• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Жұма, 20 наурыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Әлеумет және экономика

Еңбек нарығын дамыту және цифрландыру мәселелері талқыланды

Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Күн тәртібінде еңбек нарығын дамыту және цифрландыру мәселелері талқыланды, - деп хабарлайды "PostScript.kz" ақпараттық агенттігі.

30.07.2025
in Әлеумет және экономика
0
494
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режим арқылы қатысты. Үкімет отырысынан соң аймақ басшысының төрағалығымен өткен мәжілісте еңбек нарығын дамыту, суармалы егіс алқаптарының жағдайы, бос тұрған ғимараттарды тиімді басқару мәселелері бойынша тиісті сала басшыларына тапсырмалар жүктелді.

Біздің аймақ жұмыспен қамтудың өңірлік картасы бойынша республикада үздік үштікте. «2025 жылға арналған жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында жоспарланған 46 560 жұмыс орнының 15 198-і ашылып, бос орындарға 3 105, субсидияланатын орындарға 9 307 адам орналасты. Ұлттық жобалар шеңберінде 186, кәсіпкерлер бастамасымен 1 925 жұмыс орны құрылды.

Жаңа бизнес-идеялар бойынша түскен 1 296 өтінімнің 675-і мақұлданып, әлеуметтік әлжуаз топтарға грант берілді. «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында 22 «Ашық есік күні» және 54 жәрмеңке өтті. Солтүстік пен Шығыс өңірлерге 15 отбасы қоныс аударды, 1 555 адам «Бастау Бизнес» жобасымен, ал 29 132 адам онлайн оқыды.

«Өңіріміздегі биылғы вегетациялық кезең өте күрделі жағдайда өтуде. Егінге қажетті су көлеміне сұраныс ең жоғары деңгейге жетті. Аталған мәселе бойынша күні кеше Үкімет басшысының қабылдауында болып, жағдайды баяндадым. Олжас Абайұлы Қырғызстан, Өзбекстан Республикаларының Премьер-министрлерімен сөйлесіп, арнайы Үкіметтік делегацияны жіберді. Көрші елдер көмектесетіндіктерін айтты. Бұл – Президентіміздің, Үкімет басшысының өңірімізге деген үлкен қолдауы.
Енді біз қолда бар мүмкіндіктерді пайдалануымыз қажет. Егінді су тапшылығы жағдайында белгіленген кестеге сәйкес кезектестіріп суаруды ұйымдастырыңыздар. Қолда бар насостардың тұрақты жұмысын тиісті талаптарға сәйкестендіру керек. Келген суды шаруашылықтар арасында әділ бөлуді үйлестіріңіздер. Күзде мал суаттарына қатысты туындауы ықтимал мәселелердің алдын алу үшін тиісті шаралар қабылдаңыздар.
Коммуналдық меншіктегі апатты жағдайда бос тұрған ғимараттарды заңнамада белгіленген тәртіппен комиссия арқылы есептен шығарыңыздар.
Бүгінде Қызылорда қаласының бірқатар аумағында жарық жоспарлы түрде ажыратылуда. Ажыратулар жаңа жылу-электр орталығының электр желілеріне қосылу жұмыстарымен байланысты. Бұл өз кезегінде ауыз судың да қалыпты берілуіне кері әсерін тигізді. Тіршілікті қамтамасыз етуші жүйелердің үздіксіз жұмысын қатаң бақылауда ұстаңыздар. Халықты электр энергиясымен, сумен, газбен қамтамасыз етуде ешқандай мәселе туындамауы тиіс», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Алдыңғы мақала

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді

Келесі мақала

МӘМС жүйесіне енгізілген жаңа өзгерістер — халық игілігі үшін

Оқи отырыңыз

Случай в школе
Қоғам

Мектепте қатарластарына балтамен шабуыл жасаған оқушы қамауға алынды

Әкесін ұрып соққан түркістандық 5 жылға сотталды
Құқық

Әкесін ұрып соққан түркістандық 5 жылға сотталды

Жылу, проблема
Қоғам

Жаңа үйден ауру таптық!

Шымкенттік ару “Miss Qazaqstan 2025″ байқауында жеңімпаз атанды
Қоғам

Шымкенттік ару “Miss Qazaqstan 2025″ байқауында жеңімпаз атанды

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Жаңақорғанда ұлттық киім күніне орай челлендж ұйымдастырылды

Ұлттық киім күні ұмыт қалмады

«Шаңырақ күні»: «Көңілді старт-2026» отбасылық эстафетасы өтті

Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы

«Anti-fraund» жедел профилактикалық іс шарасы жалғасуда

Референдум участкесінде ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізілді

Өзекті жаңалықтар

Наурызнама: татулық тұнған шаңырақ
Құқық

Наурызнама: татулық тұнған шаңырақ

0

Наурызнамада бекітілген айрықша күнде ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінің режим және күзет бөлімінің бақылаушысы әділет сержанты Ерназар...

Наурызнама: жазасын өтеушілерге көшпелі музей ұйымдастырылды

Наурызнама: жазасын өтеушілерге көшпелі музей ұйымдастырылды

Киіз үйдегі көрініс: мекеме арулары ұлттық дәстүрді дәріптеді

Киіз үйдегі көрініс: мекеме арулары ұлттық дәстүрді дәріптеді

Жаңақорғанда ұлттық киім күніне орай челлендж ұйымдастырылды

Жаңақорғанда ұлттық киім күніне орай челлендж ұйымдастырылды

Ұлттық киім күні ұмыт қалмады

Ұлттық киім күні ұмыт қалмады

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Наурызнама: татулық тұнған шаңырақ
  • Наурызнама: жазасын өтеушілерге көшпелі музей ұйымдастырылды
  • Киіз үйдегі көрініс: мекеме арулары ұлттық дәстүрді дәріптеді
  • Жаңақорғанда ұлттық киім күніне орай челлендж ұйымдастырылды
  • Ұлттық киім күні ұмыт қалмады
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі