• Біз туралы
  • Серіктестер
  • Жарнама
Сейсенбі, 18 тамыз, 2026
  • Кіру
PostScript
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Пікір
No Result
View All Result
PostScript
No Result
View All Result
Home Денсаулық

МӘМС жүйесіне енгізілген жаңа өзгерістер — халық игілігі үшін

Биыл еліміздің денсаулық сақтау жүйесінде маңызды өзгерістер орын алып, Мемлекет басшысы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) туралы жаңа заңға қол қойды, - деп хабарлайды "PostScript.kz" ақпараттық агенттігі.

30.07.2025
in Денсаулық
0
494
SHARES
1.4k
VIEWS
Facebook-те бөлісуТелеграммен бөлісуВатсапқа жіберіңіз

Бұл құжат медициналық көмекті баршаға қолжетімді етуге, қаржыландыру жүйесін оңтайландыруға және әлеуметтік әділеттілікті арттыруға бағытталған. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.

— 2027 жылдан бастап елімізде денсаулық сақтау саласын сақтандыру моделіне кезең-кезеңімен көшіру көзделуде. Бұл жүйе медициналық қызметтердің сапасын арттырып, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қызметтердің басым бөлігі азаматтар, жұмыс берушілер мен мемлекет тарапынан төленетін жарналар есебінен қаржыландырылатын болады. 2026 жылдан бастап Бірыңғай медициналық көмек пакеті енгізіледі. Онкологиялық ауруларға арналған скринингтер мен әлеуметтік мәні бар дерттер бойынша кеңес пен тексеру, амбулаторлық диализ, созылмалы ауруларды бақылау, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, жоспарлы стационарлық көмек осы пакетке кіреді. Әлеуметтік әл-ауқаты төмен азаматтар үшін де нақты қолдау қарастырылған. Жергілікті атқарушы органдар сақтандыру жарналарын төлеу арқылы олардың медициналық көмектен тыс қалмауын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, ресми жұмыссыз ретінде тіркелгендер де сақтандыру жүйесіне енгізіледі. Сақтандыру мәртебесін сақтау мерзімі де ұзарды. Енді МӘМС жүйесіне тұрақты түрде жарна төлеген азаматтар төлемді уақытша тоқтатқан күннің өзінде алты ай бойы сақтандырылған мәртебесін сақтап қала алады. Өңірде медициналық көмекті қаржыландыру көлемі артты. Кеңес-диагностикалық қызметтер, стационарлық көмек пен жоғары технологиялы операцияларға қаржы бөлініп, қызмет көлемі ұлғайды. Жүйенің тұрақтылығын арттыру үшін жарналар есептелетін табыс көлемінің шегі ұлғайтылып отыр. Бұл әділеттілікті қамтамасыз етіп, қосымша қаржы түсімін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, заңсыз медициналық қызметтің жолын кесу үшін бақылау шаралары күшейтіледі. Бұл өзгерістер халықтың медициналық көмекке қолжетімділігін арттырып, сақтандыру жүйесінің тиімділігін көтеруге бағытталған,-деді Жақсылық Әбілқасымұлы.

Алдыңғы мақала

Еңбек нарығын дамыту және цифрландыру мәселелері талқыланды

Келесі мақала

Төтенше жағдайларға дайындық және жұмылдыру жұмыстары жүйелі жүргізілуде

Оқи отырыңыз

Жеке құрам қызметкерлеріне жедел кеңес өткізілді
Құқық

Жеке құрам қызметкерлеріне жедел кеңес өткізілді

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Қызылорда теміржол вокзалында ақпараттық-түсіндіру жумыстары жүргізілді
Қоғам

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Қызылорда теміржол вокзалында ақпараттық-түсіндіру жумыстары жүргізілді

23 тамыз – Құрылтай сайлауына белсенді қатысайық!
Саясат

23 тамыз – Құрылтай сайлауына белсенді қатысайық!

Құрылтай сайлауы: елдік мәселелерге бейжай қарамау маңызды!
Саясат

Құрылтай сайлауы: елдік мәселелерге бейжай қарамау маңызды!

Пікір қалдыру Отменить ответ

Сіздің email жарияланбайды. Толтыруға міндетті жолдар * ретінде белгіленген

No Result
View All Result

Басты жаңалықтар

Құрылтай сайлауы: елдік мәселелерге бейжай қарамау маңызды!

Абаттандыру және тазалық жұмыстары цифрлық бақылаумен күшейтілуде

Қазалыда «Ауыл аманаты» жобасы арқылы кәсіпкерлерге нақты қолдау көрсетілуде

Жаңа оқу жылында қоғамдық көлік жұмысы күшейтілді

Жастар күні. Гала концерт

Вирустық гепатит аурушаңдығы төмендеді

Өзекті жаңалықтар

Жеке құрам қызметкерлеріне жедел кеңес өткізілді
Құқық

Жеке құрам қызметкерлеріне жедел кеңес өткізілді

0

Кеңеске Қызылорда облысы Полиция департаменті Өзіндік қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Жапаров Серік Исақожаұлы және ҚАЖ...

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Қызылорда теміржол вокзалында ақпараттық-түсіндіру жумыстары жүргізілді

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Қызылорда теміржол вокзалында ақпараттық-түсіндіру жумыстары жүргізілді

23 тамыз – Құрылтай сайлауына белсенді қатысайық!

23 тамыз – Құрылтай сайлауына белсенді қатысайық!

Құрылтай сайлауы: елдік мәселелерге бейжай қарамау маңызды!

Құрылтай сайлауы: елдік мәселелерге бейжай қарамау маңызды!

Абаттандыру және тазалық жұмыстары цифрлық бақылаумен күшейтілуде

Абаттандыру және тазалық жұмыстары цифрлық бақылаумен күшейтілуде

PostScript

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
Ақпарат комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы
КУӘЛІК № KZ17VPY00103707

Соңғы жаңалықтар
  • Жеке құрам қызметкерлеріне жедел кеңес өткізілді
  • «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Қызылорда теміржол вокзалында ақпараттық-түсіндіру жумыстары жүргізілді
  • 23 тамыз – Құрылтай сайлауына белсенді қатысайық!
  • Құрылтай сайлауы: елдік мәселелерге бейжай қарамау маңызды!
  • Абаттандыру және тазалық жұмыстары цифрлық бақылаумен күшейтілуде
Айдарлар

Бізге хат жолдаңыз

© 2024 PostScript — Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар қорғалған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі аккаунтқа өтіңіз

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру

Add New Playlist

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Бизнес
  • Мәдениет
  • Саясат
  • Пікір

© 2024 PostScript - Ақпараттық агенттігі