалықтарының жетекшілері қатысты, - деп хабарлайды "PostScrip.kz" ақпараттық агенттігі.

05.09.2025
in Қоғам
0
495
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Облыс әкімі еңбеккерлерді егінге орақ түсуімен құттықтап, атқарылған жұмыстарды атап өтті.

«Бұл – диқандардың еккен бір дәні мың дән болатын, халықтың ризық- несібесін қамбасына құятын жауапты да салтанатты шағы.
Биыл облыс бойынша 186 600 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егіліп, оның ішінде күріш көлемі 80 900 гектар болды. Соңғы жылдардағы су тапшылығының кері әсерін Сыр диқандары қатты сезініп келеді. Осы жылы вегетациялық кезең өте күрделі жағдайда өтті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы мен Үкімет басшысы Олжас Абайұлының, Үкімет мүшелерінің бастамасымен Сырдария өзенінің жоғарғы ағысындағы мемлекеттермен дер кезінде келіссөздер жүргізіп, үлкен қолдау жасалды.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Үкімет резервінен 53 жылжымалы-дизельді насос алуға 1 млрд. теңге бөлініп, насостардың алғашқы легі жеткізіліп, шаруалар игілігіне пайдаланды.
Төтенше жағдайлар министрлігі еліміздің барлық өңірінен 139 қызметкерден құралған жеке құрамды, 25 дизельді қондырғыны көмекке жеткізіп, екі ай бойы су тапшылығы қалыптасқан аумақтарда уақытпен санаспай жұмыс атқарды.
Аймағымызда арнайы жұмыс топтары құрылып, суды тиімді пайдалану мақсатында егістікті кезектесіп суару мен қашыртқыдағы суды екінші рет пайдалануды жолға қойдық. Осындай қиындықтарға қарамастан, күріш көлемін барынша шығынсыз сақтауға қол жеткіздік. Дер кезінде қабылданған батыл шешімдер мен жүргізілген келіссөздердің арқасында егіс алқаптары сумен қамтамасыз етілді.
Осы сәтте, Президентімізге, Үкімет басшысына, құрметті Нұржан Молдиярұлы, Сізге және Сіз басқаратын ұжымға, Ауыл шаруашылығы, Төтенше жағдайлар министрліктеріне көрсетілген барлық қолдау үшін Сыр жұртшылығының атынан зор алғысымызды, шынайы ризашылығымызды білдіреміз.
Құрметті егінші қауым, баршаңыздың еңбектеріңізге сәттілік тілеймін! Алдағы «Алтын дән» мерекесінде зор табыстармен кездесейік!», – деді Н.Нәлібаев.

Мерекелік шарада Нұржан Нұржігітов диқандарды құттықтап, вегетациялық кезеңдегі күрделі жағдайға қарамастан жақсы жетістікке жеткеніне ризашылығын білдірді. Қызылорда облысының құрметті азаматы Бекмырза Еламанов бата берді.
Басқосуда ала жаздай маңдайы күнге, табаны құмға күйген мәртебелі еңбек адамдары марапат төрінен көрінді. Атап айтсақ, бірқатар азаматқа Премьер-министрдің Алғыс хаты, Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісі, Құрмет грамотасы, министрдің Алғыс хаты, Су шаруашылығы және ирригация министрлігінің «Су шаруашылығы саласының ардагері» төсбелгісі, Құрмет грамотасы табысталды. Сонымен қатар, салтанатты шарада Қызылорда облысының Құрмет грамотасымен және облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталғандар да құрметке бөленді.
Жиында ауыл шаруашылығы техникаларының көрмесі ұйымдастырылып, ауылдың тыныс- тіршілігін бейнелейтін қойылымдар көрсетілді.
Айта кетейік, Сырдария өзеніндегі су деңгейінің төмендеуіне байланысты Сыр өңірінің егін шаруашылығында әртараптандыру жұмыстары жанданып, су үнемдеу технологиялары кеңінен енгізілуде.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алдыңғы мақала

Тазалық ісінде тартынбаған қызметкерлер

Келесі мақала

Бүгін Қазақстан халқы тілдері күні

Оқи отырыңыз

«ҚОРҚЫТ АТА» арнайы экономикалық аймағындағы инвестициялық жай-күйі талқыланды
Қоғам

«ҚОРҚЫТ АТА» арнайы экономикалық аймағындағы инвестициялық жай-күйі талқыланды

Сыр өңірінде халықаралық волонтерлер апталығы бастау алды
Әлеумет және экономика

Сыр өңірінде халықаралық волонтерлер апталығы бастау алды

Қазалыда әке өнегесін насихаттау мәселелері қаралды
Әлеумет және экономика

Қазалыда әке өнегесін насихаттау мәселелері қаралды

Қазалыда көпқабтты тұрғын үйлердің шатыры жөнделуде
Әлеумет және экономика

Қазалыда көпқабтты тұрғын үйлердің шатыры жөнделуде

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Қазалыда көпқабтты тұрғын үйлердің шатыры жөнделуде

Өндірістік және инвестициялық жобалардың жұмыс қарқыны сараланды

Қала күнінде Қызылордалықтар қоныс тойын тойлады

Қызылордада қала күніне арналған мерекелік концерт өтті

Жалағашта спорттың дүбірі: «Алтын күз — 2026» спартакиадасы басталды

Қызылорда қаласында «Анаға тағзым » ІІІ республикалық форумы өтті

Өзекті жаңалықтар

«ҚОРҚЫТ АТА» арнайы экономикалық аймағындағы инвестициялық жай-күйі талқыланды
Қоғам

«ҚОРҚЫТ АТА» арнайы экономикалық аймағындағы инвестициялық жай-күйі талқыланды

0

Жиында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін инвестициялық жобалардың орындалу қарқыны, инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, өндірістерді уақытылы іске...

Сыр өңірінде халықаралық волонтерлер апталығы бастау алды

Сыр өңірінде халықаралық волонтерлер апталығы бастау алды

Қазалыда әке өнегесін насихаттау мәселелері қаралды

Қазалыда әке өнегесін насихаттау мәселелері қаралды

Қазалыда көпқабтты тұрғын үйлердің шатыры жөнделуде

Қазалыда көпқабтты тұрғын үйлердің шатыры жөнделуде

Өндірістік және инвестициялық жобалардың жұмыс қарқыны сараланды

Өндірістік және инвестициялық жобалардың жұмыс қарқыны сараланды

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • «ҚОРҚЫТ АТА» арнайы экономикалық аймағындағы инвестициялық жай-күйі талқыланды
  • Сыр өңірінде халықаралық волонтерлер апталығы бастау алды
  • Қазалыда әке өнегесін насихаттау мәселелері қаралды
  • Қазалыда көпқабтты тұрғын үйлердің шатыры жөнделуде
  • Өндірістік және инвестициялық жобалардың жұмыс қарқыны сараланды
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі